Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Оқу курсының пәндік мазмұны

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артыруы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тіл мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үрдісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесін қайта қарап, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құруды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және 2005 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өткізген мәжілістің №24-5/007-321 хаттамасында қазақ тілін білу деңгейін арттыру мақсатында оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды енгізу арқылы жаңа типтегі оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу қажеттілігі туып отырғандығын атап көрсетті.

Әлемде мойындалған тілдік білімді бағалаудың халықаралық стандарттары болып табылатын DALF/DELF, IELTS, TOEFK т.б. сияқты тиімді жүйелерге сүйене отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың төмендегідей: бастапқы деңгей (мектепке дейінгі кезең), бастауыш деңгей (1-4 сыныптар), негізгі деңгей (бакалавр, магистратура), кәсіби-іскерлік деңгей (қызметшілер) - алты деңгейлік жүйесін жасау – Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, деңгейлерін, міндеттері мен мақсаттарын стратегиясын анықтайтын ғылыми – практикалық әдіснамалық құжат – Тұжырымдамада да көрсетілген.

Бұл оқу-әдістемелік ұсынбада Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ, ф.ғ.д., профессор З.Ш.Ерназарова, Абай атындағы ҚазҰПУ, ф.ғ.д., профессор Б.Қ.Қасым, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, п.ғ.д., К.Б.Жақсылықова, Т.Рысқұлов атындағы Қаз ЭУ, п.ғ.к., доцент М.А.Мұхамбетқалиева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-нің ф.ғ.д., доцент Ғ.И.Иманалиева, ҚазҰАУ, ф.ғ.д., доцент Н.А.Егіншібаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті Ж.М.Қырықбаева авторлардың бірлестігімен жазылған Қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасының жобасын, Қазақстан Республикасы білім беру саласында қабылданған Стандарттармен «Шет тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттері: «оқу, оқыту, бағалау» (Страсбург-2001) халықаралық стандарттардың әдіснамалық нұсқауларын басшылыққа ала отырып, орыс тілді аудиторияларда осы бағдарламалық ұстанымдардың негізінде жасалған силлабус үлгілері және кредиттік оқу жүйесіне қатысты кейбір оқу-әдістемелік кешендерді даярлаудың бағыттары, сабақ үрдістеріне қатысты әдістемелік нұсқаулары ұсынылып отыр. Білім - өркениеттің тетігі дейтін болсақ, бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігінде өтуде. Сондықтан білім саласындағы жаңа ақпараттар технологиялар арқылы оқыту, халықаралық стандарттар бойынша тілдерді оқыту ұстанымдары мемлекеттік тілді үйрету мен үйренудің сипатын өзгертіп, жаңаша бетбұрыстарға жол ашты. Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытудың көпдеңгейлік халықаралық стандарттық жүйесіне көшу тіл мамандарын, әдіскерлерін, ғалымдарын ойландырып толғандыратыны сөзсіз. Әрине, Қазақстан Республикасында тілді деңгейге бөліп оқытудың алғашқы ғылыми негіздерін п.ғ.д., профессор Қ.Қадашева өзінің ғылыми еңбегінде атап көрсеткен. Бұл күнде өзгетілді аудиторияларда тілді деңгейге бөліп оқытуға қатысты оқу-әдістемелік кешендер әзірленіп, диссертациялық еңбектер қорғалуда.