Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать
  1. Л/т. Отбасы мүшелерінің мамандықтары.

Г/т. Жіктік жалғауы

Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасында бес адам бар. Олар: мен, әкем, шешем, інім, қарындасым (сіңілім). Менің әкемнің есімі - Бауыржан. Ол - 50 жаста. Менің әкем заводта жұмыс істейді. Ол – темір жонушы . Менің әкем өндіріс озаты. Менің шешемнің есімі - Меруерт. Ол - 45 жаста. Менің шешем мектепте жұмыс істейді. Ол - мұғалім. Менің анам тарихтан сабақ береді. Оны оқушылар жақсы көреді. Ол - үлгілі ұстаз. Менің інім - оқу озаты. Менің қарындасым (сіңілімнің) аты - Гүлназ, ол төрт жаста. Гүлназ балалар бақшасына барып жүр. Менің атым - Санжар. Мен университетте оқимын. Біздің отбасымыз өте тату. Біз ата-анамызды сыйлаймыз, құрметтейміз. Біз оларға үй жұмыстарына көмектесеміз. Біздің туыстарымыз өте көп. Ауылда әжем, нағашым, әпкем, ағаларым тұрады. Біз демалыс күндері туыстарымызға барып тұрамыз.

Сөздік минимум:

Онша - не очень

әкем - мой отец

шешем - моя мать

інім - младший брат

қарындас - младшая сестра

сіңілі - младшая сестра (по отношению женского пола)

жұмыс істеу - работать

жақсы көру - любить

ұстаз - педогог

үлгілі - примерный

өндіріс - производство

озат - передовик, отличник

тату - дружный

сыйлау, құрметтеу - уважать

көмектесу - помогать

18-тапсырма. Текст «Менің отбасым» прочитайте и переведите на русский язык. Обратите внимание на правильное произношение звуков «і» и «ы».

Запомните название родства по-казахски

әке - отец

шеше, ана - мать

ата-ана - родители

ата - дед, дедушка

әже - бабушка

аға - дядя, старший брат

әпке, апа - тетя, старшая сестра

қарындас - младшая сестра (по-отношению мужского пола)

күйеу - муж

жезде - зять

келін - сноха, невеста

қызым - дочь

немере - внук

ене - свекровь

қайын ата- свекорь

бажа - свояк

құда - сват

құдағи - сваха

нағашы - родственники по линии матери

19-тапсырма. Аударыңыз

Мой дом, мой родной язык, твой дед, моя бабушка, твоя сестра, его брат, мой младший брат, младшая сестра, мой сын, его внук, ее родители.

20-тапсырма. Отбасыңыз туралы әңгімелеңіз. (Расскажите о своей семье)

21-тапсырма. Туыстық атауларды есіңізге сақтаңыз (запомните название родства по-казахски).

22-тапсырма. «Іі», «Ыы» дыбыстарының дұрыс айтылуына көңіл аударыңыз.(Обратите внимание на правильное произношение звуков «Іі» «Ыы»)

Отбасы

  1. Төменде белгілі кәсіп аты берілген. Өз отбасы мүшелеріңіздің кәсібін тауып жазыңыз.

а) Атам дәрігер

Әжем құрылысшы

Әкем мұғалім

Шешем әнші

Ағам сәулетші

Інім зейнеткер

Қарындасым есепші

Сіңлім заңгер

Жиенім саясаткер

Жеңгем журналист

оқушы

студент

малшы

инженер

суретші

азпазшы

тергеуші

қорғаушы

Жіктік жалғау

Жіктік жалғауы – қимылдың иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол – сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады.

Жақ

Жекеше түрі

Көпше түрі

I

-мын, -мін, -пын, -пін,

-бын, -бін

-мыз, -міз, -пыз, -піз,

-быз, -біз, -қ, -к

II

-сың, -сің

-сыңдар, -сіңдер

II

-сыз, сіз

-сыздар, -сіздер

III

- - - -

- - - -

12-жаттығу. Жіктік жалғауы жалғанған сөздерді табыңыздар. Жұмбақты шешіңіздер.

Егер «С»-дан бастасаң, Құт дарыған қотанның

Сұйықпын да тазамын Қаруымын шопанның

«С» орнына «Б» қойсаң, Т-ны сызып тастасаң

Бозғылт болып тозамын. Мүшесімін адамның

Сая жермін, Қыста суда қатпаймын

Тұратын Бірақ жазда жатпаймын

Құстар әні естіліп, Алғашқы әріп ауысса

Сөз соңына «А» қоссаң, Онсыз тамақ татпаймын.

Сауық сайран құрамын

Шалшық көлде кешкілік.

13–жаттығу. Жіктік жалғауларын тиісті орнына қойыңыз.

Мен студент..., ол дәрігер..., біз әнші..., сен ұшқыш...., сіздер жоқ...., біз келді..., олар бара..., сендер көре..., мен бағалы..., сен бола..., сіз биік..., мен айта..., сіз құрметті..., ол кәсіпкер..., сен биші..., олар егінші..., сіз мүсінші..., мен тілші..., сендер жаза..., біз билей..., олар басқара..., сен жасай...

14-жаттығу. Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді табыңыздар. Жекеше, көпшеге ажыратыңыздар.

«Елім безсе де, сен безбепсің. Бүгінгі Тобықтыда кісі болса, ол – сенсің ғой, Абай. Ауылдағы балалардың бірі бос емес, бәріміз де оқудамыз. Мен әкемнің кенжесімін. Бәріміз бірге оқыдық, сабақтаспыз. Кәрібай да бір елдің адамы, сен де осы елдің ағасысың. Ертең ертемен қалаға жүрейін деп отырмын, сатуға мал апарамын. Ана Нығметтен неге мінбейсің, ат десең, ат тұр белдеуде, бие десең бие тұр желі басында, - деді.