Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

58. Соөж Күш атасы – Қажымұқан

Әр халықтың жарық жұлдыздары бар. Олар елдің мақтанышы. Сондай адамның бірі халқымыздың батыр ұлы - Қажымұқан палуан.

Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысында туды. Ол жиын - тойларда, жәрмеңкелерде күресті. Ол дүниежүзілік спорт аренасында өнер көрсетті. Ол аренада алғаш рет, “Ямогата Муханура” деген атты алды. 1909 жылы Ригада дүние жүзілік чемпионатта бірінші орын алды. Қажымұқан Парижде, Лондонда, Варшавада, Берлинде, Будапеште т.б. қалаларда өнер көрсетті. Америкада, Таяу және Орта Шығыс елдерінде болды. Қажымұқан өз өмірінде 48 алтын және күміс медаль алды. Міне, біздің батыр атамыз осындай адам болды. (Қ. Әбдіқадыров)

290-тапсырма Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.

59. Л/т. Кино өнері туралы

Г/т. Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш

Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай- ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино өнері- өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай- ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім- тәрбие жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.

Кино өнері төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми- көпшілік кинематография. Көркем фильм жазушының өмір шындығын алып жазылған сценарийі бойынша актерлердің қатысуымен жасалатын шығарма. Деректі фильмге мәні зор оқиғаларды деректі түрде бейнелейтін фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып, фильм жасауды көздейді. Ғылыми- көпшілік кинематография - жаратылыс пен қоғам құбылыстарын ұғындыратын және ғылыми жаңалықтармен өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы.

Кино өнерінің даму жолы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңі- тұңғыш киноның шығу жылы мен 1914-1918 жылдар арасын қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ кинематография дүние жүзінің көп елдеріне тарады.

Кино өнерінің дамуының екінші кезеңі- 20- шы жылдар. Бұл дыбыссыз “ мылқау” киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезеңі.

Үшінші кезеңі 30- 40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде кинопленкаға дыбыс жазу техникасы меңгерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлердің шығармашылығына кең жол ашты. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнерінде жаңа кезең басталды. Түрлі - түсті фильм түсіру жүзеге асырылды.

Қазақ жерінде алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. 1929 жылы Қазақстанның өмір - тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. 1934 жылдардан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. “ Ленфильм” студиясы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен тұңғыш көркем “ Аманкелді” фильмін жасады. Қазақтың көркем фильмінің туу тарихы осы фильмнен басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында “ Ленфильм” киностудиясы, “ Мосфильм” киностудиясының Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100 - ден астам көркем фильм және 500 - ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.

291-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кино өнері қандай өнер?

2.Кино өнерінің қандай салалары бар?

3.Кино өнерінің дамуы неше кезеңге бөлінеді?

4.Қазақ жеріндегі алғашқы фильм туралы не айтасың?

292-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем ойлаңыздар.

Кино өнері, тұңғыш кино, дара өнер, өмір шындығы, шығармашылық дәстүрлері, творчество қызметкерлері.

293-тапсырма. Бір - біріңізбен пікір алысыңыздар.

  1. Сүйікті фильміңіз туралы әңгімелеңіз.

  2. Сүйікті актерлеріңіздің өнері туралы айтыңыз.

229-жаттығу. Зат есімнен болған анықтауыштардың ерекшелігін айтып талдаңыздар.

Енді үйдегілердің ойы ағып кеткен күміс самауырға ауды. Қол тиірменнің қай түйеге артылғанын Жұманның өзі ғана білетін еді. Бұл – басқа қазақтың төрінде тұратын, күмістеткен ер- тұрмандары мен камшат бөрік, түлкі тымақтарын араластыра ілетін мақтаныштары. (Ғ.М) Уықтың қарына шейін жағалай тұтылған ылғи су жаңа жібек кілем. Сауын биені ол араға апартып байлауға болмайды. (М.Ә.)

230-жаттығу. Пысықтауыштарды тауып, қай сөз табынан екенін айтыңыздар.

Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты. Бүгін де таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген. (М. Ә.) Дұрыс айтасыз, қырағылық дәл қәзір керек. Бірақ қырығылық жауды көруге ғана емес, досты көруге де керек. Әңгімемен екеуі бараққа жетті. Ескі жұмысшылардың көбі осында тұрады. Ермек пен Сейтқали да осында. Бұрын істеп пе едіңіз жер астында? Екеуінің сөзіне Мейрам жымиып күле берді. Үстінде орысша тіккен көнетоздау көк репс көйлегі бар, ашық жағасынан күн шалған ақ омырауы күреңітіп көрінеді. Сонда сіздің атыңызды сұрамаппын-ау! (Ғ. Мұст.)

231-жаттығу. Дара және күрделі пысықтауыштарды талдаңыздар.

Базаров түске қарады. (С. М.) Мезгіл күзге тақала Сыр бойының да хәлі қиындады. Мейрам қазір Ермекке ескі танысша, бауырына кіре, бүркеген сырларын аша сөйлеп отыр. Бәйтен жұмысқа қайта кірісті. Амалсыздан кірісті. Бұрын завод жұмысын «бай жұмысы» деп атайтын. Екі қыз тамашалауға тұрбаға жөнелді. Шойынқұлақтың кірпігі зорға қимылдайды. («Ер Төстік») Ардақ Жәнәбілдің қулығын жаңа сезді. Ту, Шайтан! Тіпті кейіп тұрып айтып еді. Ардақ кездесті алдынан. «МҚ» сынапша ағып келеді. (Ғ. Мұст.)

232-жаттығу. Мезгіл пысықтауыштарды тауып, қай сөз табынан екенін, тұрған орны мен тұлғасын айтыңыздар.

Дәмеш ауысымға түнгі сағат 12-де баратын болған соң, күндіз лекцияға дайындалады. Ертең мәдениет сарайында кешкі университетте «Адам мен Болат» деген тақырыпқа лекция оқиды. Ба, кеше осында маған екі шал келді. (З.Ш.) Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Кәмшат тез ұйықатамайды. Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті. (М. Ә.) Манадан бері біз үнсізбіз. Мен күндіз екі кітап алған едім. Біз жаңа соның себебін біліп келдік. (М.И.)

233-жаттығу. Толықтауыштарды тауып, астын сызыңдар да, қай септікте тұрғандығын көрсетіңіздер.

Кітапты Абай бұл шақта көзілдірікпен оқиды. Мен сіздің күдігіңізге күдіктендім. Абайдың аңғарын жақсы түйген Дәрмен бір байлауға бекініп те қойған екен. Бұл екеуінің таласына Көкбай даурыға күліп келе жатқан. Үстіңдегі қалың қара жібекпен тысталған пұшпақ ішігінің айналасына жалпақ құндыз ұстатқан. Шекер әр сөздің катесіз жазылуына көңіл бөледі. Бірақ бұл Тұраш үшін де, Нұрдәулет үшін де төтенше күн болады. Түрлі түсті бояу қарындашпен салынған суреттерді бала менің алдыма жайды. Таңертең,сағат тоғыздардың шамасында, аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері келіп, осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет-журналдармен, қалам-қарындаштармен, блокнот-дәптерлермен толтырып кетті.