Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

62.Соөж Менің сүйікті жазушыларым

Мен кітап оқығанды жақсы көремін, себебі кітап әлемі өте қызық. Көп оқыған көп біледі.

Мен тек қана қазақ жазушыларымен шектелмей, орыс, қырғыз жазушыларының да шығармаларын оқимын. Ол кітаптардың көбісі қазақ тіліне аударылған. Бірақ кейбір шығармаларды сол тілде оқыған қызығырақ. Мысалы, М.Горкий, А.Чехов, А.Пушкин сияқты орыс жазушылары өз шығармаларымен таңқалдырады. Оларды оқу жеңіл әрі түсінікті. Ал Ш.Айтматов сияқты қырғыз жазушысын кім білмейді? Ол өте дарынды және танымал. Ш.Айтматовтың: «Ақ кеме», «Қош бол, Гүлсары», «Алғашқы ұстаз» деген шығармаларын оқымаған адам жоқ. Бұл жазушылардың көптеген шығармалары театр сахнасында, кино әлемінде тамашаланған. өзге ұлт жазушыларының кітаптарын оқығанда, олардың мәдениетімен, дәстүрімен таныс боласың. Өзіңе жаңа, қызық әлем ашасың және көптеген сұрақтарға жауап табасың.

313-тапсырма.

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Өзіңіздің сүйікті жазушыңыз туралы айтыңыз.

СӨЖ түрлері

Өздік жұмыстарының тақырыптары бойынша бастауыш топ шағын шығарма, сөз көлемінде хат, эссе жазады. Орта топ осы тақырыптар бойынша баяндама, жоба жасайды, сұхбат құрады, тақырыпқа қатысты хабарлама жасайды, реферат дайындайды. Сондай – ақ орта топтағы студенттерге өздік жұмыс тақырыбы бойынша пікірталас, дөңгелек үстел, дебат өткізу, лексика – грамматикалық ойындар ұйымдастыру сияқты жұмыс түрлерін орындайды. Өздік жұмыстарды орындау барысында студенттер:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге;

  • тапсырмаларды орындауға;

  • проблемалық сұрақтарға жауап таба алуға;

  • жаңа сөздерді меңгеруге;

  • турек сөздерді таба алуға;

  • сұхбат құра алуға;

  • мазмұн бойынша ұқсас жағдаят жасауға;

  • лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығуларды орындауға;

  • өз ойымен әңгімелеп беруге, мазмұндауға;

  • сөзжұмбақ құруға т.б. дағдыларға үйрену шарт.

СӨЖ-на берілген тапсырмаларды орындауда студенттер:

  • топтық жұмыс

  • жекелік жұмыс

  • рөлдік ойын

  • сөздікпен жұмыс

  • ойын түрлерінде өз жұмыстарын тапсыра алады.

Өздік жұмысқа алынған мәтіндердің мағыналық құрымы анық, қызықты,

студенттің тілін дамытуға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Сондай – ақ мәтіндер қарым – қатынас жасау мақсатын өтей алатын, құрылымы диологты, монологты стиліне ыңғайлы болуы шарт.

СӨЖ-на арналған лексикалық тақырып үлгілері.

А1, А2

Мен қоршаған орта.

Адам және қоғам. Мен өзім. Мен және басқа адам. Адам және айналадағы дүние. Әлем төңірегіндегі әр елдің амандасу салты. Қоғамның ең басты құндылыға – адам. Адам өміріне не қажет?

Отбасы.

Отбасы тәрбиесі. Отбасы дәстүрлері мен мерекелері. Отбасы мәселелері. Отан – от басынан басталады. Досымның отбасы.

Біздің үй.

Үйдегі менің бөлмем. . Біздің аула. Біздің ықшамаудан. Менің жұмыс бөлмем. Мен тұратын көше тарихы Сен бұл кісілерді білесің бе?

Мінезі мен келбет.

Досымның келбеті және мінезі. Жолдастық қарым – қатынас. Досыңызбен бос уақытты қалай өткізесіз? Достық тақырыбына арналған мақал – мәтелдер.

Денсаулық – зор байлық.

Емдеу және сауықтыру орындары. Салауатты өмір салтының артықшылықтары. Емханада. Халықтық медицина салалары. Медициналық жаңалықтар.

Ас - адамның арқауы.

Асханада. Мейрамханада. Ұлттық тағамдар. Азық-түлік дүкенінде. Базарда. Жеміс – жидектер, көкөністер. Дастарханың мол болсын. Қазақ халқы – қонақжай халық.

Киім.

Бүгінгі сән үлгісіне ілесе аласыз ба? Ұлттық киім үлгілері. Киім дүкенінде. Сәнді киіне білесіз бе? Сән үлгісіндегі соңғы ағымдар. Қонымды киім бойға көрік. Отандық сән өнеркәсіптері. Тігін, тоқыма өнркәсібі. Алматы мақта – мата комбинаты. «Сымбат» сән академиясы.

Қоғамдық көліктер.

Қазіргі заман көліктері. Көлікпен сапар шегу. Ұшқыш болғым келеді. Қоғамдық көлікте. Қоғамдық көлікте жүріп тұру мәдениеті. Жол қауіпсіздігін сақтау.

Менің жұмысым.

