Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Лексикалық тақырыптар

Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық түрлері бойынша лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр оқу орны өз бағдарымен жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай анықтайды. Бірақ негізгі және кәсіби бағдарлы деңгей тақырыптары ортақ болып қалады.

Барлық мамандық салалары үшін міндетті А1, А2, В1, В2, деңгейлеріне арналған лексикалық тақырыптар:

А1, А2 :

  1. Мен және қоршаған орта.

  2. Мінез және келбет.

  3. Денсаулық – зор байлық.

  4. Қоғам және жастар.

  5. Тәуелсіз Қазақстан.

  6. Қазақтың өнері мен мәдениеті.

  7. Бос уақыт және қызығушылық.

  8. Адам және табиғат егіз. (Әлемдік экологиялық мәселелер. Қазақстанның

географиясы. Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемі. Қазақстан экологиясы (жер, су, ауа мәселесі). Азамат денсаулығына экологияның әсері. Экологияны қорғау ұйымдары. Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау. Қазақстанның туризм индустриясы, оны дамыту. Еліміздегі альпинизм жетістіктері. Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.

  1. Саяхат. (Қазақстанның тарихи орындары. Қазақстанның көрікті жерлері).

В1

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор.

Қоғам және тіл. Әдептілік мәдениет негізі. Замана және дәстүр.

Менің мамандығым.

Университет білім ордасы. Менің замандастарым.

Мамандық тарихы.

(Мамандықтың қызмет ету саласы. Мамандығым – мақтанышым мамандығы бойынша жеке тұлғаларға еліктеу).

Білім де бәсекеге түседі.

Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі. Ел болашағы – білікті маман қолында. Ұлттық рухы күшті адам.

В2

  1. Қазақстан әлемдік кеңестікте.

Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан – Азия барысы. Қазақстан жаһандану дәуірінде.

  1. Қазақстанның білім беру жүйесі.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім жүйесіндегі реформалар.

  1. Адам және заң.

Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі.

  1. Халықаралық қатынастар.

Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық. Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП, ЮСАИД т.б.). Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар.

  1. Ғылым мен техника.

Ғылым мен техниканың даму тарихы. Ғылым мен техника байланысы. Ғылымның қоғамдық рөлі, орны. Ғылымдағы жетістіктер. Ғарышты, ядролық қаруды бейбітшілік бағытта игеру. Атом – электр станциялары. Технопарктер.

Ұлы ғалымдар және олардың ашқан жаңалықтары. Бүгінгі ғылыми жаңалықтар. Нобель сыйлығының лауреаттары. Әр ғылым саласы бойынша ашылған жаңалықтар жайында.

С1, деңгейіне арналған нақтылы мамандық саласы бойынша лексикалық тақырыптар:

Жаратылыстану – гуманитарлық мамандықтар саласы бойынша

Филология мамандықтары (журналист, аудармашы т.б.).

Адамдар қанша тілде сөйлейді? Дүниеде қанша тіл бар? Өлі және тірі тілдер. Жазу

тарихы. Тіл білімінің қалыптасу негіздері. Тілдердің жіктелімі. Түркі тілдері.

Медицина мамандықтары үшін:

Ұлттық медицина ғылымының дамуы. Медицина салалары. Халықтық медицина,

салалары. Емдеу және сауықтыру орындары, қызметі. Медицина жаңалықтары. Әлемдік медицина жетістіктері. Фармакология, фармацептика. Оптика. Жаңа технологияға негізделген медициналық құрал-жабдықтар.

Техникалық, ауылшаруашылық экономикалық мамандықтар саласы бойынша

Экономика және экономикалық кластерлер

Экономика, нарықтық экономика ұғымдары, негіздері. Кәсіпкерлік, кәсіпкерлікті

жоспарлау, қаржыландыру. Акционерлік қоғамдар, жеке шаруашылықтар т.б.

Өндіріс, оның түрлері, ұйымдастыру тәсілдері. Өндіріс пен өнеркәсіпті басқаруды

автоматтандыру. Өнімді өндірудің жаңа технологиялары. Өнеркәсіп, оның түрлері. Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп кластерлері. Ауыл шаруашылығы кластерлері, оның түрлері.