Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Кредиттік технологияға негізделген жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері үшін).

А

тырау 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Гуманитарлық факультет деканы

т.ғ.к. Қ.Сүндетұлы_____________

« » « » 2010 ж.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Кредиттік технологияға негізделген жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері үшін).

Күндізгі оқу түрі

1 курс 1-2 семестр

Еңбек көлемі – 6 кредит (270 сағ.)

Практикалық сабақ – 90 сағат

СОБЖ- 90 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Барлығы – 270 сағат

ББК 81.2 Қаз-923

Қ89

Қ89 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Кредиттік технологияға негізделген жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері үшін).

Жалпы редакциясын басқарған Қазақ филологиясы кафедрасының доценті Ж.М.Қырықбаева.

Құрастырған авторлар ұжымы: доцент Ж.М.Қырықбаева, п.ғ.к Б.С.Қайыржанова, доцент З.С.Қазмағамбет, аға оқытушылар Ж.А.Нұртілеуова, Н.А.Атаханова, Ж.И.Исмуратова, Г.Б.Нәжікенова, оқытушылар М.Ж.Аманғалиева, Г.Қ.Қайреденова, А.Қ.Нұғыманова, М.К.Өсербаева.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДІ (Кредиттік технологияға негізделген жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері үшін) ғылыми-әдістемелік тұрғыдан құрастыруда тілші ғалымдар Ф.ғ.д., профессор Б.Қ.Қасым, ф.ғ.д. профессор З. Ерназарова, ҚазҰПУ-дың доценті Ж.М.Қырықбаеваның жетекшілігімен жазылған ҚР Жоғары оқу орындарының өзге тілді топтары үшін «Қазақ тілінің практикалық курсының типтік бағдарламасы» 2007-2009ж.ж., «Қазақ тілінің практикалық курсының бағдарламасы» (SYLLABUS) және әдістемелік нұсқауы (Кредиттік технологияға негізделген жоғары оқу орындарының орыс бөлімдері үшін) 2009ж. атты оқу-әдістемелік құралдың бағыттары , ұстанымдары негізге алынды.

Бұл аталмыш оқу-әдістемелік кешенде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сай көпдеңгейлік біріңғай стандарттық оқыту жүйесіне көшуіне орай, мемлекеттік тілді ЖОО-да оқытуда білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйелерін жаңартуда, тілді мамандыққа қарай бейімдеп оқытуда, өзара сабақтастыққа құрылған білім мазмұнын анықтауда, әр деңгейдегі тілді үйренуді әлемдік білім стандартына сай анықтауда қазақ тілінің ғылыми әдістемелік негіздері, озық әдістемелік инновациялық технологиялар, тілді дамытудың, меңгертудің, қолданудың заңнамалық қағидалары басшылыққа алған.

Сондай-ақ осы кешенде кредиттік жүйе бойынша жаңаша оқыту технологиясына құрылған сабақ жоспарлары, студенттің пәнге қызығушылығын арттыруда, олардың білімдік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда, басқаруда, әдістемелік және дидактикалық нұсқаулардың арнайы үлгілері, ,СОӨЖ, СӨЖ тақырыптары қамтылған.

ББК 81.2 Қаз-923

Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Елеуова

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.С. Сарсенова

Оқу әдістемелік кешенді баспаға Х.Досмұхамедов атындағы АМУ – нің оқу әдістемелік бірлестігі ұсынған

Қ 4602020400

00(06)-2010

Isbn 9965-14-590-3 м.Ж.Қырықбаева, ж.А.Нұртілеуова

Х.Досмұхамедов атындағы АМУ 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КАФЕДРАСЫ

ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

(Жоғары оқу орындарының өзгетілді топтарына арналған)

Көлемі – 6 кредит (270 сағат)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Авторлары:

филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ш.Ерназарова

филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Қасым

педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Б. Жақсылыкова

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.А.Мұхамбетқалиева

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Иманалиева

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А.Егіншібаева

Абай атындағы ҚазҰПУ – дың доценті Ж.М.Қырықбаева

Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Шаханова

  1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу - әдістемелік секциясы ҚҰРАСТЫРҒАН және ҰСЫНҒАН.

