Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Әйтеке би

Әйтеке 1644 ж. Өзбекстан Республикасының Қазбибі тауы, Қызылша аулында дүниеге келген. 12 жасына дейін үлкен әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, Бұхар, Самарханд медреселерінде араб-парсы тілдерін оқып үйренген. Әмір Темірдің әскеи өнері мен ел басқару жолымен тәлім алған. 36 жастағы Әйтеке Нұрата аймағынан бастап, Сыр бойы, Қызылқұм, Үстіртте жасаған Кіші жүз руларының төбе биі болып сайланады. Әйтеке би Тәуке ханның «Хан кеңесіне сайланған» алты бидің бірі болған.

Бабасы Жалаңтөс батырдың әскери мектебінен тәрбие алған Әйтеке қазақ хандығының саяси бірлігін нығайтуды, тәуелсіздігін сақтап қалуды көздейді.

Әйтек - артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған шешен, ол тапқыр шешендігі, әділ билігімен мәлім болған.

1698 ж. Хан кеңесі орыс патшасына қосылу жөнінде мәселе көтереді. Сонда Әйтеке би: «Тазыдан қашқан түлкі қақпанға тап болады» дегендей, қазақты біржола құрсаулы қақпан, қазулы орға түсіріп, ақыр заманға дейін орысқа бодан етіп беретін пиғылыңды құптамаймын. Әкең Жәңгір қалмақтармен соғыста жекпе-жекке шығып, кебін кигенін ұмыттың ба? Ұлың Сұлтан Қалмақтың қолында тұтқында. Ендігі қалғаны қазақ халқын орысқа тұтқын ету ме ойың? Қайсы елге болса да мойнымызды ұсынып, өмірлік бодан болуға үзілді-кесілді қарсымын», - дейді.

Әйтеке би 1700 ж. 56 жасындап қайтыс болды.

120-тапсырма. Әйтеке би сөздерін жазыңыздар, жаттаңыздар.

  1. Атаң қазақ атты түсіне қарап таниды, ерді ісіне қарап таниды.

  2. Атасы бас имеген жерге тізе бүккен ерді ер емес, ез деп біледі.

  3. Ел ағасы ақымақ болса, елін жау түгіл жолаушы тонар.

  4. «Құс жаманы ұясына саңғиды» демекші, ондай ерлер ел басқарса, өз елін жаумен бірге тонаудан шімірікпейді.

  5. Ақыл мен мінез - ақылсызға берген жаратқанның жазасы.

  6. Жақсы адамның серігі - ақыл, қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, татулық, бірлік.

  7. Ер жігітке төзім - тірек; сабыр - қамал; ақыл - әл-қуат; ар - абырой; қазына, қанағат - асыл тас; бата - мұра; әдеп - сән; жалған сөз – дерт; ақиқат - ем; үміт - көңіл азығы.

  8. Төле би мен Қазыбек би Әйтеке баладан: «Жігіттің жақсысы қандай болады?» деп сұрапты. Әйтеке: «Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген», - деп жауап беріпті.

121-тапсырма.

1.Жаңа сөздерді аударыңыз.

2.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.

3.Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығыңыз.

122-тапсырма. Аталы сөз, ел жадында, құрсаулы, пиғыл, есімі, кебін, тұтқын, Хан кеңесі, ақыр заман, бодан сөздері мен сөз тіркестерінің мағынасын «Түсіндірме сөздіктен» тауып жазып алыңыз.

123-тапсырма.

  1. Мәтіндерді бірнеше рет оқыңыз.

  2. Мәтіндерді аударыңыз.

  3. Мәтіндерді әңгімелеуге жоспар жасаңыз.

  4. Мәіндерді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

124-тапсырма

1. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мәтіндегі тиісті сөзді жазыңыз:

1) Әйтеке би ..ж. Өзбекстан... Қызылша... дүниеге келген.

2) Әмір Темірдің әскери ... мен ... басқару ... тәлім алған.

3) Әйтеке би ... ханның «Хан ... сайлаған» алты бидің бірі болған.

4) Әйтеке қазақ ... саяси ... нығайтуды ... сақтап ... көздейді.

5) 1698 ж. ... кеңесі ... патшасына ... жөнінде мәселе көтереді.

6)Қазақ ... орысқа ... ету ме ойың?

7) Әйтеке би ... жылы 56 жасында ... болды.

2. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз:

1) 12 жасына дейін үлкен әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, Бұхар, Самарқанд....

2) 36 жастағы Әйтеке Нұрата аймағынан бастап, Сыр бойы, Қызылқұм, Үстіртте жасаған Кіші жүз руларының....

3) Бабасы Жалаңтөс батырдың әскери....

4) Әйтеке артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған шешен,...

5) Сонда Әйтеке би: «Тазыдан қашқан түлкі қақпанға тап болады» дегендей, қазақты біржолата құрсаулы қақпан, қазулы орға түсіріп, ақыр заманға дейін орысқа бодан етіп беретін....

6) Қайсы елге болса да мойнымызды ұсынып, өмірлік бодан болуға....

Өздік жұмыс

1. 1.Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз:

  1. Әйтеке – артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған шешен.

1) ......... ?

2) Әйтеке би тапқыр шешендігі, әділ билігімен мәлім болған.

2) ........... ?

3) Қайсы елге болса да, мойнымызды ұсынып, өмірлік бодан болуға үзілді-кесілді қарсымын.

3) ........... ?

4) Әйтеке би Тәуке ханның тұсында «Хан кеңесіне сайланған» алты бидің бірі болған.

4) ............ ?

5) Әйтеке қазақ хандығының саяси бірлігін нығайтуды, тәуелсіздігін сақтап қалуды көздейді.

5) ............ ?

2.Мына сөйлемдерді жалғастырып, аяқтаңыз:

1) Қазақ біржолата құрсаулы қақпан, қазулы орға түсіріп,....

2) Әкең Жәңгір қалмақтармен соғыста ....

3) Ұлың Сұлтан қалмақтың ....

4) Ендігі қалғаны қазақ халқын ....

5) 1698 жылы Хан кеңесі орыс патшасына ....

2. 1) «Ел аузынан» кітабынан Әйтеке бидің ұлағатты сөздерін жазып алыңыз.

2) Әйтеке би сөздерінің не туралы, қандай пайдасы бары туралы әңгіме жазыңыз.

3) «Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биге ортақ қасиеттер» тақырыбына әңгіме жазыңыз.