Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

61.Соөж Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар

Республикамызда (2009 жылдың басы) 108 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар бар. Жалпы ауданы 9,3 млн га., жер қорының 3,4 пайызы.

Оның құрамына 10 табиғи қорық. Қорғалжың, Алматы, Алакөл, Батыс Алтай, Марқакөл, Наурызым, Барсакелмес, Үстірт, Ақсу- Жабағылы енеді.

10 ұлттық саябақ: Көкшетау, Бурабай (Ақмола обл), Іле Алатауы, Шарын, Көлсай көлдері (Алматы обл),Қатонқарағай, (ШҚО ), Қарқаралы (Қарағанды обл), Баянауыл (Повлодар обл),Сайрам- Өгем (ОҚО).

2 орман шаруашылығы Ертіс және Семей ормандары.

50 қорықша: 5 қорық зонасы Каспий теңізінің Солтүстік жағалауы, Жусандала (Жамбыл обл), Кендірлі – Қиясай (Маңғыстау обл), Арыс, Қаратау және Оңтүстік Қазақстан (ОҚО).

26 табиғат ескерткіштері:

  1. Ботаникалық бақша

Іле (Алматыобл), Негізгі(Алматы), Алтай(ШҚО), Жезқазған(Қарағанды обл), Маңғыстау (Ақтау).

Қазіргі кезде Жоңғар, Бұйрытау (Қарағанды обл) ұлттық парктерін ашу көзделуде. Сонымен бірге Ақсу- Жабағылы, Барсакелмес, Марқакөл қорықтары мен Баянауыл Ұлттық паркінің ауданын ұлғайиу көзделуде.

306-тапсырма.

1.Мәтінді аударыңыз.

2.10 ұлттық саябаққа саяхат жасаңыз (слайд жасаңыз)

3, Атырауға келген шетел қонақтарын Атырау табиғатымен қалай таныстырар едіңіз.

Жақсы өмір сүргіңіз келсе...

307-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Ешнәрсе адамға оңайлықпен келмейді, егер жақсы өмір сүргіңіз келсе, жетістікке жету

А) үшін тек қана армандау керек.

В) үшін тек қана ұжымның алдында жеңіс бермеу керек.

С) үшін тек қана алға ұмтылыңыз

Д) үшін тек қана лауазымы жоғары адамдармен дос болу керек.

308-тапсырма.

1.Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

2.Жақсы өмір сүргіңіз келсе... ойыңызды жалғастырыңыз.

3. Мәтіннен зат есімнің,сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.

309-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Өмір,ақша,есепшот,дос,сыйлық,қамқорлық,құндылық.сүйіспеншілік,күш- куат,ықыласын сезіну, қабілеттілік, билік, ықпал, адалдық , жақсы өмір, сенім.

310-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Мәдениет,достық,сыйластық,сенімділік,құрбы-құрдастар,отбасы,әке, махаббат,сүйіспеншілік.

Г/т. Салалас құрмалас сөйлем.

30

2

62. Л/т. Қазақ тіл ғылымының теориясын қалыптастырған алғашқы тілші ғалым Сәрсен Аманжолов

Г/т. Сабақтас құрмалас сөйлем

1903 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылында дүниеге келді. 1958 жылдан ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі. 1946-1958 жылары Қазақстан Ғылым Академиясының тіл-әдебиет институтында бөлім меңгерушісі болды. С.Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғылыми жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі ықпал етті. Соынымен қатар, халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген докторлық диссертациясында қазақтың әдеби тілімен қазақ тілінің диалектілік негізін оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдерімен жақындығын, ру – тайпа, халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды. С.Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін, сөйлемге берген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін енгізді. Аманжолов – қазақ тіл ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі.

Тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс.

Жаңа сөз

Синонимі

Антонимі

Аудармасы

Қалыптастыру

Ілгері

Елеулі

Ықпал

Нұсқаулар

Ру-тайпа

Жүйе

Шарт

311-тапсырма. Сұрақтарды пайдалана отырып сұхбаттасыңыздар.

