Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

56. Л/т. Әлем тілдері мамандығы

Г/т. Бастауыш

Ағылшынша және қазақша сөйлесейік

Great Britain

  1. The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland consists of England, Scotland, Wales and Northern Ireland.

  2. Great Britain also includes more than 5000 islands.

  3. The climate of Great Britain is mild, because the coasts of Britain are washed by the warm waters of the Gulf Stream.

  4. The mountains in Great Britain are not very high.

  5. The big rivers in Britain are the Thames, the Mersey.

  6. The northern part of Great Britain is a highly developed industrial country.

  7. Textile, coal and steel industry, machinery and shipbuilding are highly developed.

  8. Big industrial cities are Birmingham, Sheffield, Manchester, Liverpool and others.

  9. London is the capital of Great Britain.

  10. There a re the world famous Universities: Oxford and Cambridge and also Edinburgh and Sheffield in Great Britain.

  11. The total number population of Great Britain today is more than 59 million people.

  12. Great Britain is a multinational country.

  13. The United Kingdom is a constitutional monarchy.

  14. The head of the country is Queen Elizabeth II.

. Ұлыбритания

  1. Ұлыбританияның құрамына Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия кіреді.

  2. Оның құрамына сондай – ақ бес мыңнан астам аралдар кіреді.

  3. Ұлыбританияның климаты жеңіл, себебі оның жағалауларын Гольфстримнің жылы ағымы жанап өтеді.

  4. Ұлыбританияның таулары онша биік емес.

  5. Ірі өзендері: Темза, Мерсей.

  6. Солтүстік Ұлыбритания индустрия саласында жоғары дамыған ел.

  7. Тоқыма өнеркәсібі, машина және кеме өндірісі, көмір және кұрыш кұю өнеркәсібі жақсы дамыған.

  8. Ірі өндіріс қалалары: Бирмингем, Шеффилд, Манчестер, Ливерпуль және басқалар.

  9. Ұлыбританияның астанасы – Лондон.

  10. Ұлыбританияда бүкіл әлемге әйгілі Оксфорд және Кембридж, сондай –ақ Эдинбург және Шеффилд унивеситеттері бар.

  11. Қазір Ұлыбританияда 59 миллионнан астам адам тұрады.

  12. Ұлыбритания – көп ұлтты мемлекет.

  13. Басқару үлгісі – конституциялық монархия.

  14. Мемлекет басында – королева Елизавета II.

London

  1. London is the capital of the United Kingdom of Britain and Northern Ireland.

  2. London is a cultural, industrial and financial centre of Great Britain.

  3. There are 14 colleges in London in which 76.000 students study.

  4. The British Library has one of the finest collections of books in the world.

  5. There are many museums and galleries such as the British Museum and the National Gallery in London.

  6. The city’s main concert halls are Covent Garden and the Modern Royal Festival Hall.

London is the city of ancient traditions.

Лондон

  1. Лондон – Корольдік құрамының астанасы.

  2. Лондон – Ұлыбританияның мәдениет, өндіріс және қаржы орталығы.

  3. Лондонда 76 мың студент оқитын 14 колледж бар.

  4. Британиялық Кітапханада дүние жүзіндегі ең құнды, бағалы деген кітаптар қоры бар.

  5. Лондонда көптеген галерея мен мұражайлар бар: Британия Мұражайы, Ұлттық Галерея.

  6. Бұл қалада мынандай атақты концерттік залдар бар: Корнеги – Холл және Жаңа Корольдік фестиваль залы.

  7. Лондон – ежелгі дәстүрлер қаласы.

The USA

  1. The United States of America is situated in the Northern America.

  2. The state is washed by the Atlantic Ocean in the East and by the Pacific Ocean in the West.

  3. The pride of American people is their mountains: the Cordeliers and the Appalachians.

  4. But not only mountains are the attractions of this heroic land.

  5. There are the biggest rivers on the continent – the Mississippi, the Colorado and the Columbia in the USA.

  6. The USA are situated in tropical, subtropical and temperate climate zones.

  7. The largest cities of the USA are San Francisco, New York, Los Angeles, Chicago and Boston.

  8. Washington is the capital of the USA.

  9. The population of the USA is more than 250 million people.

  10. The country is a federal democratic republic.

  11. The head of the country is the president.

  12. It is an open country where the Law governs.

АҚШ

  1. Америка Құрама Штаттары Солтүстік Америкада орналасқан.

