Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

2. Менің атым – Сәуле

- Иә, Иә, кіріңіз.

- Қайырлы таң! Келуіңізбен!

- Рақмет!

- Сіздің көршіңізбін. Танысайық. Менің атым – Сәуле.

- Өте жақсы!

- Сіздің атыңыз кім?

- Менің атым – Анна. Анна Адамсон. Танысқаныма өте қуаныштымын!

3. Мен - Әділмін

- Кеш жарық! Танысайық. Мен - Әділмін.

- Өте жақсы. Мен – Динамын. Фамилиям – Асқарова.

Кешіріңіз, мен сіздің есіміңізді естімей қалдым. Қайталаңызшы.

- Нағыз қазақ аты - Әділ. Қазақ аттарының мағынасы кең. Әділ – таза, шыншыл болу деген сөз.

- Қандай қызық!

4 . Танысайық

- Қайырлы таң! Танысайық. Сіздің есіміңіз кім?

- Мен – Марсиямын. Фамилям –Джонсон. Мен Америкадан келдім.

- Менің атым – Қуаныш. Американың қай қаласында тұрасыз?

- Вашингтонда тұрамын.

5. Таныс болайық

- Сәлеметсіз бе? Таныс болайық. Бұл менің Франциядан келген жолдасым – Пит.

- Өте жақсы. Мен – Тұрсынмын. Алматыда қанша күн боласыз?

- Алматыда екі апта боламын.

6. Танысып қойыңыздар

- Айжан, танысып қойыңыз. Бұл менің шетелдік досым – Анна

- Анна... Танысқаныма қуаныштымын!

- Айжан... Сіз қай жерденсіз?

- Мен Мериленд штатынанмын.

- Сіз Мериленд университетінде оқисыз ба?

- Иә, аспирантурада оқимын.

- Мен Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында оқимын.

- Қайда тұрасыз? Жасыңыз нешеде?

- Жеке үйде тұрамын. Он сегіздемін.

- Тамаша! Өте жақсы екен!

Фонетика. Қазақ тілінің төл дыбыстары

Фонетика тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетикада тіл дыбыстарының түрлері, жіктелуі, сөз ішіндегі бір-біріне ықпалы, буын, екпін, орфография, орфоэпия мәселелері қарастырылады. Қазақ әліпбиінде 42 әріп (таңба), 36 дыбыс бар. 12 –дауысты дыбыс, 24 – дауыссыз дыбыс.

Дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, о, ө, ы, і, ү, ұ, и, у.

Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ, с, т, п, ф, к, қ, н, ң, м, л, р, й, ч, ш, щ, х, ц.

Қазақ тілінің төл дыбыстары: ә, ө, і, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ.

Мысалы: ән, өлең, ілгіш, ұя, қалам, ғылым, аң, жиһаз

1-жаттығу

1. Мына сөздерді мәнерлеп оқыңыз, төл дыбыстардың астын сызыңыз.

Ана, әке, аға, әпке, халық, ғасыр, өмір, өлең, өрнек, ұлан, үйшік, ғұмыр, ғаламшар, қаһарман, әйнек, үлгілі, ұлағат.

2-жаттығу Көп нүктенің орнына әріптерді қойыңыз О, Ө, А, Ұ, І.

...лжас, с...йлем, ...рман, ...лағат, кел...ншек, ...тан, қ...ман, к...ркем, ...лан, ...н...шек, Бекс...лтан, у...қыт, Бер...к, ж...ттығу, қ...рғ...н, с...зд...к.

1. Соөж Мен және басқа адам. Қоғамның басты құндылығы – Адам.

Менің аты-жөнім - Әсел Құрманбайқызы. Мен қарапайым, мінезі ашық, бауырмал қазақ қыздарының бірімін. Менің жасым жиырма екіде. Мен қазіргі уақытта еліміздің бас қаласы - Астанада тұрып жатырмын. Мен үйдің еркесімін. Әкем, шешем, ағам бар. Менің достарым өте көп. Мен ата-анаммен, достарыммен қуанамын. Мен адамдармен тез тіл табысқышпын. Бос уақытымда спортпен тұрақты айналысамын. Сурет салып, домбырамен ән айтқанды ұнатамын. Менің мамандығым экономист. Мен жас маманмын. Болашақта аты елге танымал есепші-экономист атанып, елімді, ата-анамды қуантқым келеді. Адамға, қоғамға пайдамды тигізіп, елімнің экономикасының қарыштап дамуына өзімнің үлесімді қосқым келеді. Адам өмірге келген соң, айналасына пайдасын тигізіп, жақсы істер атқару керек. Өз-өзін жақсы танып, Отанына, еліне адал қызмет ету әрбір ұрпақтың парызы. Адам өмірде алдымен өзін сыйлай білуі керек. Өзі арқылы қоршаған ортаны, қоғамды, адамдарды танып-біліп, құрметтеуге үйренеді. Адам болу, айналаны құрметтеу осыдан басталады ғой. Адам – қоғамның басты құндылығы. Қоғам адам арқылы дамып, гүлденеді. Сондықтан адам айналасына үлкен құрметпен қарап, мейлінше пайдалы іспен шұғылданып, мейірімді бола білуі керек.

9-тапсырма: Мәтінді оқып шығып, әңгімелеп беріңіз. Өз ойыңызды бөлісіңіз. Адам бойындағы басты қасиеттер дегенді қалай түсінесіз?

Сөздік минимум:

Ат, есім, аты-жөні, қуану, мен, жасым, спортпен айналысу, сурет салу, ән айту, қоғам, адам, құрмет, мамандық, айнала, болашақ, адалдық, қызмет, ұрпақ, орта, мейірім.

2. Л/т. Мен өзім

Г/т. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Үндестік заңы.

Мен өзім

Мен қарапайым қазақ баласымын. Менің аты-жөнім - Нұрлан Өтешұлы. Ұлтым қазақ. Туған жерім - Атырау қаласы. Бала-бақшаға барып, мектепті де осы қалада тәмәмдадым. Менің жасым он сегізде. Мен үйдің кенжесімін. Әкем, шешем, ағам бар. Мен студентпін. Бос уақытымда спортпен тұрақты айналысамын. Сурет салып, домбырамен ән айтқанды ұнатамын. Кейбір кездері өлең шығаратын да өнерім бар. Болашақ мамандығым дәрігер. Болашақта аты елге танымал дәрігер атанып, елімді, ата-анамды қуантқым келеді. Ауылда тұратын әжемді қолыма алып, ауырғанда күтіп-емдеп бағар едім. Адамдар өміріне араша түсіп, ақ халатты абзал дәрігер болу арманым. Адам өмірге келген соң, айналасына пайдасын тигізіп, жақсы істер атқару керек. Өз-өзін жақсы танып, Отанына, еліне адал қызмет ету әрбір ұрпақтың парызы. Адам өмірде алдымен өзін сыйлай білуі керек. Өзі арқылы қоршаған ортаны, адамдарды танып-біліп, құрметтеуге үйренеді. Сен өз алдыңа осындай міндет қоя аласың ба? Адам болу, айналаны құрметтеу осыдан басталады ғой.

10-тапсырма: Мәтінді оқып шығып, әңгімелеп беріңіз. Өз ойыңызды бөлісіңіз.

Сөздік минимум:

Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, құрмет, ұлтым, туған жерім, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Үндестік заңы.

Дауысты дыбыстар:

1. Жуан: а, э, о, ы, ұ, у.

Жіңішке: ә, е, і, ү, и, у.

2. Ашық: а,ә, е, э, о, ө.

Қысаң: ы, і, ү, ұ, у, и.

3. Езулік: а, ә, е, э, и, і, ы.

Еріндік: о, ө, ү, ұ, у.

Дауыссыз дыбыстар:

  1. Қатаң: с, т, п, ф, к, қ, ч, ш, щ, х, ц, Һ.

2. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,

3. Үнді: н, ң, м, л, р, й, у.

Үндестік заңы

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді.

  1. Буын үндестігі

  2. Дыбыс үндестігі

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз.

Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігі не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм деп атайды. Мысалы: жазу-шы-лар-ға, ән-ші-лер-ге, оқу-шы-лар, мек-теп-тер, т.б.

Дыбыс үндестігі бойынша дауыссыздар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылады. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

3-жаттығу. Төмендегі кісі аттарын әліпби ретімен жазыңыздар

Бекмырза, Сәкен, Қаракөз, Рүстем, Еркебұлан, Үсен, Дулат, Сәбит, Гүлсім, Асқар, Өмірбек, Уәлихан, Ыдырыс, Олжас, Тоғжан, Кәрім, Назгүл, Ұлан, Әсем, Мейрам, Іңкәр, Ляззат, Исламхан, Ғабит, Раушан, Әліби, Бекарыс, Нұрсұлтан.

4-жаттығу. Әріптерді талдаңыз. Мысалы: М – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан, ашық

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер.

Думан – сауық ойда жоқ әуел баста – ақ.

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жуан, жіңішке дауыстыларды ажыратыңыз.

Бір дегенің – бесігіңді түзедің,

Екі дегенің – Егеменді ел дедің.

Үш дегенің – ана тілім, асылым,

Басқа тілден мәртебесін асырдың.

Төртіншіңіз төреліктен таймаған,

Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған.

Бес дегенің – берекелі болғаны.

Алты дегенің – ұранның айбынын асырған.

Жеті дегенің – ту ұстадық жасылдан.

Сегізінші салт – дәстүрің оралған.

Тоғызыншы атың кетті алысқа,

Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа.

Он дегенің – орындалып ойдағың

Наурызыңды өз мәніңде тойладың. (Ұ. Жұмаділдаева)

6-жаттығу. Тіл туралы нақыл сөздерді жаттап алыңыздар, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды белгілеңіз.

Ана тілім – күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын. (Ғ. Қайырбеков)

Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем тіл. (М. Әуезов)

Ана тілін сүймеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас. (Б.Сарноғаев)

Ана тілім – күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын (Ғ.Қайырбеков)

11-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.

12-тапсырма. «Тіл» сөзімен тіркесетін сөздерді белгілеңіздер. Жазған әр сөздеріңізге түсінік беріңіздер.