Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Сәлемдесу мәдениеті

Әйел адамға ер адам бірінші амандасады. Жеке адам көпшілікке амандасқанда мына жайттарды ескереді: Егерде көпшілікті бір адамның үйінде қонақта деп есептесек, олардың (үйінде) үстіне кірген адам олармен амандасады, ал көпшілік орнынан тұрмай бас изеп амандасады. Егерде көпшілік аудиторияда болған жағдайда, кірген ресми адам олармен бірінші сәлемдеседі, ал олар бас иземей орнынан тұрып амандасады, яғни көпшіліктің орнынан тұрғаны – оның сәлемдескені. Кейде жасы үлкен адам жасы кіші адамға бірінші болып амандасып жатады, ал әйел адамдармен ер кісілердің қол беріп амандасуы шарт емес, ер адам мен әйел адамның қол беріп амандасуы мына жағдайларда болып жатады: ер адам үлкен бір табысқа жетті деп есептейік, соған риза болған әйел адам ризашылығының белгісі ретінде ер адамға өзі қолын ұсынады. Мұндай жағдай кейде ер адам тарапынан да болып жатады. Мерекелерде, мерей тойларда әйел мен ер кісілер бір-біріне қол беріп сәлемдеседі. Бұл бір-біріне деген үлкен қошеметтің белгісі.

6-тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен сізге таныс емес сөздерді теріп жазыңыз. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сөздік минимум:

Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу, қошемет, құрмет, қайырлы таң.

Танысу көкжиегінде

«Танысу кез келген адамның мәдениет көкжиегін анықтайды». «Әр адам - өз мәдениетінің елшісі», - деді М.Әуезов. Ұлы жазушы айтқандай қонақта, жол сапарда, мәдениетті орындарда немесе басқа мемлекеттерде танысуға тура келеді, сондай сәттерде, кезеңдерде өз мәдениетіңіздің әлемін биік ұстай білсеңіз, оның елшісі бола алсаңыз, қандай жарасымды. Кейде үлкен қарт кісімен, кейде өзіңнен кішімен танысуға тура келеді. Ал кей кездерде біреуді біреумен таныстыруға мәжбүр боласыз. Осындай барлық сәттерде сіздің мәдениетіңіз көрініп тұруы тиіс. Өйткені сіз олармен өз дүниеңіздің мәдениетінің елшісі ретінде сөйлесіп отырасыз

7-тапсырма. М.Әуезов афоризмінің мағынасын ашыңыз.

«Әр адам - өз мәдениетінің елшісі» - деген М.Әуезов.

Танысу талғамдары

Бірді білсеңіз, жүзбен таныс боласыз.

Танысу – байқап сөйлеуден басталады.

Танысу сәтінде – үлкен мәдениеттілік бар.

Танысу қандай болса, жалғасы сондай болады.

Әдепті танысың көп болса, көкжиегің кеңейеді.

Танысы аздың – тынысы аз.

Таныстық татулыққа ұласса, табыс келеді.

1.Танысу

- Сәлеметсізбе? Қош келдіңіз! Сіз Аннасыз ба?

- Иә, менің атым – Анна, фамилиям – Адамсон. Сіздің аты-жөніңіз кім?

- Менің атым – Дәулет, фамилиям - Өмірсерікұлы. Сізді Алматыдан көргеніме қуаныштымын. Сіз қазақша жақсы сөйлейді екенсіз.

- Мен Америкада аздап оқыған едім.

- Тіл білген жақсы ғой... Менің машинам әуежайдың сыртында тұр. Жүріңіз. Сізді конақ үйге апарып салайын.

- Рахмет, жүрейік. Ұшақ Вашингтоннан Франкфурт арқылы Алматыға дейін 17 сағат ұшады екен. Өте шаршап тұрмын.

- Сіздің Қазақстанға бірінші келуіңіз бе?

- Ия, бірінші келуім. Сіздің елде болу арманым болатын.

- Алматы ұнады ма?

- Алматы жасыл, әсем қала екен. Ағаштары қандай көп!

- Міне, «Қазақстан» қонақ үйі. Бүгін демалыңыз. Таңартең келемін.

- Мені қарсы алғаныңызға рақмет! Сау болыңыз!

- Жақсы жатып, жайлы тұрыныз! Ертеңге дейін! Менің телефон нөмірім: 40-32-50. Маған телефон шалыңыз. Сау болыңыз, Анна!

- Көріскенше!

8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анна мен Дәулет қайда кездесті?

  2. Анна неге шаршады?

  3. Аннаны Алматы әуежайында кім қарсы алды?

  4. Анна Алматыға қайдан келді?

  5. Дәулеттің машинасы қайда тұр?

  6. Дәулет қонағын қайда апарды?