Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

50.Соөж Мәдениетті жастар қандай болуы керек?

Жастардың мәдениетіне оның білімі, жақсы мінезі, тәлім-тәрбиесі, киімі, жүріс-тұрысы, т.б. жатады. Мәдениетті болу үшін:

  • уақытты дұрыс пайдалану керек.

  • мақсатқа жетуге тырысу керек.

  • көп оқу керек;

  • нақтылық және ұқыптылық керек;

  • өзін-өзі ұстай білу керек;

  • үлкенді сыйлау керек, кішіге ізет білдіру керек;

  • ............................................. ..........................

252-тапсырма. Мәтінді оқып, мына сөздерді жазыңыз, оқыңыз, аударыңыз: мінез, тәлім-тәрбие, жүріс-тұрыс, мақсат, нақтылық, ұқыптылық, пайдалану, ұстай білу, тырысу.

  1. Сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

  2. Қоғамдық орындарда сөйлесу үлгілерін оқыңыздар. Сөйлесіп, жаттығыңыздар:

Кітапханаға бару

- Кітапхана қай жерде, айтып жіберіңізші?

- Қ. Сәтбаев көшесінде үлкен кітапхана бар.

- Кітапханаға қалай баруға болады?

- 4-маршрутпен немесе №30-автобус апарады.

- Көмегіңізге рахмет.

Кітапханада

- Кітап алуға бола ма?

- Әрине, болады. Қандай кітап керек?

- Қазақ тілі, болса орысша-қазақша сөздіктер керек еді.

- Оқырман картасы бар ма?

- Бар, міне.

Жатақханада

- Қаламқас, сен қазір қайда тұрасың?

- Мен № 3-жатақханада тұрамын.

- Бір бөлмеде неше студент тұрасыңдар?

- Екі студент.

- Жатақхана жағдайы қандай?

- Өте жақсы. Барлық жағдай жасалған.

- Бөлме кең бе?

- Иә, бөлме кең, жарық, жылы.

Телефонмен сөйлесу

– Алло! Бұл Жұманың пәтері ме?

- Иә.

- Меруертпен мен сөйлесуге бола ма?

- Қазір шақырайын.

– Меруерт , хал қалай? Мен Күлпәшпін.

- Сәлем, Күлпәш!

- Меруерт , ертең сағат 10-да сенбілік болады. Соған келуің керек.

- Жарайды. Қай жерде жиналамыз?

- Университеттің 10- ғимаратының алдында.

- Жақсы. Телефон шалғаныңа рахмет.

- Кездескенше.

Театрға шақыру

– Жанар, сәлем!

- Халың қалай, Гүлнәр?

- Сенің қолың бос па? Бүгін демалыс қой. Екеуміз театрға барайық.

- Қандай театрға?

- Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрына. Бүгін сағат 6- да қойылым бар екен.

- Қандай қойылым?

- М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» драмасы.

- Жарайды, көріп қайтайық. Ернұр да барады.

- Онда сендерді сағат 5- те аялдамада күтемін.

Біліп алыңыз. Жоғары шығыңыз! Төрлетіңіз! Келгеніңізге қуаныштымын! Танысқаныма қуаныштымын! Ас тәтті болсын! Кешіріңіз! Көңіліңізге рахмет! Ризамын.

253-тапсырма. «Қоғамдық орындарда» әр түрлі тақырыптарға сұхбат құрыңыз.

Мәдениет туралы

Адамзаттық ұлы мәдениеттің негізін сан түрлі ұлттық мәдениеттер құрайды. Ал ұлттық мәдениет негізін сол ұлттың қалыптасқан дәстүрлі тарихи мәдениеті құрайды. Мәдениет дегеніміз - Біздің адам екендігімізді айғақтайтын басты атрибут .

Мәдениет дегеніміз – адамгершілік.

Мәдениет – ұлттың рухы.

Мәдениет – кең ұғымды , терең мазмұнды дүние.

Мәдениет – білімде ғана емес , біліктілікте.

Мәдениет - ақиқат пен шындықта.

Мәдениет – елді , халықты , ұжымды басқаруда емес, - елді, халықты,

ұжымды сыйлауда, олармен санасуда.

Мәдениет – баршамызға ортақ дүние.

Ендеше, баршамыз, төл мәдениетімізді көтерейік!

254-тапсырма.

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәдениет анықтамасын қалай түсінесіз?

3. Мәдениетімізді қалай көтеруге болады?

4. Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттасыңыз.

5. Мәтін мазмұнын өз сөзімен айтыңыз .

6. «Қазақ елінің мәдениеті туралы не білемін?» тақырыбына әңгіме жазыңыз.