Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

17. Соөж Жұмыссыздық деген не? Еңбекпен қамтамасыз ету мекемелері Жұмыс бар, жалақы аз

Әкімдікте болған мәжілісте облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы Руслан Әдиетов қызметкерлердің саны толмауы салдарынан “Жол картасы” бойынша жоспарланған бірнеше ірі нысандар құрылысын жүргізуде кедергілер орын алғандығынан хабардар етті. Мәселен, Атырауда су құбырлары мен су тазарту қондырғыларын салып жатқан “Азия –Маркет” ЖШС - не жұмыстың басталуына қажетті 2 мың адамның орнына бүгінгі күні бар - жоғы 67адам ғана жиналды. Дегенмен, қалалықтарды да түсінуге болады. Оларға айына 15 мың теңге ғана еңбекақыны уәде етіп отыр.

Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша түрлі нысандарда еңбекақы 30 – 50 мыңды құрады, ол кезде жұмысқа ниет білдірушілердің кезектегі легі толассыз болатын. Енді болар – болмас қана.

Облыстық құрылыс басқармасының бастығы З.Макеновке еңбекақыны өсіру үшін ресурстар көзін табуға бір апта мерзім берілді. Жұмыспен қамту басқармасы жұмысшы күшінің жетімпеушілігін селодағы жұмыссыздар есебінен толтыру ұсынысымен шықты. Бүгінгі жоба бойынша жұмысқа 100 махамбеттік тартылды.

Бұған ұқсас жағдай Қызылқоға ауданында поселке аралық газ құбырларын тарту құрылысын жүргізіп жатқан “АтыраутрансгазЛТД” кәсіпорнында орын алып отыр. Сұранысына қарай мыңнан астам адам қажетті болғанына қарамастан, бұл жерде тек адам ғана жұмыс жасайды. Ал, газ құбырларын тапсыру мерзімі мамыр айының аяғына белгіленіп отыр. Және бұл облыстағы жұмыссыздық деңгейі жоғары ауданда орын алып отыр.

71-тапсырма. СОӨЖ тақырыптары бойынша әңгіме жазыңыз.

72-тапсырма. Еңбек пен зейнет туралы мақалдарды жаттаңыз.

Бейнет, Бейнет түбі зейнет.

Еңбек етсен емерсің.

Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.

Қолы қимылдағанның Аузы қимылдар.

Ерте тұрған жігіттің Бір ісі артық. Ерте тұрған әйелдің Ырысы артық.

Ерінген екі істейді.

Бағы тайған адамды, Түйе үстінен ит қабар.

18. Л/т. Бос уақыт және қызығушылық. Студенттің бір күндік уақыты

Г/т. Өткен шақ

Бүгін Әнуар сағат 6 (дан) кеткенде тұрды. Ол жуынды, таранды, жаттығу жасады, төсегін жинады. Сағат 7 (ден) 30 минут кеткенде асқа отырды. Сағат 8 (де) үйден шықты. Аялдамаға 8 (ден) 15 минут кеткенде келіп, автобуспен университетке дейін 20 минутта жетті.

Сағат 9 (ға) 25 минут қалғанда университетке келді. Ол Дәулетпен сағат 9 (да) кездесіп, заң факультетіне кірді. Жарты сағаттан кейін олар кітапханаға барды. Кітапханада сағат 10 (нан) 1 (ге) дейін отырды. Түстен кейін спорт жарысына барды.

73-тапсырма

  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтіндегі уақыт, мезгілді білдіретін сөздерді теріп, сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

  3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  4. Үлгі бойынша өз күн тәртібіңізді жазыңыз.

5. Өз күн тәртібіңіз бен досыңыздың күн тәртібін салыстырыңыз.

74-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Бізде сабақ сағат ________ басталып, сағат ________ аяқталады.

Асхана ___________ жұмыс істейді.

Мен _________ оқу залына барамын.

Қазір сағат _________ .

75-тапсырма. Сөйлесіңіз. Түрлі нысандарды қолданыңыз.

76-тапсырма. Есте қалған мезгіл, уақытқа байланысты сөздерді жатқа жазыңыз.

77-тапсырма. Мына сөздік минимумды пайдаланып, төмендегі үлгі бойынша күн тәртібіңізді жазыңыз: тұру, жуыну, киіну, сабаққа бару, сабақтың басталуы, сабақ, түскі ас, оқу залында, СОӨЖ, үйге қайту, демалу, қыдыру, бос уақыт, кешкі ас, ұйқыға жату.

Өткен шақ

Өткен шақ Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын білдіретін етістіктің шағын өткен шақ дейді. Өткен шақтың үш түрі болады: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.

96-жаттығу. Өткен шақты етістікті табыңыз.

Қаз ұшып жүр. Қаз ұшып кетеді. Қаз ұшып кетті. Шам жағулы тұр. Шам жағылады. Шам жағылды. Ойын басталады. Ойын басталды. Ойын басталып жатыр. Қара бидай дәнін тастар. Құстар топ-топ болып ұшып жүрер. Аяңдап күз де келер.

Ертең ат шабады, балуан күреседі. Әр алуан бәйгелер болады. Байдалы, Сүйіндік, Ызғұттылар келушілерді тосып тұрғалы бірталай уақыт болды. Қонақтар төрт тараптың бәрінен лек-лек болып, жылжып келе жатыр. Әр топтың алдынан күтушілер шауып шығып үлкендер тұрған төбеге қарай бастайды. Олар өзді-өзі үйлеріне алатын қонақтарын алдын ала білетін.

Абай жігіттері: Жиренше, Ербол, Базаралы, Мырзахандар да сол қонақ тосушылардың тобында жүр. Абай өзі қонақ үйлерінің қасында, қырық-отыз жігітімен, Жетісу жағының қонақтарын тосып тұр. Жігітек, Бөкеншілер тіккен үйдің бірталайы өз қонақтарын қарсы алып жатыр. Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. (М.Ә.)

97-жаттығу. Оқып шығып, өткен шақ мәніндегі етістіктерді теріп жазыңдар.

Жыл мезгілдері өз қалпында дөңгеленіп өтіп жатыр. Заман көріністері, тұрмыс салттары біртіндеп өзгеруде. Танабай ауылында да едәуір өзгерістер болған. Екі-үш шикі қыштан салынған үйлер тұр.

Мектептегі татар қызы мұғалима мен Ғайни әйелдерді ұйымдастырушы болып істейді.

Міне, мұғалима бір топ ересек балаларға есеп үйретіп тұр. Балалардың шетінде Ғайни де мұғалиманың шығарған есебіне тесіле қарап отыр. (С.С.)

Маңдайдан жасаған шабуылдың зор шығынға ұшырататынын Ержан сезіп келеді. Жау оғының шеті Ержан взводының тура алдынан жарқылдайды. Ержан бөлім командиріне тура солға бұрылуға әмір етті. Жүгіріп бара жатқан солдаттар арасынан әлдебіреудің тұлғасы Ержанның назарын тарта берді. Оның қимылында өзге жауынгерлерге ұқсамайтын бір сыпайы қозғалыс байқалады. (Т.А.)