Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

44. Л/т. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық

Г/т. Қысқарған сөздер

Біріккен Ұлттар Ұйымы /БҰҰ/

Біріккен Ұлттар Ұйымының ізашары – Ұлттар Лигасы болып табылады. Ұлттар Лигасы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен құрылды. Бастапқыда оған 42 ел мүше болса, кейін олардың саны 57-ге жетті. Лиганың құрылуына Франция, Оңтүстік Америка, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттарының халықаралық бейбітшілікті сақтау мен Европада 1914-1918 жылдары болған соғыс сұмдықтарының қайталануынан бүкіл әлемдік ұлттар ұйымы қорғай алады деген сенімі негіз болды.

Алайда, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы – Лиганың өзінің негізгі мақсаты – бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз ете алмағандығын көрсетті. Ұзақ уақыттар бойы өз еркімен әрекет етіп үйренген мемлекеттердің мұндай жаңа ұйымға бағынуы өте қиынға соқты. Соның нәтижесінде Ұлттар Лигасы өз қызметін тоқтатты.

Екінші дүниежүзілік соғыс қызу жүріп жатқан кездің өзінде баспасөз бен қоғамдық пікірдің қатты әсерін сезіне отырып Ұлыбритания, Қытай, АҚШ және КСРО соғыстан кейін бүкіл әлемдік ұйым құру мәселесін жан-жақты талқылады. Аталған елдердің өкілдері халықаралық ұйымның жобасын жасау үшін 1944 жылы Вашингтонда бас қосты. Соғыстың соңына қарай халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын құжаттың түпкілікті мәтінін жасау үшін Сан-Францискоға 50 елдің өкілі жиналды. 1945 жылы 26 маусымда 56 ел қол қойған бұл құжат – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы еді.

1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы бекітіліп, Біріккен Ұлттар құрылды. Содан бері бұл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми құрылған күні ретінде аталып өтіледі.

1995 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел мүше болды. Қазақстан 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

Тірек сөздер:

Ынтымақтастық, халықаралық қоғам, халық, ел, жұрт, қауым, бүкіл әлемдік, дүниежүзілік, халықаралық ұйым, одақ, мүше болу, БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), Ұлттар лигасы, БҰҰ-ның жарғысы, қауіпсіздік кеңесі, қамқорлық жөніндегі кеңес, Европа одағы, бейбітшілікті сақтау, хатшылық қызметкерлері. ТМД елдері, толыққанды мүше, дербес субъекті, серіктестік, интеграция саясаты, стратегия, тактика, обьективті негіз, өнеркәсіп кешенін дамыту , ядролық қарусыз мемлекет мәртебесі, ұлттық қауіпсіздік жүйесі, территориялық тұтастық, құқық нормалары, дүниежүзілік тәжірибе, әскери доктрина, экологиялық аймақ, экологиялық қауіп, экономикалық одақты сақтау, нығайту, кәсіпорындар арасындағы байланыс, шикізат экспорты, дүниежүзілік нарық, ғылыми-техникалық орталық, бірлесіп пайдалану, конверсияны жүргізу, заңдар кешенін талдау, жүктер транзиты, қамтамасыз ету. Ізашар, лауазым, жарна, құжат, бейбітшілікті сақтау, халықаралық ұйым құру, ресми тілдер, мәжбүр ету, табанды түрде, жарғы, қауіпсіздік, әлеуметтік, алаңдаушылық, қуаттылық, қарар, бағыну, зерттеу, қадағалау, қауіпсіздік ережесі, талқылау, сақтау, қабылдау, бекіту, европалық комиссия, Европалық парламенті, қоршаған ортаны қорғау.

Сөйлесім үлгілері:

  • Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға қашан мүше болды?

  • 1992 жылы 2 наурызда.

  • Лиганың негізгі мақсаты не?

  • Халықаралық бейбітшілікті сақтау.

  • БҰҰ-ның басты органдарын атаңыз?

  • Бас Ассамблея, Халықаралық сот, Қауіпсіздік Кеңес, Экономикалық Әлеуметтік Кеңес, Хатшылық.

  • ТМД елдеріне қандай мемлекеттер кіреді?

  • Ресей, Қазақстан, Белорусия, Украина,

  • Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, т.б.

  • Қазақстан және ТМД елдерінің ортақ мүддесі неде?

  • Әскери, саяси, экономикалық мүдденің ортақтығы және халықаралық қауіпсіздікті нығайту шараларын жүзеге асыру.

  • БҰҰ-ның қанша ресми тілі бар?

  • 6 ресми тілі бар.

  • Қай жылы БҰҰ құрылды?

  • 1945 жылы 24 қазанда.

  • ЕО қай жылы Қазақстанмен әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасады?

  • 1994 жылы.

  • Тасис бағдарламасы не үшін жасалады?

- Жаңа тәуелсіз мемлекеттермен экономикалық және саяси берік байланыстар орнату мақсатында жасалады.