Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

20. Л/т. Адам және табиғат егіз. Табиғи қоршаған орта.

Г/т. Бұрынғы өткен шақ.

Халықтың уақытты анықтау белгілері. Қазақ халқы уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолдануды, оған лайықты сөз өрнектерін таба білді. Мезгіл өлшемдеріне қатысты халық өлшемі мен атауы өте бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (мысалы: бие сауым, күн, ай тоқсан). Мезгіл сол уақыттың бір сәтін айқындайды (мысалы: түс, кеш, түн ортасы). Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады. Мерзім өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 секунд), сүт пісірім (5-10), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5 – 3 сағат), тәулік – бір күн, бір түн немесе 24 сағат, апта (7 күн), ай (30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн немесе 12 ай), ғасыр (100 жыл). (Ж.Нығмет. Қазақ тілі хрестоматиясы)

90-тапсырма

1. Мәтінді оқы.

2. Қазақша уақытты анықтау белгілерін есіңе сақта.

3 Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыр.

Уақыт

Жыл – год

Бұрын –давно

Ғасыр – век

Жақында – недавно

Тәулік – сутки

Енді – теперь

Жұма – неделя

Тал түсте – в полдень

Бүгін – сегодня

Бүгін кешке – сегодня вечером

Кеше – вчера

Кеше таңертең – вчера утром

Ертең - завтра

Ертең түнде – завтра ночью

Бүрсігүні – послезавтра

Осы жұмада – на этой неделе

Алдыңғы күні – позавчера

Күн сайын – каждый день

Таңертең – утром

Күндіз – днем

Кешке – вечером

Түнде – ночью

91-тапсырма 1. Берілген құрылымдарды жаттап алыңыз.

2. Әр сөзбен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

3. Берілген үстеулерді аударып, сөйлем құраңыз, сөйлесімде қолданыңыз.

Қыстыгүні

Ала жаздай

Жаздыгүні

Жеті түнде

Күздігүні

Әзер-әзер

Анда-санда

Қолма-қол

Күні-түні

Әлсін-әлсін

Бостан-босқа

Көзбе–көз

Жыл мезгілдері

Түркі халықтары жылды төрт тоқсанға бөледі. Оны қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан дейді. Қазақ халқы төрт маусымға бөледі де, оны қыс, көктем, жаз, күз деп атайды. Мұны жылдың төрт мезгілі дейді. Әр тоқсан мен маусымда үш ай немесе тоқсан күн болады. Тоқсан деген сөз осыдан шыққан. Маусым жыл мезгілдерін анықтап көрсетеді. Мұны қыстыгүні, жазғытұры, жаздыгүні, күздігүні деп атаған.

Қыс

Қыс – жыл мезгілінің бірі. Қыста қар жауып, дала, орман, үйлер ақ қар жамылады . Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ. Адамдар қыста қаланың сыртына шығып, демалғанды ұнады. Таза ауаға шығып, шаңғы, шана тебеді. Қыста ауыл балалары көгілдір мұзда коньки тебеді. Қала адамдары жылы киініп, саябақтарда қыдыруды жақсы көреді. Қыс – жыл мезгілдерінің ең суық кезеңі. Бірақ, бұл мезгілдің де адамдарға ұнайтын кездері болады.

92-тапсырма

1. Мәтінді оқып , аударыңыз.

2. Жаңа сөздерді теріп жазып, сөздіктен қараңыз.

3. Қыс мезгілін ұнатасыз ба? Неліктен ?

4. Қазір жылдың қай мезгілі екенін суреттеп жаз.

Сен білесің бе? Баламасын жаз.

А) Табиғат апаты

Су тасқыны – _________________

Дауыл – ______________________

Жер сілкінісі – ________________

Қар көшкіні – ________________

Өрт – _______________________

От – _______________________

93-тапсырма «Жыл мезгілдері» тақырыбына сұхбаттасыңыз. Мына сөздерді қолданыңыз: қыс, жаз, көктем, күз, қар, жаңбыр, жел, күн мен түн теңеледі, ауа райы, жауады, соғады, жинайды, киінеді.

94-тапсырма Есімдіктерді еске түсіріңіз. Мәтіндегі есімдіктерге талдау жасаңыз.

Көктем

Қыстан кейін көптен күткен көктем мезгілі келеді. Көктемде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн жылына бастайды. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Қар еріп, жер бетін көк кілем жабады. Табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Көктемде құстар ұшып келеді. Адамдар да жеңіл киіне бастайды. Көктемде адамдар егін салу, бау-бақша жұмыстарына кіріседі .

95-тапсырма

1. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөз тіркесі, сөйлем құрастырыңыз.

2. Қазақ тілінде өзіңіз туған жыл мезгілін және айды жазыңыз.

3. Көктемде ауа райы қандай болады ?

4. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауабын жазыңыз.

Жаз

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Бұл мезгілде күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда күн ысиды. Жаз айының ауасы да ерекше. Хош иісті ауаны жұтып көшеде, бақтарда қыдыра бергің келеді. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені бұл айда жұмыс көп болады. Бұл мезгіл адамдарды жемісімен қуантады. Жаз айларында дәрумендерге толы жеміс – жидектер піседі.

96-тапсырма

1. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңыз.

2. Жаз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

3. Бұл жыл мезгілінің адамдарға қандай пайдасы мен зияны бар?

4. Келесі жазды қалай өткізер едіңіз?

Күз

Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл - көкөніс, жеміс- жидектің піскен кезі. Күз – табиғаттың тамаша кезеңі, халық оны алтын күз деп бекер атамаған. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Бұл мезгілде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Күн суыта бастайды. Аспанды қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады .

97-тапсырма

1. Мәтінмен танысып, жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

2. Күз мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін жазыңыз.

3. Жолдасыңызбен ауа райы туралы сөйлесіңіз.

4. Әр жыл мезгіліне сипаттама беріңіз.

5. Халық неліктен күзді «алтын күз» деп атайды ?

6. «Мен жақсы көретін жыл мезгілі» деген тақырыбына шығарма жазыңыз.