Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

5.Соөж Үйдегі менің бөлмем. Мен тұратын көше тарихы.

Менің өз бөлмем бар. Онда өзіме қажет заттарым ғана тұрады. Бөлмеде бір кереует, бір үстел, шкаф, орындықтар бар. Кереуетте көрпе, жастық, шкафта киімдерім тұрады. Үстелде сабаққа дайындаламын. Онда кітаптар, дәптерлер, қалам, қарындаштар, оқу құралдары, компьютер тұрады. Шаршағанда диванда отырып, ән-күй тыңдаймын . Бөлмем өте үлкен емес, бірақ қолайлы, ол жарық таза, әр зат өз орнында тұрады. Бөлмем өзіме ұнайды. Мен жоғары жақтағы кең көшеде тұрамын. Бұл көше батыр бабмыз – Бауыржанның есімімен аталады. Көшенің шығыс жақ бетінде батырға арналған ескерткіш қойылған. Мерекелерде біз баба ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоямыз. Бауыржан батыр – бүкіл қазақтың мақтанышы.

27-тапсырма

1.Жаңа сөздерді аударыңыз, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

2. Мәтінді аударыңыз.

3. Мәтінге сұрақтар дайындап , жауабын беріңіз.

4. Мәтін бойынша досыңызбен сұхбаттасыңыз.

5. Өз бөлмеңіз бен тұратын көшеңіз туралы мәтін құрастырыңыз.

Мәтін бойынша сөйлесім:

1. - Сәуле, үйіңде өз бөлмең бар ма?

- Менің өз бөлмем бар , бірақ ол үлкен емес.

- Бөлмеңде неше терезе бар?

- Бөлмемде бір терезе бар.

- Бөлмеңде қандай жиһаздар бар?

- Бөлмемде кереует, айна, бір үстел, төрт орындық, киім шкафы, кітап сөресі бар.

- Бөлмеңде кітап, дәптер, оқу құралдары қайда тұрады?

- Бөлмемде кітап сөресі бар, оқуға қажетті құралдарым сонда тұрады.

- Сабаққа қайда дайындаласың?

- Бөлмемде үстел бар, сонда отырып, сабаққа дайындаламын.

- Бөлмең ұнай ма?

- Бөлмем өзіме ұнайды.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

- Нұрлан , сенің өз бөлмең бар ма ?

- ................................................. .

- Бір бөлмеде неше студент тұрасыңдар?

- ................................................... .

- Сонда бір бөлмеде қанша кереует бар ?

- .................................................. .

- Киімдерің қайда тұрады ?

- ................................................. .

- Бөлмеде тамақ ішетін, сабақ дайындайтын үстел бар ма?

- .............................................. .

3. Мына жауаптарға сұрақ қойыңыз.

- .................................................. ?

- Менің өз бөлмем бар.

- ................................................ ?

- Бөлмем үлкен, оның екі терезесі бар.

- ....................................................... ?

- Бөлмемде кереует, диван, үлкен үстел, компьютер, шкаф, кітап сөресі бар.

- ...................................................?

- Компьютер үстелде тұрады.

- .....................................................?

- Кітаптарым кітап сөресінде тұрады.

- ...................................................?

- Киімдерім шкафта тұрады.

6. Л/т. Менің досым

Г/т. Сын есімнің семанткалық жіктемесі

Мен танысымның сыртқы келбетін суреттеймін. Танысымның аты – Дәурен. Оның жасы жиырма жетіде. Оның бойы биік, ол орта бойлы емес. Оның дене бітімі келісті, шымыр. Дәурен спортпен айналысады. Дәурен арық та емес, толық та емес. Ол қараторы, мұртсыз жігіт. Дәурен көзілдірікті емес. Оның көздері көк емес, қара және ойлы. Дәуреннің басы үлкен де емес, кішкентай да емес. Шашы қара, қалың. Көзінің үстінде қалың, әдемі қасы бар. Кірпіктері өте ұзын емес. Дәуреннің мұрны қыр мұрын, еріндері дақ, тыртық жок. Мандайы кең, ашық. Дәуреннің қолы, аяғы қысқа емес, ұзын, себебі оның бойы биік. Бір сөзбен айтқанда, менің танысым сымбатты, тартымды жігіт.

