Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Сұхбат: Адамның үш жұрты және жеті ата

- Апа, қазақта «Әр адамның үш жұрты бар» - дейді ғой. Ол не деген сөз?

- Үш жұрт деген: бірінші - өз жұрты (әкеңнің туыстары), екінші - нағашыларың (олар анаңның туыстары), үшінші – қайын жұрт (ол болашақ әйеліңнің туыстары немесе қыз балаға – күйеуінің туыстары).

- Енді түсіндім. Рахмет.

- Ал, сен жеті атаңды білесің бе?

- Жоқ, білмеймін.

- Онда біліп ал. Жеті ата, олар сенің арғы жеті ата-бабаларың.

15-тапсырма:

  1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

  2. Үш жұртыңызды жазыңыз.

  3. Өзіңіздің үш жұртыңыз туралы айтып үйреніңіз.

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді.

Тәуелдік жалғаудың үш жағы бар.

Жақтары

Жалғаулары: жекеше түрі

Жалғаулары: көпше түрі

I

-м, -ым, -ім

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

II

-ң, -ың, -ің

-ң, -ың, -ің

II

-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз

-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз

III

-сы, -сі, -ы, -і

-ы, -і

7-жаттығу.Мына сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғаңыз.

Менің ел..., оның ана..., сіздің арман..., біздің ауыл..., сенің келбет..., олардың есеп..., сіздердің болжамдар..., менің қолғабыс..., сіздің көмег..., сендердің кесімдер..., олардың мақсаттар..., біздің берер..., оның бала....

8-жаттығу.Мәтін ішінен тәуелденіп тұрған сөздерді тауып, астын сызыңыз.

Ана тіліміз қазақ тілінің бүгінгі тағдыры кеудесінде намысы бар, бойында туған жерім, туған тілім деп, шыбын жаны, қасық қаны қалғанша жаумен күресе білген, рухын таптатпаған батыр бабаларымыздың қаны бар әрбір қазақ азаматын ойландыратын да, толғандыратын нәрсе. Тіл тағдыры ел тағдыры емес пе? Бүгін жіберген қателік ертең алдымыздан шықпай ма? Ата-бабадан қалған аманат жеріміз бен тіліміз емес пе? Ата-баба аманаты аяқ асты болмасын десек, балаларымыз мәңгүрт болып қалмасын десек, тіл мәселесін шешуге бәріміз бір кісідей кірісейік, ағайын!

9-жаттығу. Өлең ішінен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз, астын сызыңыз, мазмұнына қарап аударыңыз.

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерде.

Үмітің гүлдер мұғалім.

Білеміз ертең бізден де,

Өмірдің талап сұрарын.

Сонда, ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын!

Қиынға берік шыдармын,

Қияға талай шығармын!

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойыңыз.

Тайман рақаттана күліп, клубтың сыртқы есіг... ашып еді, биік баспалдақ үстінде жападан-жалғыз отырған әке...н көрді. Жұмыс киім...мен концертке кіре алмай, бала...н тастап үйге кете алмай отырып, қалғып кетіпті; есік ашылғанда селк етіп, еңсе...н көтеріп алып, Тайманға құшағ...н жая ұмтылды:

- Құлын... – ау, жырадағы суға түсіп кете ме деп зәрем ұшқаны бар емес пе?!

Бірақ, онда Дәуреннің бұл әрекет... бала...на ешқандай әсер етпеген. Әке... мұнша неге бәйек болады, мұның сыр... неде?

- Айналайын, сен жолдастар...ды тауып алып, ойнай бер.

Айжан жүз...н бала...на бұрып, оның әлденендей бір шарасыз ажар...н байқап, біраз байыптай қарап тұрды да, ұлпадай жұмсақ лебізбен:

Үйге бара бер, жарығ..., - деді.

11-жаттығу.

Тәуелдік

Жалғау

I жақ

II жақ

II жақ

(сыпайы түрі)

III жақ

ардақтым

+

туысқаның

қазынасы

ырысымыз

Тәрбиесі

үмітіңіз

Шәкірттерің

Ұстазы

сараңдығыңыз

балалары

сыныбың

қонақтарыңыз

шаңырағың

мерейіміз

еңбегіңіз

Мәдениеті

мейірімің

Көңілдері

талабым