Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

18. Соөж Сұхбат–мәтін: Бос уақытты қалай өткіземін

Сұхбаттарды оқыңыз:

  • Маржан, ертең демалыс қой, не істейсің? Уақытың болса, тауға шаңғы тебуге барайық.

  • Жарайды, барайық. Көптен бері (біраздан бері, біраз болды) тауға барған жоқпын.

  • Демалыс күндері біз курстастармен тауға жиі барамыз. Таза ауа, таза қар, аяз маған өте ұнайды.

  • Маған да ұнайды. Қашан, қайда кездесеміз?

  • Таңертең сағат 9-да автобекетте кездесейік, сосын билет алып, автобусқа отырамыз.

  • Марат, демалыс күнін қалай өткіздің?

  • Мен достарыммен бірге орталық саябаққа бардым. Адам көп екен. Жаңа аттракциондар ашылыпты.

  • Аттракциондарға отырдыңдар ма?

  • Әрине, кейбіреулері тез айналса, енді біреулері биік екен. Орталық алаңда көшпелі цирк өнер көрсетті.

  • Циркте қандай жануарлар бар екен? Қызық па?

  • Маймыл, мысық және әр түрлі жыландар болды. Қызық болғанда қандай! Маған керемет ұнады.

  • Саша, киноға барамыз ба?

  • Қандай фильмге және қайда?

  • «Сарыарқа» кинотеатрына жаңа фильмдер келіпті. Кеше жарнамадан білдім.

  • Олардың арасында комедиялар бар ма екен?

  • Иә, «21» деген жастар комедиясы қызық сияқты.

  • Онда барып көрейік, біраз көңіл көтеріп қайтамыз.

  • Жақсы, онда мен кешкі сеансқа билет алайын.

  • Мирас, ертең бос уақытың бола ма?

  • Өкінішке қарай, ертеңге жоспарым бар еді. Не үшін сұрадың?

  • Қаладағы кітап дүкендеріне бару керек еді, бірге барсақ па деп едім.

  • Мен, керісінше, ертеңгі бос уақытта М.Мағауиннің «Жармақ» кітабын оқиын деп едім.

  • О-о, бұл кітапты қайдан алдың? Бүкіл Қазақстанда 4-5 кітап қана бар деп естідім.

  • Иә, солай. Мен достарымнан көшірмесін алдым, 3 күнге.

  • Тамаша, кейін әсеріңді айтып бересің бе?

  • Міндетті түрде.

- Жақсы онда, кейін хабарласамыз.

- Жарайды.

19. Л/т. Көрме, театр, кинотеатр, мұражай.

Г/т. Есімдік, оның түрлері

Мұражай туралы

Мұражайлардың басты жұмысы - табиғат пен адам қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі - материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін, табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, оларды зерттеу және сақтау, жәдігерлерді (экспонаттарды) халыққа көрсету, насихаттау. Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін 3 мұражай болды. Қазір елімізде 50-ден астам мемлекеттік мұражай бар. Сол сияқты қоғамдық негізде жүздеген мұражай жұмыс істейді . Бұл мұражайлар өлкетану, тарихи–мемориалдық, этнографиялық мұражайлар болып бірнеше түрге бөлінеді. Еліміздегі Республикалық мемлекеттік мұражай 1929 жылы құрылған. Барлық облыс орталықтарында тарихи-өлкетану мұражайлары ұйымдастырылған. Бұл мұражай жәдігерлері қазақтың көне тарихынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан дерек береді, еліміздің тарихи даму жолын көрсетеді. Халқыңның тарихын біліп, еліңді танығың келсе, мұражайға бар.

78-тапсырма.

1. Мәтінді оқы.

2. Таныс емес сөздерді сөздіктен қара.

3.Сұрақтарға жауап жаз:

а) Мұражайлардың атқаратн қызметі не?

ә) Қазақстанда қандай мұражайлар жұмыс істейді?

б) Мұражай түрлерін ата.

в) Сен тұратын мекенде қандай мұражай бар?

г) Мұражай не үшін қажет?

4. Сен оқитын оқу орнында қандай мұражайлар бар? Ол мұражайлар туралы не білесің?

5. «Мұражайда» тақырыбында досыңмен сұхбаттас.