Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

53. Соөж Базаршы жігіт пен ақылды қыз

Ертеде бір бидің жалғыз ұлы болыпты. Ақылдылығымен, әділдігімен ел аузына іліккен би ұлының болбыр өскеніне налиды екен. Бірде алыс сапар үстінде келе жатқан әке баласын сынамаққа «Қарағым, осы жолды қалай қысқартуға болады?» - дегенде, аң-таң қалған ұлы мандыртып жауап айта алмайды. «Ой жетесіз, әсерлі әңгіме айта білсең, жолдың қысқарғаны сол», - деп қатты күйінген би ойланып- толғанып бір шешімге келеді.

Бір күні ұлының алдына жүз саулық қой салып, базарға айдатады. Сапарға шығар алдында шартын айтады:

-Балам, мына малды базарда ретін тауып үш рет сатып, пұл етерсің. Бір рет сатсаң, сен маған ұл емессің, үйдің бетін көрме...

Әкенің қатал сынына ұшыраған бала малын базарға айдап келсе, сатып алушылар көп екен. Саулықтардың құнын сұраған халыққа:

-Әр басты үш реттен сатамын, - дейді иесі.

-Оу, бір қойды үш реттен сатқанды кімнен көріп едің? – деп таңданған жұрт теріс айналады.

Күн артынан күн өтеді. Малы өтпей, шаршаған базаршы жігіт малының жанында бүк түсіп, бүрісіп жата беріпті.

Жігітті аяп кеткен бір жас қыз одан:

-Неге сонша жабырқаусың, жігітім? – деп сұрайды.

Бала болған жағдайдың бәрін баяндайды. Мән-жайды түсінген қыз сонда былай депті:

-Қораңдағы малыңды үш рет сату үшін менің айтқанымды бұлжытпай орындауың керек. Алдымен анау қара орманнан ағаш қиып әкеліп, қора жаса, қойды сонда ұста. Уақыт өткенде, мезгіл жеткенде қораң қойға толады, малдың жүні өседі. Сонан кейін қиды бір рет сат, жүнді екі сат. Малдың өзін және сат. Бір басты үш рет сату деген осы.

Жігіт дереу іске кіріседі. Күндіз-түні ерінбей тер төгеді де, көп кешікпей қалтасын ақшаға толтырып үйіне қайтып оралады.

Ұлының олжалы оралғанына риза болған би оның мұндай ақылды кімнен үйренгенін анықтағысы келеді. Жігіт сырын жасырмай, шынын айтады.

Би іздеу салып жүріп ақылына көркі сай сұлу қызды ұлына әпереді. Содан кейін би баласы мен ақылды қыз өз алдына отау тігіп, дәулетті әрі бақытты ұзақ өмір кешіпті.

Сөздік

ақылдылық – благоразумие, разумность жүн - шерсть

аяу – беречь, жалеть қи - навоз

болбыр – вялый пұл - деньги

бүк түсу – лежать калачом саудаласу - торговаться

жабырқау – уныние, подавленность саулық қой - овцематка

274-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз. Осы үлгіде өзара сұхбат құрыңыз.

Серік: - Алма сен кеше компьютер сатып алғың келіп еді ғой?

- Қашан барасың?

Алма: - Иә, бейсенбі күні барамын. Мен алдымен жоспарлап, дүкендерден бағаларын салыстырамын. Ағам екеуміз Технодом, Сулпак дүкендеріне бардық. 170000 мыңға ноутбук көрдік.

Серік: - Қай фирманікі?

Алма: - Паносоник. Жады өте үлкен. Мүмкіндіктері көп.

Серік: - Кепілдемесі қанша мерзімге дейін?

Алма: - Бір жылға дейін, сонымен бірге олар сыйлыққа плейер береді.

Серік: - Өте тамаша екен.

Алма: - Мен оны сіңлім Айгерімге беремін.

54. Л/т. Банк тарихы

Г/т. Тұрлаулы мүшелер

Италия... Орта ғасыр... Базардың дағдылы шуы. Адамдар сатып алып жатыр, сатып жатыр, тауараларды мақтап, саудаласып, айтысып жатыр. Бірақ базарда бір тыныш орын бар. Ол айырбастаушылардың лавкасы. Ол үстелінде үйілген ақшасы және таразысы бар, маңғаз кейіпте отыр.

Айырбастаушыда қандай ақша жоқ дерсің! Тиындардың ескісі, жаңасы, жергіліктісі, шетелдікі, дөңгелегі, шаршылысы... сан түрі бар. Жай адамға мұндай ақшаны айыру өте қиын, сондықтан ол айырбастаушыға келеді. Ол ірі ақшаларды айырбастайды, біреуін біреуіне айырбастайды, алған заты үшін қанша төлеуге, қандай ақша төлеуге көмектеседі.

Батыс Еуропада айырбастушылар Х ғасырда, Шығыста және Грецияда одан ертерек пайда болған.

Айырбастаушылар қызметі біртіндеп кеңейе берді. Қалаларда айырбастаушылардың ақша сақтайтын арнайы құпия орындары, сандықтары, құпиялы құлыптары, қарауылдары болды. Сондықтан көптеген бай адамдар өздерінің ақшаларын айырбастаушыға сақтауға тапсыраған. Ақшаны (салымды) қабылдай отырып, айырбастаушылар ерекше кітапқа оның сомасын жазып отырған. Егер салымшы ақша алса, кітапқа жазылып отырған. Осылай есеп жүргізу пайда болған.