Сөздік минимум: сезімтал, арамтамақ, әдепті, көңілді, жайбарақат, бейқам, әріптесім, беделді.

Жаттап алыңыз Адам - человек

денелі - рослый,крупный

жүдеу - худощавый

толық - полный

семіз - толстый

арық - худой

дембелше - коренастый

бүкір - горбатый

еңкіш - сутулый

аққұба - светлокожий

қараторы - смуглый

мылқау - немой

саңырау - глухой

кекеш - заика

мұртты - усатый

сақалды - бородатый

көзілдірікті - в очках

Бас(ы) - голова

үлкен - большая

кішкентай - маленькая

сопақ - продолговатая,овальная

дөнгелек - круглая

таз - плешивый

қасқа - лысая

Шаш(ы) - волосы

Ұзын - длинный

қысқа - короткий

жирен - рыжий

сары - светлый

қара - черный

ақ - седой

бұйра - кудрявый

толқынды - волнистый

қалың - густой

сирек, селдір - редкий

тікірейген - ежиком

тік - прямой

Көз(і)-глаза

Көк - синий

көкшіл - голубой

күлімкөз - смеющиеся

ойнақы - игирвые,кокетливые

қыли - косой

соқыр - слепой

қысық - узкие

ойлы - задумчивый

мұңлы - печальные

Қас(ы) - брови

Қиғаш - дугообразные

қалың - густые,толстые

жіңішке - тонкие

Кірпіктер(і) - ресницы

Ерін (еріні) - губы

жұқа - тонкие

қалың - толтые

Мұрын ( мұрны) – нос

тәмпіш - вздернутый

пұшық - курносый

қыр мұрын - прямой

құс мұрын - орлиный

Тіс (і) - зуб

аппақ - белоснежный

түзу - ровный

қисық - кривой

кетік - щербатый

ірі - крупный

майда - мелкий

Ауыз (аузы) - рот

оймақтай - с наперсток

Құлақ (құлағы) – ухо

қалқан құлақ - лопоухий

жымырайған - прижатые

Бет (і) – лицо

жалпақ - широкое

шұбар - рябое

Бетінде – на чьем-то лице Бетте –на лице

тыртық (бар, жоқ) - шрам (есть, нет)

секпіл - веснушки

дақ - пятно

мең, қал - родинка

әжім - морщина

Маңдай (ы) – лоб

кең - широкий

тар - узкий

ашык - открытый

Мойын (мойны) – шея

жуан - толстая

жіңішке - тонкая

Қол (ы) – рука

шолақ - безрукий

Аяқ (аяғы) – нога

ақсақ - хромой

28-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздерді қатыстырып өзіңіздің досыңызға сипаттама беріңіз.

Сын есімнің семантикалық жіктемесі:

1. Заттың сын-сипатын, түр-түсін, көлемін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.

Сұрақтары: қандай? қай? Мысалы: жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, кіші (қай?) қызы.

2. Сын есімнің түрлері.

Негізгі сын есімдер – сынды білдіретін түбір сөздер: ақ, жас, кәрі, аласа.

Туынды сын есімдер жұрнақтар жалғау арқылы жсалады. Қар–лы, ақыл–ды, тұз-ды.

Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.

В зависимости от семантических значений и грамматических особенностей имена прилагательные делятся на качественные и относительные прилагательные

2. Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: көк(шөп), қызыл (бояу), жақсы,ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын),ащылау(қымыз), жап-жасыл(орман), тұп-тұщы(өзен).

3. Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейді.

Мысалы: өнерлі жігіт, мектептегі жолдас, жауынды жаз, қысқы спорт.

21-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер ойлаңыздар.

