Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Үстеудің мағынасына қарай түрі

Түрі

Сұрағы

Мысалдар

  1. Мезгіл үстеуі

(наречия времени)

Қашан? қашаннан?

Бүгін, былтыр, биыл, ертең, кешке, қазір

Мезгіл үстеуі - іс-әрекеттің қашан жүзеге асқандығын білдіреді. Мысалы бүгін - сегодня, былтыр - в прошлом году, ертең - завтра, таңертең - утром, кеше - вчера, кешке - вечером, бірсүгүні - после завтра, жаздыгүні - летом, қыстүгүні - зимой, күздігүні - осенью, күн сайын - ежедневно, ұзақ - долго, қазір - сейчас, бұрын - раньше, анда-санда – иногда. Мұса орта мектепті биыл бітірді. Асан анда-санда бізге келіп тұрады.

36-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, мезгіл үстеулердің астын сызыңыз.

Ертең кешке қарай біздің ауылда бастаңғы болады. Кеш түсе бір үйге жиналады да ойын бастайды. Ауылымыздың бір қызын көрші ауылға ұзатып жатырмыз. Былтырғы жазда тепкен алтыбақан әлі есімнен кетер емес. Жеңгем ішке кіріп кетті де, біраздан соң маған тойға тағып барар ақ моншағымды әкеліп берді. Тойға барсақ, әлдеқашан ақындар айтысы басталып кетіпті. Жоғары-төмен шайқалған алтыбақанда қыз бен жігіт ұзақ бір-біріне ыстық қарайды. Қазіргі уақытта, өкінішке орай, қазақ елінің бұл ұлттық ойындарына аса көңіл бөлінбейді. Ол оны бірталай күтіп тұрды да, шыдамаған соң, атының басын ойын жүріп жатқан алаңға бұрып, асығыс жүріп кетті.

37-жаттығу. Өзіңіздің сүйікті тағамыңыздың дайындалу жолын жазып келіңіз.

9.Соөж Базарда

Бүгін жексенбі күні. Әлішер үйге көкөніс, жеміс-жидек алу үшін базарды аралап жүр. Базардың іші ығы-жығы халық. Сөрелерде жемістерден алқызыл алма, сап-сары алмұрт, шабдалы, өрік, қара өрік, жидектерден құлпынай, таңқурай, шие, қызыл шие, қарақат, тошала үйіліп жатыр. Енді бір сөрелерде көкөністен картоп, капуста, сәбіз, пияз, сарымсақ, қияр, қызылша, қызанақ, көк бұршақ, бұрыш, шалғам жатыр. Базардың іші мен сыртында қауын, қарбыз, асқабақтан аяқ алып жүре алмайсың.

Әлішер: Сәлеметсіз бе! Көкөніс, жеміс-жидек сатасыз ба?

1-сатушы: Сатамын. Келіңіз алыңыз.

Әлішер: Картоптың, пияздың, сәбіздің бағасы қанша?

1-сатушы: Картоп – 80 теңге, сәбіз -70 теңге, пияз - 60 теңге.

Әлішер: Қымбат екен. Арзандау бермейсіз бе?

1-сатушы: Көбірек алсаңыз, бағасын түсіремін.

2-сатушы: Жоқ, бары - осы.

Әлішер: Сіздікі ше?

3-сатушы: Таңдап алыңыз. Ұсақтары арзандау, ірілері қымбаттау.

Әлішер: Онда маған 3килограмм картоп, 1килограмм сәбіз және 2килограмм пияз беріңіз.

3-сатушы: Жеміс-жидектен не аласыз?

Әлішер: Алмадан, алмұрттан, шабдалыдан 1 килограмнан алайын. Өріктен - 2килограмм, шиеден- 2килограмм, таңқурайдан және құлпынайдан 1килограмнан беріңіз. Қанша ақша төлеймін?

3-сатушы: Бәрін қосып есептесек 1210 теңге болады.

Сөздік

Аралау - бродить

Ығы-жығы - суета

Алқызыл - ярко-красный

Үйілу - лежать кучей

Аяқ алып жүре алмайсың - некуда ногу поставить

Бағасын түсіру - уступить

Азамат - гаржданин

Ұсақ - мелкий

Ірі - крупный

Бәрін қосып есептеу - посчитать все вместе

38-жаттығу. Асты сызылған сөздерге арнаулы сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Адамдар базарға көкөніс, жеміс-жидек алу үшін барады.

-Адамдар көкөніс, жеміс-жидек алу үшін қайда барады?

