Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Етістіктің шақтары

Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.

Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ және осы шақ.

Іс–қимылдың сөз болып жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіретін етістіктің шағын осы шақ (настоящее время) дейді. Мысалы: жазып жатыр, сөйлеп тұр, ойланып отыр.

91-жаттығу. Етістікті тауып, қай шақ екенін ажыратыңыз.

Қаз ұшып жүр. Қаз ұшып кетеді. Қаз ұшып кетті. Шам жағулы тұр. Шам жағылады. Шам жағылды. Ойын басталады. Ойын басталды. Ойын басталып жатыр. Қара бидай дәнін тастар, Құстар топ-топ болып ұшып жүрер. Аяңдап күз де келер.

92-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен, осы, келер шаққа түрлендіріңіз, сөз тіркестерін құраңыз, әр түріне сөйлем ойлаңыз.

Аудар, тіле, көмектес, істе, сөйлеткіз.

93-жаттығу. Берілген мақалдардан және өлеңнен етістіктің шақтарын тауып, көп нүктенің орнына жұрнақтарын жазыңыз.

1. Екі мылжың кездес… , әңгімесі ұзарар

Екі тентек кездес… , шекелері қызарар.

2. Айтар сөзін білме…

Адамдықтан не пайда.

Артқан жүгін тартпа…

Атандықтан не пайда.

Ұрлық қылып мал бер…

Адалдықтан не пайда.

3.Ұста барда қолың тый,

Ұстаз барда тілің тый.

4. Гүл өс… - жердің көркі, қыз өс… – елдің көркі.

5. Сүйгеніңді ізде..ң, жел оңынан тұрады.

6. Баста ми жоқ бол…, екі аяққа күш түсер.

7. Айтушы ақылды бол…, тыңдаушы дана болады.

8. Ойнап сөйле…ң де, ойлап сөйле.

9. Ағайын тату бол… - ат көп,

Абысын тату бол… - ас көп.

10. Азғын артар қаз бен қу,

Суал… айдын көлдері.

Өзеннің ойы құлазыр,

Жайлаған кет… елдері

Тиянақ кетер дариядан,

Бұзыл… шалқып сеңдері.

Дарияға кеме жүзе алма…,

Құрсаулы кет… шеңбері.

Айбынды туған ер жігіт,

Кемшілік табар майданда

Семсері кет… белдегі.

94-жаттығу. «Менің арманым» тақырыбына келер шақта күнделік бетін жазыңыз.

16. Соөж Менің жұмыс орным

Сәлеметсіз бе, менің атым – Айгүл Абайқызы.

Мен тіркеу бөлімінің бастығымын. Менің жасым 38-де. Менің отбасым бар. Күйеуім фирмада жұмыс істейді. Үлкен балам Астанада Еуразия университетінің экономика факультетінде оқиды. Кіші қызым 5-сыныптың оқушысы. Бөлімде 10 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда 2 бас маман, 3 жетекші маман бар. Мұнда 4 үстел, 10 орындық, 4 компьютер бар. Бұл – Гүлмира. Ол бөлімнің бас хатшысы. Ал мынау – келуші. Біз хат қабылдаймыз. Жорналға тіркейміз. Келушілерге жауап береміз.

Ал сіздің бөлімде не істейді?

65-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

66-тапсырма. Тіркеу бөлімінде мына заттар бар ма?

Карта, микрофон қағаз, орындық, үстел, сызғыш, шам, тақта, жорнал, хат.

67-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Біз ... жазамыз.

  2. Тіркеу ... маманы хат қабылдамайды, жорналға тіркейді.

  3. Айгүл Абайқызы тіркеу бөлімінің ... .

  4. Бас маман ... жауап береді.

Біздің ұжым

Біз Астанаданбыз. Біздің жұмыс орнымыз Астанада орналасқан. Біз жұмыста қазақша сөйлесеміз, әңгімелесеміз және сәлемдесеміз. Біздің ұжым мемлекеттік тілде жақсы сөйлейді. 1-2 адам ғана қазақ тілінде сөйлей алмайды. Олар қазақ тілін үйреніп жүр. Жақында олар да мемлекеттік тілде жақсы сөйлейтін шығар. Біз құжаттарды екі тілде жазамыз. Мен құжаттарды алдымен мемлекеттік тілде, содан соң орыс тілінде жазамын, себебі қазақ тілінен орыс тіліне аудару оңай. Мемлекеттік тілде жақсы сөйлеуге тырысу керек.

Сөздік минимум

әңгімелесу – беседовать, разговаривать

ұжым – коллектив

құжат – документ

оңай – легко

орналасу – помещать, находиться

68-тапсырма

Сіздің жұмыс орныңыз қай жерде орналасқан?

Сіз жұмысыңызда қай тілде сөйлейсіз?

Сіз көмекшіңізбен, кеңесшіңізбен қазақша (мемлекеттік тілде) әңгімелесесіз бе?

Сіздер қай тілде сәлемдесесіздер?

Сіздің ұжымыңыз мемлекеттік тілде жақсы сөйлей ала ма?