  2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН және ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

  3. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

  4. Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

  5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мемлекеттік тіл кафедрасы ұсынған

Бұл типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз таратылмайды.

Алғы сөз

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу мазмұнының міндетті құрамдас бөлгі болуы тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесін қайта қарап, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құруды талап етеді. Осы уақытқа дейін қазақ тілін оқытуда мектеп пен арнаулы және жоғары оқу орындары арасында сабақтастық болмай, тақырыптық қайталаулар орын алып келеді. Ол тіл үйренушінің қызығушылығын азайтты. Сонымен қатар тіл үйренушілердің бір деңгейден екінші деңгейге жоғарылап, ауысып отыруы назардан тыс қалды. Оқу процесі бастауыш және жалғастырушы топтарда жүргізілді. Сондықтан ЖОО өз мақсаттарына сай болашақ кадрларға мамандық тілін меңгерту міндетін толық орындай алмады.

Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативті – бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделуі қажет. Қазақ тілін оқыту мазмұнын өзгертіп, сапасын арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттермен қабылданып отырған Тілдерді меңгертудің деңгейлері басшылыққа алынып отыр. Олардың сипаттамасы төмендегідей:

А1-А2 – негізгі деңгей; В1-В2 – кәсіби бағдарлы деңгей; С1-С2 – мамандық тілі деңгейі:

А1 – Күнделікті қарым – қатынаста өзі туралы, отбасы, университеті туралы айтады, сұрақтар қоя алады, шағын мәтіндерді түсінеді.

А2 - Өзіне қатысты тақырыптар бойынша жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Өз елі, тарихи, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсіне алады.

В1 – Кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді, БАҚ – тағы күнделікті жаңалықтан кәсібіне қатысты ақпараттарға әңгімелесе алады. Болашақ қызметі туралы баяндай алады.

В2 – Мамандығы бойынша таныс тақырыптардағы баяндамалар мен дәрістерді тыңдап түсінеді. БАҚ – тан берілетін өзіне қажетті ақпараттарды толық түсінеді. Тіл иесімен дайындықсыз сұхбаттаса алады. Өз мамандығы бойынша пікірталасқа қатысады, өз көзқарасын дәлелдей алады. Өз саласына байланысты негізгі ұғым, түсініктерді сұхбат барысында қолданады.

С1 – Теледидар, радиодан хабарларды тыңдап, түсінеді. Өз мамандығына байланысты тілдік бірліктерді орынды қолданады. Кәсіби сөйлеу жағдаяттарында қатысымға түседі. Өз саласы бойынша мәтіндерді, ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Хабарлама, жоба т.б. жазғанда ойын мейлінше жүйелі, дәлелді бере алады.

С2 – Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсінеді. Ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алады. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіреді. Өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай алады.

Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті қарым – қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.

  • күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;

  • әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

  • өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру;

  • теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

  • монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;

  • қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс – қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;

  • аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

  • қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай – ақ, кәсіби тілдің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету;

  • белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық – қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;

  • өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

Қазіргі таңда ЖОО – дағы қазақ тілі бойынша Республикалық оқу - әдістемелік

бірлестігі оқу топтарын деңгейде төмендегідей бөлуді ұсынады. Оқу жылы басында әр факультет бойынша І курс студенттерінің білім деңгейі тест арқылы анықталып, 3 топқа бөлінеді.

Оқу процесінде әрбір факультеттің І курс топтарында қазақ тілі сабақ кестесіне бір

уақытқа қойылып, (мысалы: сағ: 830 - 920) үш деңгей бойынша бірнеше оқу топтарында бір мезгілде сабақ жүргізіледі. Студенттердің саны мен мамандық түрлеріне қарай топтастыруға болады. Айталық, І курста 200-ге тарта студент болса, 100-ден бөліп, әрқайсысынан 5 топ құрып, осы топтарды сабақ кестесіне қатар қоюға болады. Деңгейлер арасындағы сабақтастықты сақтап, берілген кредит санына қарай нақты нәтижеге жету үшін қазақ тілін төмендегідей оқыту ұсынылады.