  2. АҚШ – ты шығысында Атлант мұхиты, батысында Тынық мұхиты көмкеріп жатыр.

  3. Кордильер және Аппалачи таулары американдықтардың мақтанышы.

  4. Бұл каһарман өлкені тау ғана көріктендіріп тұрған жоқ.

  5. АҚШ – та континенттігі ең ірі: Миссисипи, Колорадо және Колумбия өзендер орналасқан.

  6. АҚШ – та бірнеше тропикалық, субтропикалық және жайлы климаттық аймақтар бар.

  7. АҚШ – тың ірі қалалары: Нью-Йорк, Бостон, Чикаго, Детройт, Сан-Франциско, Филодельфия, Лос-Анджелес және Вашингтон.

  8. Вашингтон – АҚШ астанасы.

  9. Халқының саны – 250 млн. адам.

  10. АҚШ – федералды демократиялық республика.

  11. АҚШ мемлекетінде президент басшылық етеді.

  12. АҚШ – тек заңға ғана бағынатын, есігі ашық ел.

New York

  1. New York is the largest city in the USA and one of the largest cities in the world.

  2. New York consists of five districts: Manhattan, Bronks, Queen, Brooklyn and Richmond.

  3. The heart of the city is Manhattan. It is a business and financial centre of the country.

  4. The highest building in New York is the World Trade Centre which has 110 stores.

  5. The geographic centre of New York is Columbus Circle, in the centre of which there is the Memorial to Christophor Columbus.

  6. There are some museums and art galleries in New York. The most famous are the American Museum of Natural History and Metropolitan Museum of Art.

  7. The most important educational institutions in New York are New York University and Columbia University.

  8. New York is a city of contrasts. It associates with great business, money. wealth, beauty, unemployment, poverty and criminality.

Нью-Йорк

  1. Нью-Йорк АҚШ – тың ең ірі қаласы және дүние жүзіндегі ең үлкен қалалардың бірі.

  2. Нью-Йорк 5 ауданнан құралады: Манхеттен, Бронкс, Куинс, Бруклин және Ричмонд.

  3. Қаланың жүрегі – Манхеттен. Бұл Американың қаржы және іскерлік орталығы.

  4. Нью-Йорктегі ең биік үй Әлемдік Сауда Орталығы, ол 110 (жүз он) қабаттан тұрады.

  5. Нью-Йорктың географиялық орталығы – Колумбус аймағы, оның ортасында Христофор Колумбтың ескерткіші тұр.

  6. Нью-Йоркте бірнеше галерея мен мұражайлар бар. Олардың ішінде ең атақтылары – Америкалық Жаратылыс Тарихы Мұражайы және Метрополитен Өнері Мұражайы.

  7. Нью-Йорктегі ең маңызды оқу орны – Нью-Йорк университеті мен Колумбия университеті болып есептеледі.

  8. Нью-Йорк – қайшылыққа толы қала. Ол ірі бизнесімен, ақшасымен, байлығымен, сұлулығымен, жұмыссыздығымен, кедейшілігімен және қылмысты әрекеттерімен ерекшеленеді.

287-тапсырма

1.Төмендегі ағылшын тіліндегі берілген мәтіндердің қазақша баламасын салыстырыңыз

2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз

3. Мәтінді оқыңыз, қайталаңыз, жаттығыңыз.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап баріңіз.

4. Мәтін бойынша мазмұнын баяндаңыз .

223-жаттығу. Сөйлем ішінен бастауышты тауып, оны қай сөз табынан болғанын айтыңыздар.

Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта ежелгі заманнан-ақ мәдени өсімдік болып есептелінген. Оны ең әуелі Үндістанда, Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын матадан жеңіл де жұқа маталар тоқуды үйренді. Ол жылылықты, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Гүлдері ірі, ұрығы қауашақты. Пісіп жетілген кезде, қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді. Мақта әрі мәдени, әрі өте маңызды техникалық дақыл болып саналады.

224-жаттығу. Сөйлемнің бастауышын тауып, қай сөз табынан болғанын ажыратыңыздар.

