Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

1 . Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар.

1. –ла, -ле, -да, -де, -та, -те: таза – ла, шеге – ле, ақ – та, көк – те

2. –лан, -лен, -дан, -ден, -тан, - тен: еңбектен, тамақтан, ашулан

3. –лас, -лес, -дас,- дес, -тас, -тес: ақылдас, көмектес, жағалас

4. –лат, -лет, -дат, -дет, -тат, -тет: думандат, өлеңдет, шулат

5. –а, -е: сан, жаса, түне, қина, ойна

6. –ар, -ер, -р: ағар, көгер, суар, тазар

7. –ай, -ей, -й: азай, көбей, мұңай

8. –ық, -ік: жолық, кезік, бірік

9. –сы, -сі: адамсы, еркінсі

10. –сын, -сін: жерсін, жүрексін, көпсін

2. Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар

1. –ын, -ін, -н: жуын, киін, таран

2. –ыл, -іл, -л: қосыл, айтыл, кесіл

3. –дыр, -дір, -тыр, -тір: қалдыр, келтір, күлдір

4. –т: сөйлет, тарат, қарат

5. –қыз, -кіз, -ғыз, -гіз: айтқыз, бергіз, барғыз

6. –ыс, -іс, -с: сөйлес, ақтас, көшіріс

121-жаттығу. Дара, күрделі, негізгі, туынды , көмекші етістіктерді ажыратыңыздар.

Жарыс, көндір, түсір, қарат, мөлдіре, ескір, тарық, азсын, жуындыр, қойылды, менменсі, барып кел, оқы, көріп еді, көңілден, жағалас, шық, жүгірт, сөйлес, көзде, айта сал, оралды, байқа, шарла, жарыс, барды, анықта, алыспа, жаздыр, ұйықтап қалды.

122-жаттығу. Мақал-мәтелдердің ішіндегі етістіктерді тауып, талдаңыз.

1. Ақыл көпке жеткізеді, 6. Жүк ауырын нар көтереді,

Өнер көкке жеткізеді. Ел ауырын ер көтереді.

2. Бой жетпеген жерге – ой жетеді, 7. Ер қадірін ел біледі

Қыран жетпеген жерге қиял жетеді. Зер қадірін зергер біледі.

3. Биік төбеге шықсаң 8. Ақылсыз адам айқайлай келеді,

Көзің ашылады. Жан – жағын жайпай келеді.

Жақсымен сөйлессең Ақылды адам жай келеді

Көңілің ашылады. Жан – жағын байқай келеді.

4. Бірлігі жоқ ел тозады, 9. Биік төбеге шықсаң,

Бірлігі күшті ел озады. Көзің ашылады.

5. Тіл тас жарады, Жақсымен сөйлессең,

Тас жармаса бас жарады. Көңілің ашылады.

123-жаттығу. Мәтін ішінен етістіктерді тауып, қандай жұрнақ екенін ажыратыңыздар.

Үлкен жалпақ бетті болғанымен, өңі, жұқа, лезде қуарып, бетіне қан тепсініп шыға келеді. Өмірде оны қатты ойландыратын нәрсе әзір кездескен жоқ.Анау алыста бір шоғыр жалтырайды. Енді әйел жүзі тіпті жасарып, ажарланып кетіп еді. Құбақан ат бүгіліп, шұлғып тастап келеді.

Шалдың шын қысылғанын бала енді ғана ұқты. Қасқырдың осылайша күш алып бара жатқанын көрген Жандостың атасына жаны ашып кетті де, шалды үстінен аяғымен серпіп ауната берген қасқырдың төсіне қылпылдап тұрған үшкір кездікті сүріншек тұсынан сұғып жіберіп, кіндікке қарай тартып кеп жіберді. Әлсіреген қасқырдың аяқтары қимылын баяулатып барып, сіресе созылып жүре берді.