На твоем смуглом лице, твоими короткими руками, ее добрым сердцем, его прижатые уши, их ровные зубы, на его широком лбу, печальными глазами подруги, больную печень сестры, на ее волнистых волосах, его спортивное телосложение, на ее длинной шее, Ваши толстые губы, тонкими пальцами, дочери длинные ресницы, высокий человек, рослый парень, бородатый дедушка, девушка в очках, усатый сосед, коренастый знакомый, худая девочка, лысая голова, длинные рыжие волосы, густые волнистые волосы, смеющиеся синие глаза, игривые черные глаза, тонкие черные брови, толстье красные губы, робные белоснежные зубы, с наперсток рот, прижатые уши, широкий открытый лоб, короткие руки, тонкие пальцы, больной желудок, красивые ногти, теплая ладонь, левая нога, правая рука, доброе сердце, широкое лицо.

22-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1.Белые ровные зубы. 2.Высокий рост. 3.Спортивное телосложение. 4.Широкий лоб. 5.Густые волосы. 6.Прямой нос. 7.хороший характер. 8.Тонкие брови. 9.Кудрявые волосы. 10.Задумчивые глаза. 11.Прижатые уши. 12.Открытый высокий лоб. 13.Крепкое телосложение. 14.Усатый человек. 15.Бородатый, в очках человек. 16.Дугообразные брови. 17.Смеющиеся глаза. 18.Сутулый человек. 19.Внешность человека. 20.Длинные тонкие пальцы. 21.Широкое лицо. 22.Его телосложение правильное. 23.Опиши, пожалуйста, его внешность. 24.Рост твоего брата высокий. 25.Мой отец – человек среднего роста. 26.Ее муж низкий. 27.Ноги, руки – части тела. 28.Твой сын рослый парень? 29.Ваш друг – рослый человек. 30.Его супруга полная (толстая,худощавая,худая). 31.Ваша подруга светловолосая.

23-жаттығу. Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғаңыздар, аударыңыздар.

  1. -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті: тау, қала, бала, су, сүт, тұз, бақыт, қуаныш, дәм, береке, мереке, тәртіп, өкініш, ұят, мұрт, сақал, көзілдірік, сымбат, көрік, ажар, келбет, иық, қал, мең.

  2. -дай/-дей, -тай/-тей: қыз, келін, ата, аю, түлкі, қасқыр, арыстан, құс, балық, тау, ай, күн, көл, теңіз, тас, кілем, оймақ.

  3. -сыз/-сіз: көңіл, бақыт, ми, ой, сана, жұмыс, тәртіп, ұят, бас, су, сүт, бұлт, жаңбыр, сақал, мұрт, бала, әке, қара.

  4. -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: күз, жаз, ауыл, қала, республика, облыс, дәрігер, педагог, қоғам, ұлт, апта, ай, жыл.

  5. -ғы/-гі, -қы/-кі: кеше, бүгін, биыл, былтыр, кеш, түн, түс, жаз, қыс, көктем, күз, ертең, таңертең.

24-жаттығу. Мақалдарды мәнерлеп оқыңыздар, аударыңыздар.

  1. Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.

  2. Күйеу – жүз жылдық, Құда – мың жылдық.

  3. Азапсыз махаббат – арзан махаббат.

  4. Адам қатесіз болмас, көл бақасыз болмас.

  5. Адам тастай берік, гүлдей нәзік.

  6. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

  7. Жақсы келін – қызыңдай, жақсы күйеу – ұлыңдай.

  8. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.

25-жаттығу. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Әне, қазақ қызы келеді. Екі көзі түрменің терезесінде. Мен отырған терезеге қарайды. Маған қарайды. Екі көзі мөлдіреген қарақаттай. Жасы шамамен он төрт-он бесте, ұзын бойлы, талдырмаш. Үстінде қос етекті, бүрмелі ақ көйлегі, басында қара барқыт тақиясы бар. Жібектей қара шашын әдемілеп, екі бұрым қылып өрген. Шашының ұшына қызыл жібек лента байлаған. Міне, ол терезенің алдына келді. Терезенің алдында жүрген қарауыл солдатқа қарайды. Жүрісі тіпті ақырын болды. Кейін қараған сияқты, бірдемені күткен сияқты. Мұңайып маған қарайды. Сезгіш жүрек, нәзік, сұлу қарындасым, не ойлап сонша қарайсың? Кімсің? Кімнің қызысың?... Бізге кім деп қарайсың? Кімнің қызы болсаң да саған рахмет. (С.Сейфуллин)