Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать
  1. Соөж Халықтық медицина салалары. Тән сұлулығы - жан сұлулығы Сұлу болудың да сыры бар

Жасөспірім қыздар, бойжеткендер сырт келбеті, дене пішіміне сай пайдалы кеңес беруді өтінген хаттар редакцияға жиі келеді. Әрине, қазір кім қандай мәлімет алам десе де ақпарат көздері жеткілікті. Дейтұғынмен, оқырман хаттарына қарап, “газетте әбден сұрыпталған, ел ішіне кең таралған емдік тәсілдерді екшеп береді” деп үміт артатынын байқауға болады. Сондықтан сізді де мазалаған жайттарға жауап табылар деген оймен солардың бір – екеуіне кезек беруді жөн санадық.

Бір құрбым “ажарымды сақтаймын, жас көрінемін” деп күн сайын бетін мұзбен сүртеді. Бұл зиян емес пе?

Аса зияндылығы жоқ. Бірақ күн сайын емес, бетке әжім түспей, қызылшырайланып тұруы үшін бұл әдісті ара–тұра қолданған дұрыс. Жылы, салқын сумен алма–кезек жуынған да пайдалы. Жалпы бет, дене терісі үшін шайынғаннан кейін салқындау су астында бір сергіп алсаңыз, саулығыңызды жоғалтпайсыз. Ал, “жаны саудың–тәні сау болатыны” қашаннан белгілі жайт.

52-тапсырма. Төмендегі жағдаяттарда әңгімелесейік.

1. Сіз сұлулық салонында болдыңыз ба? Көршіңізбен әңгімелесіңіз?

2.Қазіргі медицина саласындағы соңғы ақпараттармен таныссыз ба? Қысқаша эссе жазыңыз.

3. Күнделікті өміріңізде халықтық емдік шипалы шөптерді жиі пайдаланасыз ба?

4. Өзіңізге ұнайтын бет күтіміне пайдаланатын рецептіні дәптеріңізге жазыңыз, баяндаңыз.

53-тапсырма. Мәтінді әңгімелеуге жоспар жасаңыз.

14. Л/т. Қоғамдық көліктер. Вокзалда. Әуежайда

Г/т: Үстеу (Наречие)

Ұшақпен саяхат жасау

Дарья Смирнова Алматыға бірінші рет мектепте оқып жүргенде келіпті. Туристік агенттіктен жолдама алып, Алматыға сапар шекті. Бұл оның үлкен қалаға бірінші келуі екен. Алматыға баруды кішкентай кезінен армандаған. Енді міне, арманы орындалды.

Дарья Қызылжардан Астанаға келіп, Алматыға бару, қайту билеттерін орталық әуежай кассасынан алдын ала алуы керек болатын. Таксиге отырып, әуежайға келіпті. Анықтама бюросынан сұрапты:

  • Кешіріңіз, Алматыға қандай ұшақ ұшады? Қашан және қанша сағат ұшады? Ұшақ жолда қона ма? Алматыда қай уақытта боламыз?

  • Анықтама бюросының қызметкері барлық сұрақтарына жауап берді. Содан кейін Дарья кассаға барып билет сатып алды. Алматыға екі рейс бар екен.

Біреуі дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері кешкі сағат жетіге он минут қалғанда, ал екіншісі дүйсенбі күндері кешкі сағат тоғыз жарымда ұшады екен. Біріншісі Алматыда түнгі сағат он бірде, ал екіншісі түнгі сағат бірге жиырма минут қалғанда қонады екен. Дарья жексенбіге 4480-ші рейске бару билетін және екі аптадан кейінгі сол күнге 4479-шы рейске қайту билетін сатып алды.

Ұшатын күні әуежайға екі сағат бұрын келіп, жол жүгін өлшетіп, тіркеуден өтті. Біраз уақыттан кейін ұшаққа отырғызу басталды. Ұшақта өз орнына орналасты.

Стюардесса “Белдіктеріңізді ілгектеңіздер, темекі тартуға болмайды, ұшақ 10000 метр биіктікте, сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен ұшады”, деп хабарлады.

Бір сағаттан кейін ұшақ қонуға бет алды. Стюардесса Алматыдағы ауа райы туралы, жолаушылар заттарын жол жүгі бөлімінен алатынын хабарлады.

Саяхат жетекшісі Дарьяны және басқа туристерді Алматы әуежайында қарсы алды. Сонан соң оларды автобусқа мінгізіп, жиырма бес қабатты “Қазақстан” қонақ үйіне апарып орналастырды.

Қайтарда, екі аптадан кейін, Дарья ұшақпен сапар шекті, өйткені қайту билетін алдын ала Қызылжардан алып қойған.

Сөздік минимум:

ұшақ – самолет ілгектеу - пристегивать

саяхат жасау - совешить поездку биіктік - высота

армандау - мечтать жылдамдық - скорость

тіркеу - регистрация хабарлау - объявлять

отырғызу - посадка бет алу - направляться

белдік - ремень жол жүгі бөлімі - багажное отделение

саяхат жетекшісі – гид қайтарда – на обратном пути

54-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Дарья Смирнова қай жерде тұрады? Ол кішкентай кезінен нені армандады? Арманы орындалды ма? Алматыға рейс болды ма? Ол орталық әуежай кассасынан не сатып алды? Ұшақ қай күндері, қай уақытта ұшады? Қай кезде қонады? Дарья билетті қай күнге, қай рейске сатып алды? Стюардесса нені хабарлады? Алматыға қай жерге орналасты? Дарьяны кім қарсы алды? Қызылжарға қашан қайтты?

55-тапсырма. Әуежайдағы хабарламаны тыңдап, орыс тіліне аударып жазыңыз.

Үстеу (Наречие)

Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі сынын, мезгілін, мекенін, мөлшерін, күй-жайын білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Сұрақтары: қалай? қашан? қайдан? қайтіп? не мақсатпен?

Грамматикалық материалға қысқаша сипаттама: