Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

2. Жұрнақ (суффикс) – Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз.

Жұрнақтардың екі түрі бар:

а)Сөз тудырушы жұрнақ - өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады

Мысалы: заман-дас, жер-лес, ерін-шек, біл-гіш, балық-шы.

ә)Сөз түрлендіруші жұрнақ - өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа мағына

үстейтін,бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші

жұрнақ деп аталады.

Мысалы: үй-шік, кітап-ша, сұр-сұр-ша, кел-келер.

143-жаттығу. Мына сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын қосып жазыңыз.

Тәрбие, бақша, мұнай, жұмыс, колхоз, етік.

144-жаттығу.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңыздар.

Аң, тіс, ат, үй, оқушы, дәрігер, газ, аудан, өнеркәсіп.

145-жаттығу.Төмендегі сөздерді тәуелдеңдер.

Іні, бас, дәптер, ана, қыз.

146-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңіз.

Дос, студент, қала, мұнай, аға.

147-жаттығу. Төмендегі жатыс септігіндегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Көлеңкеде, орындықта, көлде, жолында, теңізде.

34. Соөж Мен таңдаған - мамандық.

Мен іскери адаммын. Менің ісім жақсы жүріп жатыр, бірақ оған оңай жеткен жоқпын. Жұмысты дұрыс жолға қою оңай емес. Ол үшін білім керек, жұмысты ұйымдастыра білу керек және үлкен еңбек керек. Менің бар уақытым жұмыста өтеді. Бизнес жалқаулықты жаратпайды, әр жұмыс уақытында жасалуы керек. Жұмысты мезгілінде жасамау нәтижеге әсер етеді, онда жақсы нәтижеге жете алмаймыз. Ол - бизнестің жауы, сондықтан мен әр жұмысты мезгілінде жасап, мезгілінде шешіп отырамын. Ол да менің жұмысымның жақсы жүруіне әсер етеді. Менің сенімді достарым да көп, олардың да игі әсерлері бар. Менің отбасым да - берік қорғаным, отбасым көңіліме алаңдық туғызбайды. Осы жағдайлардың бәрі менің ісімнің жақсы жүруіне өте қолайлы.

190-тапсырма. Өз таңдаған мамандығыңыз туралы әңгіме жазыңыз.

  1. Л/т. Қоғам және жастар. Жастардың қоғамдағы орны

Г/т. Сөздердің орын тәртібі.

Жастар - қоғамның белсенді күші, еліміздің - ертеңі. Қай заманда да жастар қоғамның қозғаушы күші болып келе жатыр және бола береді де. Соңғы жылдары жастарымыздың қоғамдағы белсенділігі бұрынғыдан да артып келе жатыр. Осы бағьтта 1993 жылдан бері еліміздің дарынды жастары шет елдерге «Болашақ» бағдарламасы бойынша жіберіле бастады. Бұл бағдарлама бойынша жоғары деңгейде білім алып келген жастарымыз бүгінде ел экономикасын өркендетуге зор үлестерін қосуда.

Елімізде түрлі жастар үйірмелері, клубтары, қозғалыстары құрылып, олар қоғамда белсенділік таныта бастады. Жастарымыздың қоғамның саяси өміріне қатынасуы да терең бағыт алып келеді. Жастардың алды ел парламентінде депутат болып отырса, кейінгілері «Жасыл ел», «Атамекен», «Жас Отан» қозғалыстарын құрып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында аянбай қызмет етуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы жылдары жастармен бірнеше рет кездесіп, олардың алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. Соның ішінде қоғамдағы жас ұрпақтың жетекшілік рөлін күшейту ең басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі еліміздің келешегі жастардың қолында. Қоғамды жетілдіретін де, ілгері апаратын да жастар. Білімді, саяси сауатты, дарынды, іскер жастарымыздың бұл міндет биігінен абыроймен көріне берері кәміл. (Н.Назарбаев. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім зкономикасына» атты баяндамасы, «Егемен Қазақстан 27.05.2006 ж.)