Менің жұмыс орным. Менің жұмыс бөлмем. Менің әріптестерім. Менің ұжымым. Жұмыссыздық деген не? Жеке меншік жұмыс орындары. Қазақстан кәсіпкерлері.

Бос уақыт және қызығушылық.

Біз қалай демаламыз? Спорт, ойын, саяхат. Ойын – сауық отаулары. Мәдени демалыс саябақтары. Кездесулер мен кештер. Тіл үйірмелері. Өнер үйірмелері.

Адам және табиғат егіз.

Адамның табиғаттағы орны. Қазақстан экологиясы. Қазақстанның географиясы. Жануарлар әлемі. Қазақстанның қорықтары. Табиғат байлықтары. Көлдің көркі құрақ, таудың көркі бұлақ.

Саяхат.

Саяхатшылар орталығы. Саяхатқа қалай шығасыз? Қазақстанның атақты көлдері. Бурабай – Қазақстан Швецариясы. Алматының демалыс орындары. Медеу мұз айдында. Шымбұлақ – таушаңғы курорты. Көктөбеде. Қапшағай көлі.

Қазақ елі.

Қазақ атауының шығу тарихы. Қазақтың алғашқы хандары, билері мен батырлары. Абылай хан – қазақтардың басын қосушы тұлға. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. Қазақ халқының төл мерекелері. Наурыз мерекесі. «Жеті жарғы» дала конституциясы. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің шешендік сөздері. Ұрпағы үшін өмір сүрген халық.

Қазақстанның көрікті жерлері.

Қазақстанның қорықтары. Қызылқұм. Оқжетпес. Жұмбақтас. Киелі Түркістан жері. Қаланың әсем ғимараттары.

Тәуелсіз-Қазақстан.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанның ата заңы. Қазақстанның экономикасы. Ел ағасы, тон жағасыз болмайды. Елбасымыздың «Қазақстан -2030» стратегиясы. Ел рәміздеріндегі жаңаша бағыттар. Әнұранымыздың шығу тарихы. Ұлттық теңге – мақтанышымыз.

Қазақтың өнері мен мәдениеті.

Халықтық қолөнер. Қолөнер түрлері. Қазақ салт – дәстүрлері. Бейнелеу өнері. Қазақ халқының ән, күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстанның театр өнері. Қазақстандағы кино өнері. Қазақ әдебиетінің алыптары.

В1.

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор.

Тіл – жалпы адамзаттық құндылық. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің стильдік тармақтары. Ресми іс қағаздар стилі. Өнер алды – қызыл тіл. Тіл құдіретіне байланысты өлең – жырлар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негезін қалаушы ғалым. Тілдік норма. Әдеп әліппесі. Сөз әдебі. Тілдің әлеуметтік сипаты.

Менің мамандығым.

Менің замандастарым. Білікті маман – қоғам сұранысы. Қабілет және мүмкіндік. Бүгінгі маман келбеті. Өз ісінің маманы. Мамандық пен мінез. Мамандық тарихы. Мамандығым мақтанышым. Маман полиглот. Қазіргі кездегі сұранысы мол мамандықтар.

Қоғам және жастар.

Қазіргі заман жастары және саясат. Бүгінгі күн жастарының мәселелері. Ұлттық рухы жоғары адам. Еліміздің ұлтжанды жастары. Жастар біздің болашағымыз. Асыл тастан, өенр жастан шығады. Дарындылық пен бейімділік.

Адамдармен қарым –қатынас.

Әдептілік – мәдениет шыңы. Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Сөйлеу этикетінің нормалары мен ерекшеліктері. Ұлттық тәлім – тәрбие. Студент жатақханасы. Сөз байлығы. Тіл тазалығы. Амандасу, қоштасу, көңіл айту, бата беру салттары.

В2.

Қазақстан - әлемдік кеңістікте.

Қазақстан Азия барысы. Қазақстан жаһандану үрдісінде. Егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшінші мыңжылдықтың басында. Алтайдан Атырауға дейін. Елімның ертеңі мен болашағы. Ел межесі елулікке ену. Ұлттық ұлы ұмтылыс.

Қазақстанның білім беру жүйесі.

Білім ордалары. Шет елдерде оқу. Білім қазына. Білімнің адам өміріндегі рөлі. Білім де бәсекеге түседі. Білім беру жүйесіндегі реформалар. Алтын ұя – мектебім. Білім өмірлік қару. Біздің университет.

Адам және заң.

«Жеті жарғы» дала конституциясы. Адам және адамзат құқығы. Отбасылық құқық. Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар. Әкімшілік жауапкершілік. Конституциялық құқық. Еңбек ету бостандығы құқығы.

Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық.

Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар. Отандық шекара ісі. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Бүгінгі Қазақстан. Қазақстандағы елшіліктер. Бүгінгі Қазақстанның халықаралық қарым – қатынасы.

Ғылым мен техника.

Ғылым мен техниканың даму тарихы. Ғылымның қоғамдағы орны, рөлі. Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар. Бүгінгі ғылыми жаңалықтар. Ғалым – маман. Ғылымның қиын жолы. Технопарктер.

С1

Мамандық әлемі деңгейінде әрбір оқытушы білім алушылардың мамандық ерекшеліктеріне қарай тақырыптарды өз беттерінше түрлендіре алады.

Нұсқа - үлгі