1.Адамдар базарға көкөніс, жеміс-жидек алу үшін барады. 2.Жексенбі күні базарда адам көп болады. 3.Базардың іші ығы-жығы халық. 4.Сөрелерде көкөніс, жеміс-жидек үйіліп жатыр. 5.Базардың іші мен сыртында қауын, қарбыз, асқабақтан аяқ алып жүре алмайсын. 6.Көкөністің бағасы әртүрлі. 7.Ірілері қымбат, ұсақтары арзан. 8.Құлпынайдан маған 5 килограмм керек. 9.Асқабақтың бағсы арзан. 10.Менің қарбыз алғым келеді. 11.Сатып алушылар сатушылармен саудаласып тұр. 12.Сатып алушы картоптың бағасын сұрап жатыр. 13.Бәріміз бірге базарды аралып жүрміз.

39-жаттығу. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

Үлгі: Ертең біз базарға көкөніс,жеміс-жидекке барамыз. Ертен біз базарға көкөніс, жеміс-жидекке барамыз ба?

1.Ертең біз базарға көкөніс, жеміс-жидекке барамыз.2.Жексенбі күні базарда адам көп болады.3.Базардың ішінде сатып алушылар арзан бағалы көкөністерді іздеп жүр.4.Сәкен жеміс-жидектерді таңдап жүр.5.Мен жидек сатып аламын.6.Сатушы сәбіздің бағасын түсіреді.7. Мен қымбат алма алмаймын. 8.Сатып алушылар сатушылармен саудаласып тұр.9.Асқабақтың бағасын арзандатады.10.Жеңіс қарбыздың бағасын сұрап жатыр.11.Бәріміз бірге базарды аралап жүрміз.12.Жеміс-жидектің бағасы қымбаттады.13.Мен әр жексенбіде базарға жеміс-жидек, көөкөніс алу үшін барамын.

40-жаттығу. Мына сөздерді пайдаланып,сөйлемдер құраңыз.

Капуста.., шие..., картоп...,

Қарақат..., алмұрт..., қарбыз...,

қызанақ..., алма..., көк бұршақ...

Маған Шабдалы..., сәбіз..., өрік..., қияр..., өлшеп беріңізші

Тошала..., сарымсақ....,құлпынай..,

Бұрыш..., қауын.., таңқурай...,

Шалғам..., қара өрік..., қызылша...,

Асқабақ...., пияз.., қызыл шие...

Капуста, шие, картоп,

Қарақат, алмұрт, қарбыз,

Көкөніс... Қызанақ,алма,көк бұршақ,

Жеміс.... Шабдалы,сәбіз,өрік,қияр, алғым келеді

Жидек.. Тошала,сарымсақ,құлпынай,

Бұрыш,қауын,таңқурай,

Шалғам,қара өрік,асқабақ,

Пияз,қызылша,қызыл шие...

Капуста...,шие..,картоп...,

Қарақат...,алмұрт..,қарбыз...,

Қызанық...,алма...,көк бұршақ...,

Шабдалы...,сәбіз...,өрік...,қияр...,

Тошала...,қызылша...,сарымсақ..., қанша төлеуім керек?

Бұрыш...,қауын...,таңқурай..,

Шалғам...,қара өрік...,асқабақ..,

Пияз...,құлпынай...,қызыл шие...,

Капуста...,шие...,картоп..,

Қарақат..,алмұрт...,қарбыз..,

Қызанақ...,алма...,көк бұршақ..,

Шабдалы...,сәбіз...,өрік...,қияр.., бағасы..

Тошала..,сарымсақ..., құлпынай..,

Бұрыш...,қауын.., таңқурай...,

Шалғам...,қара өрік..., асқабақ...,

Қызылша...,пияз...,қызыл шие...

41-жаттығу. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Адамдар базарға не алу үшін келеді?

Овощи, фрукты, ягоды, капуста, картофель, морковь, свекла,

Вишня, смородина, груша, крыжовник, арбуз,

помидор, огурец, яблоки, зеленый горошек, перец,

малина, персик, урюк, чеснок, клубника, тыква, дыня,

редис, чернослив, лук, черешня...

2.Сіз жидектерден нені жақсы көресіз?

Вишня, смородина, крыжовник, арбуз, малина, клубника,

черешня

3.Көкөністен не алмақсыз?

Капуста, картофель, морковь, свекла, помидор, огурец, зеленый горошек, перец, чеснок, тыква, редис, лук..

4.Сіздің жемістен не алғыңыз келеді?

Груша, яблоки, персик, урюк, дыня, чернослив...

5.Көкөністің,жемістің,

жидектің бағасы қанша?

Дорогая, высокая, низкая, дешевая, хорошая, приемлемая, 120тенге, 80тенге, 35тенге