191-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Қоғам мен жастардың байланысы қандай?

  2. Қоғамда жастардың орны қандай?

  3. Қоғамның жастарға әсері кандай?

  1. Жастар неліктен қоғамның белсенді күші?

  2. Соңғы жылдарда жастардың қоғамдағы белсенділігі қандай?

  3. Елімізде қандай жастар ұйымдары бар?

  4. Елбасымыз Н.Назарбаев жастармен кездескенде не туралы айтты?

192-тапсырма. 1. Мәтіннен ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.

2. Берілген сөздерді тәуелдеңіз: жастар, болашақ, қоғам, білім, келешек.

3.Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Жастар, қоғам, белсендіпік, білім, дарынды, келешек, міндет.

4. Сөздікпен жұмыс жасаңыз. Қоғам, белсенді күш, еліміздің ертеңі, қозғаушы күш, бағдарлама, жастар үйірмелері, қозғалыстары, міндеттері саяси сауатты, дарынды, іскер жастар.

5. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

Сөздердің орын тәртібі. Қазақ тілінде сауатты жазу үшін тілде қолданылатын сөздердің орын тәртібін білудің маңызы зор. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі орыс тіліндегідей емес, тұрақты болып келеді. Сөйлемдерді құрайтын бас мүшелер (главные члены) – бастауыш (подлежащее) пен баяндауыш (сказуемое). Осы екі бас мүшеден құралған сөйлемдерде құралған сөйлемдерде бастауыш бірінші, баяндауыш екінші тұрады. Мысалы: Мен отырмын. Ол – бригадир. Сен жалқаусың. Асан үлкен.

Бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены) өз орындарын қатаң сақтайды. Мысалы: Мен үйде отырмын. Ол жақсы бригадир. Сен бесінші кластағы оқушылардың ішіндегі жалқауысың. Асан Сәрсеннен бес жас үлкен.

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер сөйлемде араласып келген жағдайда бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне жақын не қашық тұруы тұрлаусыз мүшелердің қай тұрлаулы (главный) мүшенің ықпалында болуымен байланысты, немесе ой екпінінің қай мүшеге түсуіне қатысты болады.

1.Егер тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі қызметі жағынан тек бастауыштың ғана жетегінде болса, онда бастауыш пен баяндауыш қатар тұрады. Мысалы: Сен шақырған қонақтар отыр

2.Егер тұрлаусыз мүшелер бастауыштың да, баяндауыштың да жетегінде болса, онда бастауыш баяндауыштан қашықтап – бірінші орында тұрады Мысалы: Ол Көкөзек ауылының құрметті адамы.

3.Егер тұрлаусыз мүшелер бастауыштың да, баяндауыштың да жетегінде болса, онда бастауыш сөйлемнің ортасында келеді де, баяндауыш сөйлемнің соңында тұрады. Мысалы: Сәрсеннің екінші баласы Асқар одан бес жас үлкен.

Сөйлемдегі бастауыштың жетегіндегі сөздердің орнын ауыстыруға болмайды, ал баяндауыштың жетегіндегі тұрлаусыз мүшелердің орындарын ой екпінінің түсуіне қарай өзгертуге болады. Мысалы: Көкөзек ауылының құрметті адамы - Көкөзек ауылының ол құрметті адамы. Біз Көкөзек ауылына бардық – Көкөзек ауылына біз бардық.

Демек ой екпініне, яғни айтушының ой-мақсатына байланысты баяндауыштың жетегіндегі тұрлаусыз мүшелерді белгілі бір жүйеде ауыстыра беруге болады:

Олар мені өз үйіне қонаққа шақырды.

Мені олар өз үйіне қонаққа шақырады.

Өз үйіне олар мені қонаққа шақырады.

Өз үйіне мені қонаққа олар шақырады.

Мені қонаққа олар өз үйіне шақырады.