Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

10. Л/т. «Заңғар» әмбебап дүкені

Г/т. Қалау рай

Негізгі деңгей

Киім.

Әмбебап дүкенінде.

Алматының Абылай хан даңғылында «Заңғар» әмбебап дүкені бар. Ол қаланың орталығында орналасқан. Мұнда барлық нәрсе сатылады.

Дүкен үш қабаттан тұрады. Іші өте кең. Әмбебап дүкенінде сырт киім, бас киім, аяқ киім, балалар ойыншықтары бөлімдері бар. Мен әмбебап дүкенінің сырт киімдер бөліміне бардым. Мен өзіме тон алғым келді. Мен сырт киімдер бөліміне келдім.

- Сәлеметсіз бе!

- Менің тон алғым келеді. Онша қымбат емес, жағалы және жылы болса деймін.

- Менімен бірге жүріңіз. Бізге жақында ғана жаңа түсімдер келді. Сіз өзіңізге ұнағанын таңдай аласыз. Бізде тондардың түрі өте көп.

- Тонның ұзын болғанын қалайсыз ба?

- Жоқ, мен өзіме қысқасын алғым келеді.

- Қалауыңыз болсын. Міне біздегі қысқа тондардың түрлері. Киіп көріңіз.

- Маған мынау ақ тон ұнап тұр. Бағасы қанша?

- Он алты мың теңге.

- Мен осы тонды сатып аламын.

- Кассаға жүріңіз.

- Ұмытып барады екем, мен анама жаңа жылға сыйлық ретінде шәлі алғым келеді, маған таңдауға көмектесіп жіберіңізші!

- Әрине, көмектесемін.

Сөздік

Даңғыл – проспект

әмбебап – универсальный

орталығында – в центре

дүкен – магазин

үш қабаттан – из трех этажей

сырт киім – верхняя одежда

бас киім – головной убор

аяқ киім – обувь

ойыншықтар – игрушки

бөлім – отдел

тон – шуба

қымбат емес – недорогой

жағалы – с воротом из меха

жылы – теплый

жаңа түсімдер – новое поступление

қысқа тон – короткая шуба

бағасы қанша – сколько стоит

сыйлық – подарок

сатып аламын – куплю

36-тапсырма. Мәтінге қатысты дұрыс жауаптарын айтыңыз.

Сұрақтар: - Балалар, мен орталық базарға келдім. Шын ба?

Балалардың дұрыс жауаптары.

- Мен өзіме көйлек алдым. Шын ба?

Балалардың дұрыс жауабы.

- Мен балалар ойыншықтарының бөліміне келдім. Шын ба?

Балалардың дұрыс жауабы.

37-тапсырма. Мәтінді екі студент сұхбат түрінде оқыңыздар. Интонацияға мән беріңіздер.

38-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.

Қымбат емес, қысқа, тон, бағасы, шәлі.

39-тапсырма. Салыстырыңыздар. Тапқан жауаптарыңызға сөйлем құраңыздар.

Балалар, дүкендегі заттар қандай?

Жауаптары: сапалы, қымбат.

Базарда қандай?

Арзан, сапасыз.

Тон қандай киім?

Жауаптары: жылы, қысқы, теріден тігілген, қалың.

Белдемше қандай киім?

Жауаптары: қысқа, жылы емес, сәнді.

Орамал қандай киімге жатады?

Жауаптары: бас киім, әйелдердің бас киімі, әдемі, жұқа, қалың.

Байқаған болсаңыздар мәтін ішінде менің алғым келеді деген сөз тіркестері бірнеше рет кездесті. Сондықтан бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз «Қалау рай».

Есте сақтаңыз.

Қалау рай – қимыл, әрекетті іс иесінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін рай түрі. Мысалы: оқығым келеді, отырғым келеді, айтқым келеді, жазғым келеді.

42-жаттығу. Бір-біріңе сұрақ қою арқылы сұхбат құрыңыздар.

- Сенің не алғың келеді?

- Ал сіздің не алғыңыз келеді?

- Оның бағасы қанша?

- Ал шалбардың бағасы қанша?

- Сен үшін қымбат па?

- Сапасы қандай екен?

- Дүкеннен емес, базардан қарасақ қайтеді?

- Базарда арзан ба?

- Базардағы заттар сапасыз деп ойлайсыз ба?

43-жаттығу. Тақырыптар бойынша түрлі жағдаяттар құрастырып жазыңыздар.

Тақырыптары: «Жаңа жылға сыйлық», «Кешкі көйлек», «Спорттық киім», «Қысқы киім», «Сыйлықтар бөлімінде», «Досымның туған күні».

44-жаттығу. Төмендегі екі бағанға жазылған сөз тіркестерінен дәптерлеріңе сөйлем құрап жазыңыздар.

Көмектесіп жіберу

Сәнді киім

Соңғы үлгі

әшекей

бағалы теріден

Ұзындау

жасалған

асықпай

таңдау

қысқа

ақ түсті

45-жаттығу. «Ғғ», «Ққ», «Ңң», дыбыстарының айтылуына мән беріңіздер.

Алғым келеді, қысқа тон, әмбебап дүкені, аяқ киім, жағалы және жылы, ұнағанын таңда, қымбат емес, маған ұнайды,қалауыңыз болсын, киіп көріңіз, шәлі алғым келеді, таңдауға көмектесіп жіберіңізші, бағасы қанша.

46-жаттығу. Үйдегі отбасы мүшелерінен «Дүкенде», «Базарда», «Азық-түлік дүкенінде», «Балалар әлемінде» деген тақырыптарға сұхбат алып келіңіздер.

47-жаттығу. Мына киім атауларын қазақ тіліне аударыңыз.

Плащ –

Пальто –

Ушанка –

Кепка –

Перчатки –

Шарф –

Рубашка –

Свитер –

Блузка –

Туфли –

Сапоги –

Галстук –

48-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.

Киімнің сипаты

Киімдер

Киімдерді кию мезгілі

ақ

қоңыр

қара

Мына қоңыр қызыл жейдені жазда киемін

сарғыш

қысқа

күлгін

ұзын

қалың

жылы

жеңіл