Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Туған ұлдан не пайда?

Ақ жұмыртқа, сары уыз,

Әлпештеп қолда өсірген,

Туған ұлдан не пайда,

Қолына найза алмаса,

Атаның жолын қумаса?!

Алаштың байлығынан не пайда,

Құланнан басқа ел таппай,

Қонарына жер таппай,

Маңқиған сары даладан

Екіндіде құлаған,

Тарығып келген ерлерге

Қайыры оның болмаса?!

Алтын тақты хандардың

Хандығынан не пайда,

Қаріп пенен қасірге

Туралық ісі болмаса?!

113-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз. М.Өтемісұлының басқа өлеңдерімен таныс.

Сөздік

азаттық – свобода

күрескер - борец

өңір - окружность

көшпелілер - кочевники

соңғы тұяғы – последний наследник

тұлғалардың - личностей

әділет сүйгіш - свободолюбивый

азатшыл рухы - вольный дух

114-тапсырма. СОӨЖ тақырыптарына берілген мәтіндерді толықтырып, мәнжазба дайындаңыз.

24. Л/т. Қазақтың хандары,билері, батырлары. Шешендік өнер. Әдет-ғұрыптары.

Г/т. Септік жалғаулары.

Қазыбек Келдібекұлы - Орта жүздің төбе биі, шешендік өнердің маңдайалды өкілі ретінде еліміздің тарихында мәңгілік орын алған аса ірі тұлға.Ол Тәуке ханның кезінде «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын жасаушылардың бірі болған. Ол - халқының біртұтас, дербес мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Сонымен бірге Қазыбек өз тұсындағы қазақ хандарының ақылшысы, мемлекетаралық шиеленісті бейбіт жолмен реттеуді жақтаған парасатты елші-мәмлегер, дипломат та бола білген. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген. Атап айтқанда, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 ж. орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан. Қаз дауысты Қазыбекті үш қырынан қарастырған жөн. Ең алдымен ол - асқан шешен, ақын болған кісі. Екішіден, ел басқарған, дау-жанжалды шешкен, әділ қазы. Үшіншіден, ол халықарлық дәрежедегі елші - дипломат, қоғам қайраткері.

Халық аңызы - Қазыбектің дауысы қоңыр қаздың даусындай болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен. Сондықтан оны Қаз дауысты Қазыбек деп атаған, - дейді.

Қазыбектің туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи ғимаратында жерленген.

115-тапсырма. Қазыбек би сөздерінен үлгі-өнеге алыңыз.

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылды болса, інің жақын,

Инабатты болса,келінің жақын.

Сыйлас болса, көршің жақын,

Адал болса, досың жақын,

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң - әйелің қымбат,

Құт-береке –атаң қымбат,

Туып-өскен - елің қымбат,

Кіндік кескен - жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

Би сөзін жазып, жаттап алыңыз.

116-тапсырма.

  1. Жаңа сөздерді аударыңыз.

  2. Жаң сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін еске сақтаңыз.

  3. Жаңа сөздерді дұрыс айтып жаттығыңыз.

117-тапсырма.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтінді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

  4. Мәтін бойынша пікірлесіңіз.

118-тапсырма.

  1. Қазыбек би сөздерін оқыңыз.

  2. Би сөздерінің мәнін түсініңіз.

  3. Би сөздері өзіңіз үшін керек пе? Өнеге тұтуға бол ма? Би сөзінің сізге қайсысы ұнады, пікіріңізді жазыңыз.

119-тапсырма.

1.Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

1) Қазыбек Келдібекұлы - Орта жүздің төбе биі,...

2) Ол Тәуке ханның кезінде «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын...

3) Ол халқының біртұтас, дербес мемлекетін құруға және оны...

4) Сонымен бірге Қазыбек өз тұсындағы қазақ хандарының ақылшысы, ...

5) Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ...

2. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз:

1) Ең алдымен ол - асқан шешен, ақын болған кісі.

1) .....................................?

2) Екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды шешкен, әділ қазы.

2) .....................................?

3) Үшіншіден, ол халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.

3) .....................................?

4) Халық аңызы - Қазыбектің дауысы қоңыр қаздың даусындай болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен.

4) ......................................?

5) Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи ғимаратында жерленген.

5) ........................................?

Өздік жұмыс

1. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мәтін бойынша тиісті сөзді жазыңыз.

1) Қазыбек Келдібекұлы - Орта жүздің..., шешендік өнердің маңдайалды ... ретінде еліміздің тарихында ... орын алған ...

2) Қаз дауысты Қазыбекті ... қырынан қарастырған жөн.

3) Қазыбек өз тұсындағы ... ақылшысы, мемлекетаралық ... бейбіт жолмен реттеуді жақтаған ... елші-мәмлегер, ... та бола білген.

2. 1) «Қазыбек бидей шешен болғым келеді» деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.

2) «Өмір жақсару үшін бәріміз де әділ, адал болайық» деген тақырыпта ойталқы өткізуге дайындалыңыз.

3. Түрлі тілдік жағдаятта сөйлесу

1. Әділ болу қиын ба? - деп сізден сұрады, жауап беріңіз.

2. Шешен болғың келе ме? - деп сізден сұрады, жауап беріңіз.

3. Дипломат болу үшін сөзтапқыш, шешен болу керек пе? - деп сұрады, жауап беріңіз.

Қазыбек бидің ақылдылығының бір көрінісі.

Қазыбектің ағайындары - Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігіне сүйеніп, оны бір күні шақырып алады. Әуелі Бертіс би:

Ақылы елден артылған,

Ақылың болса, мақтан.

Ынтымағы жұрттан асқан,

Жақының болса, мақтан.

Сенің жасың кіші ғой,

Ағаның алдына шығудан сақтан! - деп ескертеді. Қазыбек оларға:

Бір бала бар -

Атаға жете туады.

Бір бала бар -

Атадан өте туады.

Бір бала бар -

Кері кете туады! - деп, жауап береді.

Мұның айтканын, ана екеуі кек тұтып, күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді. Бұзықтар Қазыбектің үстіне шекпен жауып, сабамаққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің кенже інісі Бөдене батыр екен. Ағайындарының ағасын оңаша шақыруынан қауіптеніп, асығып жеткен беті осы еді.