І семестр

ІІ семестр

Кредит саны

І топ

І негізгі деңгей

12)

А21

6 кредит

ІІ топ

ІІ кәсіби бағдарлы деңгей

12)

В12

6 кредит

ІІІ топ

ІІІ мамандық тілі деңгейі

А21

В21

6 кредит

С2 деңгейі магистратура мен аспирантурада оқылады.

Қазақ тілі курсы бойынша тілдік құзыретті қалыптастыруды

қамтамасыз ететін білім мазмұны

Грамматикалық минимум

Негізгі деңгей

Жалғау түрлері, етістіктің шақтары, етіс формасы, етістіктің түрлері, есімше, көсемше, көмекші сөздер, шылаулардың қолданылуы. Құрмалас сөйлемдер түрлері. Сөз мағыналары, омоним, синоним, антонимдердің жасалуы. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы, қанатты сөздер.

Кәсіби бағдарлы деңгей

Көсемшелі біріңғай баяндауыштар, есімшелі үйірлі мүшелер, көмекші етістікті (деп, болса) құрылымдар, біріңғай мүшелі сөйлемдер. Көмекші сөздердің (барысында, ретінде, түрінде және т.б.) байланыстырушы қызметі. Түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас, мезгіл мәнді (- ғалы, -ысымен), қарсылықты (-ғанмен, -ғанша), салыстырмалы (қалай, ... солай), мақсат мәнді (-у үшін, мақсатында) бағыныңқылы сабақтас құрмаластар.

Мамандық тілі

Сөзжасам тәсілдері, терминдердің жасалу жолдары, мәтінді көркемдеуші құралдар, сипаттау, баяндау, дәлелдеу мәнді күрделі фразалық бірліктер.

Қазақ тілі курсы бойынша қатысымдық құзыретті қалыптастыруды

қамтамасыз ететін білім мазмұны

Студенттердің қазақ тілін сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру

іскерліктеріне қойылатын талаптар.

Негізгі деңгей

Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 12000-1500 сөз.

Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 2-2,5 минут және бір рет тыңдалады. Мәтінде 2-3 таныс емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың мәтінді оқу (сөйлеу) қарқыны минутына 170-200 буын.

Диалогқа түсу жағдайында сұхбаттасушы сөзінің мазмұнын мұқият тыңдап, түсінуі және жауап қайтаруға әзір болуы тиіс. Диалог күнделікті және әлеуметтік – мәдени салада қарым – қатынас жасау үшін қажетті тақырыпта болуы мүмкін. Диалог көлемі: 8-10 сөйлемнен тұруы мүмкін.

Оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Студент мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп бере білуі қажет. Бұдан студенттің мәтіннің мазмұнын түсінген – түсінбегенін және сөздік қорынын ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіннің түрлері: әңгіме, баяндама, сипаттама, нұсқау, дәйектеме, ауа райы туралы мәлімет, хабарландыру, т.б. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін тыңдап, сұхбат құра білуі тиіс. Мұнда олардың рухани танымдары тексеріле келіп, осыған таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескертіледі:

Студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 400-500 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, серіктесін қоштау, т.б. бағыттарды білім, білік, дағдысы болуы қажет. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтік сөйлеу болса, айтылым уақыты – 2-3 минут, қарқыны минутына 140-160 сөз болуы тиіс. Монологтік сөйлеуде студент берілген тақырып бойынша байланысты әңгіме құрай білуі, оқыған немесе тыңдаған мәтін бойынша қатысымдық бағытта репродуктивті негізде мәтін түзе құрастыра білуі; мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс.

Диологтық сөйлеуде айтылым қарқыны – минутына 130-150 сөз. Диологтік сөйлеуде студент мыналарды орындай білуі қажет:

  • айтушы әңгімесінің мазмұнын түсіну, өткен тақырыптар бойынша сөйлесе білу;

  • диологті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын

терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білген жөн. Мұның өзі студенттің қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Әрине, жазба жұмысы студенттердің сөздік қорымен ғана емес, сонымен қатар олардың сауатты жазу қабілеті, сөйлемдегі сөздердің нормаға сай байланыстыруы тұрғысынан бағаланады. Жазба жұмысы (эссе - шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. Оқиғаны хабарлау, суреттеу, баяндау түріндегі мәтіндер әдеби тіл нормасына сай болуы қажет.