Саудагер ақша операциясына уақытын жоғалтқысы келмейді, кімге қанша төлеуді, кімнен қанша алуды жүргізуді айырбастаушыға тапсырған. Сол кезде нақты ақшасыз есептеуді жүргізу туралы керемет ой пайда болды. Егер бір саудагер басқа саудагерге ақша төлеу керек болса, айырбастаушыға бірінші саудагердің есептегі ақшасын төмендетіп, екіншісін көбейтті. Ақшаның өзі оның сандығында жылжымайтын болып қалды.

Айырбастаушы әрбірінің құпиясын білді: саудагер бай ма, кедейлену, күйреу қарсаңында ма, оған қанша қарыз, ол қанша қарыз.

Айырбастаушының сандығында көп ақша жиналды, олар қозғалыссыз жатты. Сол кезде кейбіреулеріне тағы бір керемет ой келді: ақшаның бір бөлігін қарызға беру, қарызға белгілі бір мерзімге бере отырып, оған төлем алу. Егер біреу жарты жылға 100 сольд алса, жарты жылдан соң 120 сольд қайтару керек. Барлық салымшылар ақшасын бәрі бірдей бір мезгілде талап етпейтінін айырбасшы білді, яғни ақшаны айналымға жіберуге болады. Сонымен айырбасшы қарыз бере отырып, есесіне өсімімен қайтарып алды. Ақша ақша әкеле бастады.

Біртіндеп айырбасшылар қазіргі банкирлерге айналды, ал олардың қарапайым банктері – ірі, қуатты банкке айналды.

275-тапсырма. Мәтіннің ақпараттық мазұнына арналған тест.

1. Оқиға қай жерде басталды?

А. Англияда

В. Францияда

С. Италияда

Д. Грецияда

2. Мәтін не туралы?

А. Базар туралы

В. Сауда туралы

С. Банктің пайда болу тарихы туралы

Д. Ақша және оны көбейту жолдары туралы

3. Айырбастаушының жұмысы қай жерде өткен?

А. Базарда

В. Құпия орындарда

С. Банкте

Д. Кеңседе

4. Айырбастаушының жұмыс үстелінде:

А. Ақша мен таразы бар

В. Ақша бар

С. Таразы бар

Д. Неше түрлі тиындар бар.

5. Базардағы тыныш орын:

А. Ақша айырбастау пункті

В. Саудагердің лавкасы

С. Сатушылардың орны

Д. Айырбастаушының лавкасы

6. Алғашқы кезде айырбастаушылар қандай қызмет түрін көрсетті:

А. Затты сатуға және сатып алу

В. Ірі ақшаларды айырбастау және сақтау

С. Қанша және қандай ақша төлеуді есептеу

Д. Аталғандардың барлығы

7. Алғашқы банк қызметкерлері Батыс Еуропада қашан пайда болды?

А. Х ғасырда

В. ХІ ғасырда

С. ІХ ғасырда

Д. ХІІ ғасырда

8. Қалаларда айырбастаушылар ақшаны қайда сақтады?

А. Арнайы құпия орындарда, сандықтарда

В. Сандықтарда

С. Банктерде

Д. Лавкада

9. Қабылданған ақшаны (салымдар) айырбастаушы қалай есептеген?

А. Ерекше кітапқа тіркеген

В. Оның сомасын кітапқа жазып отырған

С. А, В нұсқалары

Д. Санап, артық иә кем екенін көрсетіп берген

10. Есеп жүргізу қалай пайда болды?

А. Ерекше жазу кітабы пайда болғанда

В. Айырбастаушының қызметі пайда болғанда

С. Салымшы ақша бергенде

Д. Есептеу пайда болғанда

11. Айырбастаушы қандай ақша операцияларын жүзеге асырды?

А. Кімнен қанша төлеуді жүзеге асырды

В. Кімнен қанша алуды жүзеге асырды

С. Ақшаны төмендетті және көбейтті

Д. Аталғандардың барлығы

12. Айырбастаушының сандығындағы ақша біртіндеп қандай сипат алды?

А. Жылжымайтын

В. Жылжитын

С. Азаятын

Д. Көбейетін

13. Айырбастаушы саудагердің несін білді?

А. Құпиясын

В. Жұмбағын

С. Ақшасын

Д. Мекен-жайын

14. Қозғалыссыз жатқан ақша туралы айырбастушыға қандай ой келді?

А. Бір бөлігін қарызға беріп, оған төлем алу

В. Қарызға мерзімсіз уақытқа беріп, оны затқа айырбастау

С. Қарызға беріп, одан екі есе пайда көру

Д. Қарызға беріп, өзінің қарызын жабу

15. 100 сольдтың үстінен қанша пайыз өсім алды?

А. 10 пайыз

В. 30 пайыз

С. 20 пайыз

Д. 5 пайыз

16. Салымды қарызға беріп, өсімімімен қайтарып алу нәтижесінде не пайда болды?

А. Ақша айналымы

В. Ақша қоры

С. Ақша саясаты

Д. Ақша бірлігі

17. Қарыз беру не берді?

А. Несие

В. Өсім

С. Пайда

Д. Табыс

18. Ақша айналымындағы ақшаның қызметі:

А. Қарызды жабу

В. Айырбастау

С. Төлем құралы болу

Д. Ақша әкелу

19. Қазіргі замандағы «айырбасшылар»:

А. Банкирлер

В. Салықшылар

С. Мемлекеттік қызметкерлер

Д. Экономистер

20. Қазіргі айырбастаушының «лавкасы»:

А. Банк

В. Пошта

С. Айырбастау пункті

Д. Барлығы

21. Адамдардың алғашқы кезде айырбасшылардың көмегіне жүгінуіне не түрткі болды? Кем дегенде 3 себебін жазыңыз.

1. ___________________________________________________________

2. ___________________________________________________________

3. ___________________________________________________________