Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

45. Л/т. Тарихқа саяхат

Г/т. Сөздердің байланысу тәсілдері

Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған, әйтсе де сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей әнші-жыршыларды айрықша көтермелеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. Халық туғанына, қарына тартпай тура билік айтқан шешендерді ханнан бетер бағалаған.

Қазақтар ықылым заманнан-ақ шешендікті өнердің ең биік сатысы деп жоғары бағалады. өйткені, шешендік сөздер - өнердің шыңы ғана емес, елдің әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде аса маңызды роль атқарды. Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Ана тілімізді терең меңгерем, оның астарлы сырларына үңілем, шешендік өнерден тәлім алам деген оқушы ауыз әдебиетінің осы бір ғажайып туындыларын тұщына оқитыны, оны шөліркей күтіп отырғаны даусыз.

234-тапсырма.

  1. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

  2. Жаңа сөздерді аударыңыз.

  3. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіз.

  4. Кейбір сөздерді түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

235-тапсырма. Тарих тұғырындағы тұлғаларды атаңыз. Ерлігі ұрпағына өнеге болған батырлар туралы әңгімелеңіз. Өмірлері ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болған кімдерді білесіз?

236-тапсырма.

  1. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

  2. Жаңа сөздерді аударыңыз.

  3. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіз.

  4. Кейбір сөздерді түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөйлемдегі сөздер өзара төрт түрлі грамматикалық тәсіл арқылы байланысады.

1. Жалғау арқылы байланысу.

2. Орын тәртібі арқылы байланысу.

3. Септеулік шылау арқылы байланысу.

4. Интонация арқылы байланысу.

Мысалы: Астанаға келдім – жалғау арқылы, оқу үшін келдім – шылау арқылы. Дастан – озат оқушы. Дастан оқушы - интонация арқылы байланысып тұр.

Сөздердің байланысу тәсілдері

1. Қиысу - жіктік жалғауы арқылы бастауыш пен баяндауыш әрқашан қиыса байланысады. Мысалы: І.Мен жазушымын. ІІ.Сен баласың. ІІІ.Біз барғанбыз.

2. Сөзбен сөздің ілік септігі жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы үйлесе байланысқан түрін матасу деп атаймыз. Мысалы: Көршінің қызы. Ауыл тұрғындары.

3. Меңгеру - сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы: суды төкті, ағасына берді, бізден сұрады.

4. Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы: қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат.

5. Жанасу - сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес бірде алшақ тұрып байланысқан түрі. Негізінен үстеумен етістік жанаса байланысады. Мысалы: кеше болды, әдейі келді. Кейде септеулік шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: сол арқылы білдім, ертеңге шейін келліп қалар.

191-жаттығу. Төмендегі берілген сөздерді мағыналарына қарай байланыстырып сөйлем құраңыз да, қандай тәсілдер арқылы байланысып тұрғанын түсідіріңіз.

Өзен, жер, жел, самал, күн, көлбей, зор, сонау, дала, боз, көгілдірленген сәуле, биіктігі, беті, бүркіт, ал қызыл, жылдамдық, ай, бес, қырық, дауыл, километр, шақырым, әрең, қасақана, серуен, күні бойы, ұялу, бұл жайында, асыл, жақын, кеше, қабылдау, бірнеше, алуан.

192-жаттығу. Мәтіннен орын арқылы байланысқан сөз тіркестерін табыңыз.

Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйтқып ойнап жүр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы... Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай. Аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан еш белгі жоқ. Айнала аппақ болып тұтасып алған.

193-жаттығу. Мәтіннен меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін тауып, олардың қандай септік жалғауы арқылы байланысқанын айтыңыз.

Сапар сөзін бітірді де, суыған шайын жұта салды. Ақын оны сезінген жоқ..Өзгені сезінеді. Жаңағы бейнені ұмытып қалар ма екен? Ақ отаудан үрейленген дауыстар естіледі. Мен мына көк бестіге мінемін.

194-жаттығу. Мына сөздерден меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін жасаңыз.

Оқу, хат, сабақ, дәптер, жазу, беру, аяу, жолдас, қаламмен, өмірде, тыңда, болады, талаптыдан, үлкенді, шыққан, болар, кішіні, сөз, сыйла, адамды.

195-жаттығу. Мәтіннен матаса байланысқан сөздерді тауып көрсетіңіз.

Үй дегендегі жалғыз бөлменің сықырлауық есігі жартылай ашық тұр екен. Сол жақтан шешесінің үні де келіп жетті. Ел байлығы әр жылғамен келіп құйылған бұл үй тек байлықтың ордасы ғана емес, сонымен бірге қазақ қолөнерінің көрмесі сияқты. Жылға суы теңіздің түрін бұзбайды. Екеуміздің сөзіміз де шын жүректен шыққаны даусыз. Ол маған ұнап қалғандай. Әсіресе мінезі. Ал мінезі жақсының түрі де жақсы. Енді мен сол жүректің сөйлеуін тілеймін.

196-жаттығу. Берілген сөздерді пайдалана отырып, мағыналық әрі тұлғалық үйлесімі бар сөз тіркестерін жасаңыз және олардың қалай байланысып тұрғанын айтыңыз.

Жүрек, биік, шынар, көк, табиғи, космос, ардақтау, ұлы, ер, сайлау, сыйлы, сыйымды, қиын, тың, даңқ, қиғаш қас, бұлаң құйрық, ақ төбел.

197-жаттығу. Қиыса және матаса байланысқан сөздерді тауып, ерекшеліктерін салыстырыңыз.

Үлбіреген ақ жібекке оранған, өзі де жібектей үлбіреп тұрған ақ келіншек ән салып болған. Сырланған көк керует. Асты–үстімде таза ақ төсеніш. Оқыған азамат еліне қызмет ету керек.

198-жаттығу. Байланыс түрлерінің сызбасы.

Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкеледі.

қиысу

Ұлжан әкеледі («-ді» деген жіктік жалғауының ІІІ жағы арқылы байланысып тұр).

меңгеру

Алшынбайдікіне әкеледі (барыс септігі арқылы)

меңгеру

қазына (ны) әкеледі (табыс септігінің жасырын түрі арқылы)

қабысу

көп қазына (ешбір жалғаусыз, іргелес тұру арқылы)

Эль-Кувейттен ұшқан рейс 11.30-да жетіп, Спорт және туризм министрі Темірхан Досмұхамедов алауды қала әкімі Ахметжан Есімов бастаған топқа табыс етті. Сағат екіде халықаралық шаңғы трамплинінен басталған шеру қаладағы бірқатар көшелерді аралауда. Ең алғаш болып жағылған алауды сақтау мәртебесі қаламыздағы Халық банкіне табысталды. Бұл Қазақстанның банк саласындағы тарихи жағдай. Бас ғимараттағы от жетінші ақпанға дейін жанып тұрады. Ал одан тұтанған негізгі алау еліміздің өңірлеріне жол тартпақ.