28. Соөж Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері

Атақты  батыр  ағамыз, қазақ табиғаты мен болмысын жетік білген жазушы Бауыржан Момышұлының шетелдік  журналистке  берген сұхбатында: «Қазақ халқының  саз өнерінде нота  болды ма?» деген сауалға тілге өте жүйрік, көңілі  көркем Баукең былай деп жауап берген екен: «Болды деп есептеймін. Мынаны  қараңыз: менің  бала кезімде өрмек тоқып отыратын немесе киізге түр салып отыратын әжем немесе анам үнемі ән салып отыратын, ал, әлгі жұмысын тоқтатса, ән де тоқтайтын. Осыған қарап, мен «олар әнді ою-өрнекке қарап салған» деп ойлаймын». Шындығында  да, қазақ бабамыз ән салуды да, ою-өрнекті де, қолөнерді де табиғаттан тікелей еншілеген  ғой. Ал, осылайша өмір сүруін пайымдаған кең даланың кең  пейілді  қазағының тыныс-тіршілігінде қолөнері  ерекше  орын алды және мал шаруашылығынан кейінгі өмірлік негізге, үлкен маңызға  ие болды. Себебі, белгілі ғалым- этнограф Х.Арғынбаевтың  тұжырымдағанындай,  «Қазақтың қолөнері жалпы  халық мәдениетінің ішіндегі негізгі  салаларының бірі» (Х. Арғынбаев. Қазақ  халқының  қолөнері. Ғылыми-зерттеу еңбегі. Алматы, «Өнер», 1987ж., 6-бет) болып еді. Иә, шындығында  да, табиғат  қазақы  қолөнерінің бірінші  үлгісі болды. Мұны  аңғару  қиын  да  емес. Айталық, көздің  жауын  алатын қазақы ою-өрнекке назар  аударалықшы. Оның  атауларының  өзі-ақ бұл сұраққа  толық  жауап бергендей, ал, оқып көрелік: «құс қанаты», «қазтабан», «ботамойын», «бұғы-мүйіз», «толқын», «төртгүл» және т.б.  Бұлардың ішіндегі «қолтықша» деп аталатын түрі  кәдімгі адам бейнесінің сыртқы тұтас көшірмесі ғой. Осы пікірімізге белгілі этнограф, қазақ  қолөнерінің туындылары мен атауларын тірнектеп  жинаған абзал  адам Садық Қасимановтың мына бір тұжырымын негіз етелік: «Ертедегі қазақ оюларын мазмұны  жағынан іріктесек, - деп жазды  ол, - негізінен 3 түрлі ұғымды  бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті  өмірде кездесетін әр түрлі заттардың  сыртқы бейнесін  береді»

(С.Қасиманов. Қазақ  халқының  қолөнері. Алматы, «Қазақстан», 1995 ж., 12-бет). Қазақы қолөнердің  негізі табиғаттың дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Талай  ғасырлар бойы іздене, үйрене жүріп, қолөнерін дамытқан қазақ айналасындағы тіршіліктің суреттерін өзіне үнемі үлгі  етті, себебі, адамның  өзі  де  табиғаттың бір  бөлшегі екендігі  белгілі.

Қолөнер түрлері:

  1.  

Ағаштан бұйымдар жасау.

Жүннен бұйымдар жасау.

Арқан-жіп есу.

Киіз басу.

Кілем тоқу.

Киізден бұйымдар жасау.

Кілем тоқу.

Теріден бұйымдар жасау.

Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.

10 

Металдан бұйымдар жасау.

11 

Зергерлік.

12 

Тастан, қыштан бұйымдар жасау.

13 

Ши тоқу.

14 

Ер-тұрман жасау.

15 

Кесте тігу.

16 

Киім тігу.

17 

Аяқ киім тігу.

18 

Сабын жасау.

19 

Бояу жасау.

 

Ағаштан жасалын бұйым түрлері:

  1.  

Киіз үй сүйегі.

Киіз үй жиһаздары.

Ыдыс-аяқтар.

Сазгерлік аспаптар.

Мал шаруашылығында қолданылатын құрал-жабдықтар.

Егіншілікке қолданылатын құрал-жабдықтар.

Аң аулауда қолданылатын құрал-жабдықтар.

Тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар.

Ойын жабдықтары.

10 

Бесік.

149- тапсырма. Мәтін бойынша мәнжазба дайындаңыздар.