Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

17. Л/т. Менің ұжымым.

Г/т. Көптік жалғау

Қазақ тілі орталығында

Біздің қаламызда қазақ тілі орталығы бар. Орталықтың мүшелері әртүрлі мемлекеттен: Қазақстаннан, Ресейден, Үндістаннан, Австралиядан, Америка Құрама Штаттарынан, Ұлыбританиядан, Германиядан және т.б.

Мынау Мина Кумар. Ол Үндістаннан. Ол құқық мектебінде сабақ беріп жүр. Жасы жиырма алтыда. Мина тұрмыста. Минаның күйеуі де Үндістаннан. Оның аты Суреш Кумар. Сурештің жасы жиырма жетіде. Ол – тіс дәрігері.

Ана жігіт АҚШ- тан. Оның аты Вильям Викхам. Ол – шетел фирмасының бастығы. Ол Нью–Йорктен. әйелінің аты Шерил. Вильям отыз бесте, ал Шерил отыз екіде. Ол –зерттеуші–ғалым, қазақ тілін зеттеп жүр.

Мына жігіт Виталий Павлов. Ол Ресейден, Омбы қаласынан. Ол әлі үйленген жоқ. Жасы жиырма үште. Ол – шетел фирмасының менеджері.

Мына қыздар – студенттер. Олардың аттары роза Дайырова, Дарья Смирнова және Ксения Серкина. Олар Қазақстаннан. Роза Ақтаудан, Дарья Петропавлдан, ал Ксения Семейден. Олар қазақ тілін медицина академиясынан оқып жүр. Қазақ тілі орталығына қазақ тілінде сөйлесу үшін келіп жүр. Бәрінің де жасы он тоғызда.

Менің атым Әлішер, фамилиям Нұғман. Мен қазақ тілі орталығының президентімін. Орталықтың мүшелеріне қазақ тілін меңгеру үшін көмектесіп жүрмін. Әйелім жоқ. Мен Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ филология факультетінің соңғы курсының студентімін. Жасым жиырма екіде.

Бүгін қарашаның он бесі, жексенбі. Қазақ тілі орталығының мүшелері жиналып, қазақша фильм көріп отыр. Фильмнің аты “Қыз Жібек”.

Сөздік минимум

танысу – знакомство зерттеуші – исследователь

орталық – центр меңгеру – осваивать

құқық мектебі – школа права атындағы – имени

тіс дәрігері – стоматолог соңғы – последний

69-тапсырма. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Біздің қаламызда қандай орталық бар? Орталықтың мүшелері қай мемлекеттен? Үндістаннан кім бар? Олар Қазақстанда не істеп жүр? Жастары нешеде? Олардың мамандығы қандай? Әлішердің мамандығы кім? Мына студент қыздар қай қалалардан? Әлішер нешеде? Бүгін нешесі? Қазақ тілі орталығының мүшелері не істеп отыр? Фильмнің аты қалай аталады?

70-тапсырма. Оқып аударыңыз.

Менің жолдасым бар. Оның аты - Қарлығаш. Ол Тараздан. Қарлығаш он сегізде. Ол тұрмыста емес.

Менің досым бар. Оның аты - Сергей. Ол Шымкенттен. Жасы жиырма төртте. Ол үйленбеген.

Менің достарым бар. Олардың аттары - Данияр және Шолпан. Данияр Оралдан, Шолпан Өскеменнен. Данияр жиырма бесте. Шолпан жиырмада. Олардың жанұялары бар.

Көптік жалғау

Сөздің соңғы дыбысы

Конечный звук слова

 

Көптік жалғаудың дыбыстық варианттары

Фонетические варианты аффиксов множ. числа

    Мысалдар

Примеры

Дауысты дыбыстан соң

После гасных звуков

 

-лар, - лер

ұста – лар

кузнецы

Ұяң және м,н,ң дыбыстарынан соң

После звонких звуков

м,н,ң

-дар, -дер

ақын –дар

қыздар

поэты

девушки

Қатаң дыбыстан соң

После глухих звуков

 

-тар, -тер

ұшқыш-тар

есік-тер

летчики

двери

Сөз тіркесінде сан есім болғанда көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы: он кітап, жиырма дәптер.

95-жаттығу. Мына сөздерді аударып, көптік жалғауы жалғанатын сөздерге жалғаңыздар. Штора, остров, путешествие, ткань, лампа, лицо, ягода, билет, мяч, рисунок, мороз, экзамен, грязь, небо, мир, пора.