Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

32. Соөж Сөз өнерінің сұлулығы - жан сұлулығы.

Тіл құдіретіне арналған нақыл сөздер, өлең- жырлар.

Сөз құдіреті.

Өлең сөзінің байыбына терең мән беріп, сөз өнерінің құдіретін, әдемілігін, нақышын келтіріп, сөз кеңістігін байытқан ақынның көркемдік әлемі мен талғамы биік болары сөзсіз. Ұлы ғұлама, дана аталарымыз өлең өнерінің мазмұн-мәніне жоғары талаптар қоя білген. Сөздің өлең сөзіндегі орнын жақсы түсінген. Сөз құдіретті. Сөз – бір әлем. Сөз – адам өмірін айшықтайтын, адам танымын танытатын, кеңітетін құрал. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген аталы сөз бар. Яғни, берекеттің бір ұшы, құт-берекенің қадір-қасиеті де осы «Сөз» деген ұлылықтан шығып отыр. Неше ғасырлық тарихқа, шежіреге бай халқымызда қара қылды қақ жаратын әділдігімен бір руды, одан қалса, бір ауылды басқарып, жол сілтеп отыратын, ақсақал қариялар, одан билер мектебі қалыптасқан кезде де «Сөз» құдіреті өз мәнін жоймаған. Ақты ақ деп, қараны қара деп әділдікпен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін кесіп айтқанда, жүгірген баласынан еңкейген қартына дейін тағы да «Сөз» құдіретіне бас иген. Халқымызда «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды» деген даналы сөз осыдан қалса керек.

177-тапсырма

1.Мәтінді аударыңыз

2.Сөз құдіреті туралы мақал-мәтелдер жазып келіңіз.

3.Сөз құдіреті ұғымын түсіндіріп беріңіз.

Сөз әдебі

Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім-киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.

Сөйтіп, сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарысымды болып, адамның кішіпейілдігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның «сіз» бен «сен» сөзін орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.

Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор рөл атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер етеді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді. (Ж.Базарбаев, Ж.Нұсқабаев, Қ.Дәулетов, Ұ.Әбілдаұлы. «Инабат», Алматы, 1995 ж.)

178-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Сөз әдебі деген не?

2. Тіл шұбарлығы дегенді қалай түсінеміз?

  1. Адамның мәдениеттілігі қандай қасиеттерінен көрінеді?

  2. Қандай сөздер тілге сыпайылық береді?

  3. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер қандай көрсеткіштер?

179-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Кішіпейіл, жарасымды, ерекшелік, мәнерлі, жұмсақ, өре, тіршілік, көңіл-күй.

180-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Әдеп, сөз, пікір алысу, мінез-құлық, өре, жүріс-тұрыс, кішіпейілдік, ілтипат, ерекшелік, тіршілік.

181-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Күнделікті тіршілік, пікір алысу, тәжірибе алмасу, адамның мәдениеттілігі, ілтипат көрсету, әдеп сақтау.

Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.

Мелиоранский П.М. /1868–1906, шығыс зерттеушісі, профессор/. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды.

Ильинский Н.И. /1822-1892, Қазан университеті, профессор/. Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым.

Бенцинг И. /түркітанушы/. Ғылыми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең әсем, өте бай тілдің бірі.

Малов С.В. /орыс ғалымы/. Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік, немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ өзінің ауызекі көркем  тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын  да, қазір де даңқы шығып жүрген халық.

Саади А. /татар ғалымы/. Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

Янушкевич А. /поляк журналисі/. Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс  бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.

М.Жұмабаев.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп, «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере қашқан тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр».

Қ. Мырзалиев. Ана тілің – арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Б.Ағыбаев. Қазақша сөйле, тіліңді келтіре өң бұрап,

Қазақтың тілі тап-таза, мөлдір көл, бұлақ.

Табиғат берген тіліңнен неге қашасың,

Татьяна қыздар «Әгугайды» айтса домбыра ап?!

Болмаған ба әлде үйде абыз қария,

Ананың тілі – ананың сүті – дария.

«Шіркін-ай!» – деген лебізі неткен әдемі,

Дударға ғашық орыстың қызы Мария!

Қара көз қыздар, қасиетім едің бір қымбат,

Қарайлай берем өздерің жақтан сыр тыңдап.

Қасың да, көзің – кетті ғой менің шырқымды ап!

Тілдерің ғана ... кетті ғой менің шырқымды ап!

Кеудемді менің өртемес тағы қалай мұң,

Ай жүздеріне аяушылықпен қараймын.

Қара көз қыздар, сөйлесеңдерші қазақша,

Тілінде ұлы Абайдың!

Т.Әбдірахманова.Ана тілім- тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам - өлі, мынау дүние.

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтің табар саналысы сезінем.

А.Нысаналин. Бәрі сенде:Ұят, Абырой, Намыс, Ар,

Ерлік- күллі қасиеті алыптың.

Кім де болса сол арқылы танысар,

Барша бекзат болмысымен халықтың.

Шыңға шырқау қиын емес өренге,

Құдіретті қазақ тілім сен барда!?

Басқа тілді сүйдім... және сүйемін,

Несі айып биік мұрат көздесе.

Жаса мәңгі, менің тілім! Киелім,

Саған ыстық махаббатым өзгеше!..