Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Пәннің тақырыптық мазмұны бойынша сабақ жоспарлары

1. Л/т. Сәлемдесу. Танысу.

Г/т. Фонетика. Тіл дыбыстары

Сәлемдесу

Сәлемдесу, амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары сияқты. Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол алысып амандасса, жапон, қытай, үнді, халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасу рәсімін жасаған. Ал Орта және Кіші Азия, Африкадағы мұсылман халықтары ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Сондай-ақ мұсылман халқына амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілік «Сізге алланың нұры жаусын!» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға ұмтылып, қос қолын ұсынады, ал сәлем алушы қария «Уағалейкум ассалам!» деп оң қолын ұсынады. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын»- деген сөз.

Көріспегелі көп жыл болған тұрғылас, замандас, құрдас, ағайын-туыс адамдар қауышып амандасады. Қауышып амандасу (кеуде түйістіріп) үшін әуелі қос қолдап амандасып, сонан соң құшақтарын қайта жайып барып, бір-біріне төс қағысып, оңға бір, солға бір кеуде тоғыстырып, сонан соң екеуі де артқа бір табан шегінісіп, қолдарын алақан айырмастан тағы да соғысып, қос қолмен амандасады. Қауышып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Ал жастар жай ғана қол алысып, келесі қолмен арқа, иық қағысып та амандасады.

Қыз балалар бір-біріне жүгіре басып барып, құшақтасып сүйісіп немесе жай қол алысып амандасады. Жастардың амандасу түрлері «Сәлеметсіз бе? Есен-саусыз ба?» деп келеді.

Халқымыздың ұлттық дәстүрінің ең жақсы (көне) амандасу түрі - келіндер жасы үлкен ата-ене, қайнағаларға үйге кіріп амандасқанда немесе қымыз, шай, ас-су әкеп бергенде, сол тізесін сәл бүгіп, үш рет басын изеп, ибалық сәлемдесу ишаратын жасаған.

Жалпы ауыл адамдары ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып «Жол болсын» деп тілек айту дәстүр болған. «Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады» деген мәтел соның айғағы.

Құрбы-құрдас қариялардың бірін-бірі әдейі іздеп барып сәлемдесуі - халқымыздың бауырмалдық дәстүрінің белгісі. Ал ауыл аралап жүріп жастар жасы үлкен қарияның үйіне бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкенді сыйлауы кем, надан екенін бетіне басып, «Амандасуға да жарамады», «Жетесіз» деп сөгетін болған. Бұл тәрбие негізі амандық саулық сұраудан басталады, оны білмеген адамның көргені шамалы деген ұғымды білдіреді. Бұдан туатын қорытынды, қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілдікке, ибалыққы, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.

1-тапсырма. Сәлемдесу дегеніміз не?

“Сәлемдесу - парыз” дегенді қалай түсінесің?

“Сәлемдесу - мәдениеттілік белгісі” дегенге пікір білдір.

Сөйлем үлгілері: Сәлемдесу – приветствие

Сәлем! Привет!

Сәлеметсің бе! Здравствуй!

Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!

Сәлеметсіңдер ме! Здравствуйте!

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!

Денсаулық қалай? Как здоровье?

Денсаулығың қалай? Как твое здоровье?

Денсаулығыңыз қалай? Как ваше здоровье?

Денсаулықтарың қалай? Как ваше здоровье?

Денсаулықтарыңыз қалай? Как ваше здоровье?

Қайырлы таң! Доброе утро!

Қайырлы күн! Добрый день!

Кеш жарық! Добрый вечер!

2-тапсырма. «Сәлемдесу» тақырыбына берілген сөздерді пайдаланып, қысқаша сұхбат құраңыз.

3-тапсырма. «Сәлемдесудің» дұрыс қолданылуын табыңыз:

1. Жеке адамға –

2. Көп адамға –

3. Жас адамға –

4. Қарт адамға –

5. Құрдас адамға –

4-тапсырма.

  1. Мәтін мазмұны бойынша сұхбаттас.

  2. Амандасу салттары туралы не білесің?

  3. Өзің амандасудың қай түрін қолданасың?

  4. Мәтінді мазмұнда.

Көп рақмет, шын жүректен ризамын,

пейіліңізге рақмет, ниетіңізге рақмет,

алғыс айтамын, ризашылығымды білдіремін

Есіңізде сақтаңыз!

Алғыс сөздері

Сұхбаттар:

- Сәлеметсіз бе, ата?

- Аман-есенсің бе, балам?

- Күйлі-қуаттысыз ба?

- Құдайға шүкір! Қайда барасың, шырағым?

- Оқуға бара жатырмын.

- Қайда оқисың?

- Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқимын.

- Болашақта кім боласың?

- Менің мамандығым - мемлекеттік басқару маманы.

- Бақытты бол, қарағым.

- Айтқаныңыз келсін, ата. Сау болыңыз!

- Аман бол, балам.

5-тапсырма.

1. Жоғарыдағы үлгі бойынша екеуара әңгімелесіңіздер.

2. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, оларды қатыстырып, сұхбат құрастырыңыз.

а) Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл!

ә) Бір көрген біліс, екі көрген таныс.

б) Адам тілдескенше, жылқы кісінескенше.

в) Танымасын сыйламас.

г) Базарда мың кісі бар, әркім сүйгеніне сәлем берер