Бұл – халық арасына көп тараған Сәкен Сейфуллиннің өлеңі. Жастар әнге салып, қосыла өлең айтатын. Мынау – жеке дауыс. Бақыт деген – қуаныш тағы. Оқушылары әр қилы: әйел, еркек, үлкен, кіші, бала – бәрі аралас. Малқарға тақау отырған төрт бұрышты қара – Жәнібек. Сайлау тақалып қалды. Ана жақтағылар әлі сөйлесуде. Алып қашанда анадан тұрады. Екеуі – шөбере. Өзі – жөн білетін, пысық жігіт. (Ғ. Мұст.) Әзір скрипканы жалғыз тартқан - Әбіш. (М. Ә.)

225-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сызықшаның қойылуын түсіндіріңіздер.

Нағыз кедей, адал кедей - Әлжан. Бар жүгі – үш абдыра, бір кебеже. Сыздық – шалғышы жігіт (Ғ.Мұст) Оның біріншісі – кеңсе, екіншісі – қызыл отау, үшіншісі – медпункт, төртіншісі – мал дәрігерлікпункті, бесіншісі – сауда дүкені, алтыншысы – радиостанция. (Ә.Ә.) Менің еріккендегі кәсібім – не Сыр бойында балық аулаушылықтарға кету, не Қайрақбайды ермек көріп, соның қасында болу. (С.М.) Оның ендігі бар ойлағаны - өзінің намысын қалай қорғап қалу. (С.М) Шодыр – қазақтардың қойып алған аты. Шын аты – Федор Иванович Песик. (Ғ.Мұст).

56. СОӨЖ Canada

  1. Canada is situated in the north of the North-American continent, between the USA and Alaska.

  2. Canada is washed by the Atlantic Ocean in the East and by the Pacific Ocean in the West.

  3. The islands in the north also belong to Canada.

  4. Territory of the country is about ten million square kilometers.

  5. There are the Rocky Mountains along the Pacific Ocean coast in the West.

  6. There are plains to the east from them.

  7. In Canada there are many rivers – the river of St.Laurentius, the Maccenzy, the Ucon, the Niagara.

  8. The Niagara waterfall is the biggest in the world.

  9. There are the Great Lakes – Ontario, Ery, Big Bear Lake, Big Lake of the Slaves, Michigan and others in the central part of Canada.

  10. Canada has several climate zones.

  11. Winter in Canada lasts 4-5 months.

  12. There are regions of tundra and taiga in the north.

  13. The population of Canada is about 27 million people. Ottawa is the capital of Canada.

  14. The big cities of Canada are Montreal, Toronto, Wancoover, Hamilton, Edmonton, Winnipeg and Quebec.

  15. There are two state languages – English and French – in Canada.

Канада

  1. Канада Солтүстік Америка континентінде, Америка Құрама Штаттары мен Алясканың ортасына орналасқан.

  2. Канаданы батысында Тынық мұхиты, шығысында Атлант мұхиты көмкеріп жатыр.

  3. Канадаға сондай-ақ солтүстік аралдары да жатады.

  4. Территориясының көлемі 10 миллион шаршы километр.

  5. Канаданың батысында Тынық мұхитына қатарласып Рокки таулары жатыр.

  6. Олардан шығысқа қарай жазық дала созылып жатыр.

  7. Канаданың территориясында көптеген өзендер бар: қасиетті Лаврентий өзені, Маккензи, Юкон, Ниагара.

  8. Ниагара сарқырамасы - әлемдегі ең үлкен сарқырама.

  9. Кагаданың орталық бөлігінде Ұлы Көлдер: Онтарио, Эри, Үлкен аю көлі, құлдардың Үлкен көлі, Мичиган және т.б. жатыр.

  10. Канаданың территориясында бірнеше климаттық аймақтар бар.

  11. Канаданың қысы 4-5 айға созылады.

  12. Елдің солтүстігінде тундра мен тайга аймақтар жатыр.

  13. Канадада 27 миллион адам тұрады. Канаданың астанасы – Оттава.

  14. Ірі қалалары: Монреаль, Торонто, Ванкувер, Гамильтон, Эдмонтон, Виннипег және Квебек.

  15. Канадада мемлекеттік тіл екеу – ағылшын және француз тілдері.