Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

6.Соөж Досымның келбеті және мінезі

Нұрлан отырған бөлмеге Санжар бір жігітпен келіп:

- Нұрлан, танысып кой, бұл жігіт менің досым, аты - Әсет, фамилиясы Асқаров, банк кызметкері, - деді.

  • Менің атым - Нұрлан, фамилиям – Мұқтаров, әкем аты – Асан, мамандығым – экономист. Танысқаныма қуаныштым.

  • Санжар, Әсептен таныстырғаныңа рахмет, банк қызметкерімен таныс болған жаман емес, қалжың ғой. Сенің нашар адаммен дос болмайтыныңа сенімдімін, сондықтан Әсептен мен де келешкте дос болуым мүмкін деп санаймын.

  • «Дүниеде адам мен адамның танысып, түсініскенінен артық байлық жоқ» - деп, Сент-Экзюпери айтқандай, Нұрланмен түсінісіп, кейін достасып кетемін деп ойлаймын. Сенімді досың көп болғаны үлкен байлық қой, мен достықты қадірлей білемін, - деді Әсет.

  • Сеніміңізге рахмет, мен де, Санжар да достықты жоғары бағалай білеміз, оны келешек көрсетер.

  • Мен Санжардың досын қуанышпен қабылдаймын, - деді Нұрлан.

Сөздік минимум

Танысу, түсінісу, апаратын, оқиды екенбіз, танысайық, келдім, жинала қалыпты ғой, ұмытпаңыздар, танысқымыз келеді, үндемей тұрсыз, сөз тимей жатыр, қоңырау соғылып қалды, жалғастырамыз.

Сөздік жұмысы

  1. Жаңа сөздерді сөздікке жазыңыз.

  2. Жаңа сөздерді дұрыс айтып, жаттығыңыз.

29-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Танысуға сіз қалай қарайсыз, ұнатасыз ба, ұнатпайсыз ба?

  2. Сіз өзіңіздің достарыңызбен қалай танысқаныңызды әңгімелеңіз.

  3. Кіммен танысқанды ұнатасыз?

  4. Қыздармен таныстыңыз ба, қалай таныстыңыз?

  5. Жігіттермен таныстыңыз ба, қалай таныстыңыз?

  6. Ата-анаңыздың таныстырғанын ұнатасыз ба?

  7. Кездейсоқ таныстыққа қалай қарайсыз?

  8. Осы сейсенбіде кіммен таныстыңыз?

  9. Сәрсенбіде кіммен танысатын болдыңыз?

  10. Бейсенбіде сізді кіммен таныстыратын болды?

  11. Жексенбіде танысуға сізді кім шақырды?

  12. Жұмада танысқан адамыңыз кім?

  13. Сенбіде кіммен танысуға келістіңіз?

30-тапсырма. Орыс, ағылшын тілдеріне аударыңыз

Рамазан орта бойлы, кең иықты, көзі тостағандай, аққұба, әдемі жігіт болатын. Кісіге жаманшылық ойламайтын, жүрегі таза, досым деген кісіге жанын беретін. Рамазан асықпай, биязы сөйлейтін. Бетіне қарап қаттырақ сөйлеген адамға тура қарай алмай, жас бала сияқты екі беті қып-қызыл болып ұялатын. Қыздардың арасында ол өтімді болды.

Рамазанның жасы бәрімізден үлкен болды. Біз оны қатты сыйладық. Ақкөңіл, абзал, азамат әрқашан достарына ақылын айтатын. Ол достары үшін аяулы аға сияқты болған.

(К.Кенжетаев)

Сөйлесім үлгілері:

Мәнерлеп, рөлге бөліп оқыңыздар.

Алмас: - Хал қалай, Жандос! Үй-іші аман ба?

Жандос: - Иә, аман ба, Алмас! Жағдай жаман емес, бала-шаға аман.

А. – Мен сені көп уақыт болды, көрмедім. Қандай жаңалықтар бар?

Ж. – Ең үлкен жаңалық сол – бізге жаңа бастық келді.

А. – О, ол кім? Мен оны білемін бе? Қай жерден келіпті?

Ж. – Меніңше, ол кісіні сен танымайсың. Ол басқа басқармадан, Атыраудан келіпті. Мүмкін білесің, себебі сен де Атыраудансың ғой.

А. – Ал оның сыртқы келбеті қандай? Сен оны суреттеші! Ол кісі жас па? Аты кім, бойы қандай?

Ж. – Жаңа бастығымыздың аты – Кәрім, жасы шамамен 40-42-де. Бойы биік емес, орта бойлы. Беті жалпақ, маңдайында кішкене тыртығы бар. Мұрны қыр мұрын емес, құс мұрын. Шашы қара толқынды.

А. – Ал тістері қандай? Менің бір әріптесімнің тісі алтын болған.

Ж. – Меніңше, оның алдыңғы үш тісі алтын тіс, жалпы, тістері ірі.

А. – Маған енді түсінікті. Сенің жаңа бастығың – менің бұрыңғы әріптесім. Мен онымен бірге институттан соң бес жыл жұмыс істедім. Жандос, мен Кәріммен сәлемдесу үшін сенің жұмысыңа келемін. Ертең сен мені күт, келістік пе?

Ж. – Келістік, Алмас. Сен маған түсте кел. Телефон соқ, мен сені күтемін. Ал сен туралы мен оған ештеңе айтпаймын. Көріскенше, сау бол! Үй-ішіңе сәлем айт!

А. – Рахмет. Сен де отбасыңа менен сәлем айт!