  1. Аманжолов Сарсен Аманжолұлы қандай іспен халыққа белгілі болды?

  2. Ол қандай оқулықтар жазды?

  3. С.Аманжолов қандай ғалымдармен, жазушылармен байланыста болды?

  4. С.Аманжоловтың қандай еңбектері бар?

  5. Қазақ тілінің дамуына ол қандай үлес қосты?

312-тапсырма. Сөзжұмбақ шешіңіз.

Сұрақтар:

  1. Өнердің жазба түрі.

  2. Ұстаздың оқушысы.

  3. Адамды қандай да бір әрекет жасауға итеретін әсер.

  4. Әр ғылымның маңызды бөлігі.

  5. Заттарды реттеу.

  6. ......етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  7. Мәселені шешу амалы.

  8. Қарым-қатынас.

  9. Ол әр есепте бар.

  10. Шешімнің қиындығы.

Алғашқы сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз, келесі сөйлемдерге бағына байланысқан құрмалас сөйлем сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Оның алты түрі бар:

Сабақтастың

түрлері

Мысалдары

1

Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Айман барғанға дейін, той аяқталып қалды.

2

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Оған сөз бергенмен, ертеңіне уәделі жерге келмеді.

3

Себеп бағыныңқы сабақтас

Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

4

Мақсат бағыныңқы сабақтас

Өзін шаршатпайын деп, үйге кіріп демалды.

5

Шартты бағыныңқы сабақтас

Не ексең, соны орасың.

6

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Олар Абзалды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.

236-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің қай түрі екенін ажыратыңыз.

1. Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінеді.

2. Ғылымның үш саласы бар: олар жаратылыстану ғылымы, қоғамдық ғылым және дүние тану жайындағы ғылым.

3. Жас болғанымен, оның жүрегінде әлдебір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.

4. Асқар совхозға оралған шақта, көктем өз күшіне әбден енген еді.

5. Бауыржан барлық жағдайға қорытынды жасап келді де, шегінуді мақұл көрді.

6. Тойман досын шығарып салмақ болып, келуге тиіс машинаны сыртта тұрып тосты.

7. Ақындар шай ішіп болған соң, домбыраның құлағын бұрай бастады

237-жаттығу. Мәтіннен жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіздер.

Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез әрі сергек оянды. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеннің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді.

238-жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмаласқа айналдырыңыздар.

Айтанның өңі бұзыла бастады, бірақ ол даусын өзгертпеді. Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен-кіші қонақтардың айланасына жиылды. Өмірде қателескен екенсің - мойындай білу деген қандай жақсы! Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды. Жаңыл үндемеді, әйтсе де бұл жолы ойланып қалған тәрізді.

239-жаттығу. Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын ажыратып, тиісті сұрауларын қойыңыздар.

Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді. Жол ұзамай, көбейген қалың көмір қойнына кіргізбейді. Саз бен құмға кездессе, машинадан түйе жүйрік. Әр күннің қорытындысын қағазға түсірмей, ешкім үйіне де кетпейді. Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.

240-жаттығу. Қарсылықты салалас сөйлемдерді қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа, керісінше, қарсылықты сабақтас сөйлемдерді қарсылықты салаласқа айналдырып, араларындағы айырмашылықты көрсетіңіздер.

Рас, менімен бірге істеген жолдассың, бірақ мына мінезің жолдастықтан айырады. Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын. Жасының қартандығына қарамай, Ораз сол кезде балаларынан жүйрік. Сән табылар - әң табылмас. Күн шуақты болғанмен, ағаштардаң ажары сынық. Сарыарқада талай жақсы жерлер бар-ау, - тап мынадай төрт түлік малға бірдей жайлы жер кемде-кем шығар.

241-жаттығу. Қандай сөйлемдер екендігін анықтаңыз. (құрмалас сөйлем)