Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

8. Соөж Асханада

Біздің университетте үлкен асхана бар. Асхананың іші таза, жарық, кең. Қатар-қатар қойылған үстелдер аппақ дастарханмен жабылған. Асханадан студенттер және университет мұғалімдері тамақтанады. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тамақтар, сүт тағамдары және түрлі сусындар сатады. Онда аспазшылар ыстық тамақтан тұшпара, мәнті, қуырдақ, дүнген кеспесін, палау, бесбармақ даярлайды. Бірінші асқа кеспе, кілегей, борщ, сорпа пісіреді. Сүт тағамдарынан айран, кілегей, ірімшік сатып алуға болады. Көкөністен сәбіз, қияр, қырыққабат, қызан, қызылша салаттарының бірін әзірлеп қояды. Сусынға түрлі шырындардан басқа алма және алмұрт тосабын да береді. Асхананың ыдыстары мол кесе, стакан, тәрелке, шынышқы, пышақ, қасық бәрі жеке-жеке тұрады. Асханада әркім өзіне-өзі қызмет етеді. Біздің асхана аспазшылары тамақты дәмді пісіреді.

35-тапсырма.

1.Мәтінді оқыңыз.

2.Орыс тіліне аударыңыз.

а)қатар-қатар қойылған

ә)аппақ дастархан

б)ыстық тағамдар

в)түрлі шырындар

г)асхананың ыдыстары

3.Қазақ тіліне аударыңыз

а)наши повара

ә)разные напитки

б)самообслужевание

в)хлеб-богатство народа!

Г) приятного аппетита!

4.Сөйлемдерді аяқта

а)Асханада ыстық тамақтан ..., ..., ... даярлайды.

ә)Сүт тағамдарынан ..., .., ... бар

б)Мұнда оқушылармен қатар ... ... .

в)Асхананың ыдыстары мол: ..., ..., ... .

г)Көкөністен ..., ..., ... салаттарын даярлайды.

5. Сұрақтарға жауап бер

а)Асханада қандай тағамдар бар?

ә)Бұл асханадан кімдер тамақтанады?

б)Аспазшылар тамақты қалай пісіреді?

в)Асхананың іші қандай?

г)Бірінші асқа не пісіреді?

6.Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.

а)Үстелдер аппақ дастарханмен жабылған.

ә)Мұнда түрлі сусындар сатады.

б)Асхананың ыдыстары мол

в)Қуырдақ, қазақша ет даярлайды.

г)Аспазшылар тамақты дәмді даярлайды.

7. Мына сөздердің антонимін жаз.

а)үлкен

ә)жарық

б)ыстық

в)мол

г)дәмсіз

8. Зат есім қандай септікте тұр?

а)халқымыздың

ә)асхананың

б)дастарханда

в)тамақты

г)үстелде

9. Берілген сөздерден сөйлем құра да, оны аударыңыз.

а)өзіне-өзі, етеді, асханада, әркім, қызмет

ә)деген, ашылсын, жазылған, тәбетіңіз, асханада, сөздер

б)ыстық, асханада, тағамдардан, кеспе, тұшпара, даярлайды.

в)қызан, қызылша, әзірлеп, салаттарын, қояды.

г)береді, алмұрт, тосабын, алма, сусынға.

Сөйлесім үлгілері

Не жейсің?

- Міне, дастарқан мәзірі. Біріншіге не жейсің?

- Мен палау жеймін. Сен ше?

- Мен бірішіге – ыстық сорпа ішемін, екіншіге – балық жеймін.

  • Мен балықты жақсы көрмеймін.

  • Палау қанша тұрады екен?

  • 40 теңге тұрады.

  • Үшіншіге не ішеміз?

  • Білмеймін.

  • Жеміс алайық.

Сізді тыңдап тұрмын!

  • Сізді тыңдап тұрмын . Не ішесіз? Не жейсіз?

  • Маған көже, суытылған ет, жеміс, шай немесе шырын әкеліңізші.

  • Жақсы.

Дәмін татыңыз!

- Ет дәмді екен, дәмін татыңыз.

- Әсемгүл, салқын жылқы етінен жеп көріңіз. Дәмді екен дәмін татыңыз.

- Рақмет! Шынында да дәмді екен.Маған ұнады. Тойдым.

9. Л/т Менің сүйікті тағамым

Г/т. Мезгіл үстеуі.

Менің сүйікті тағамым

Қымыз. Қымыздың алғашқы ашытқысын сүр қазы, жал, жая салған бие сүтіне 2-3 литр ескі қымыз қосып ашытып алады. Оны қымыздың «қоры» дейді. Соңынан осы қорды үзбей, әрбір 2-3 сағатта жаңа сүт құйып отыру керек. Саба түбінде әр күнгі қымыздың қоры қалып отыруы керек.

Белгілі температурада 21-23 сағат тұрған қымыз ашуы жетіп, сапыруға жарайды. Содан кейін оны басқа ыдысқа аударып алады. Сабада қалған қордың үстіне жаңа сүт құйып, екінші тәуліктің қымызын ашыта береді. Жаңа сүт құйған сайын саумалдың иін қандыра піскен жөн.

Көп пісіп, көп сапырылған қымыз ашуын басып, қоюлана түседі. Қымыз дайын, енді ішуге болады.

Ет салаты. Піскен етті ұсақтап жіңішке етіп турау керек. Сонан кейін піскен картоп, жұмыртқа және пиязды жіңішкелеп турап, тұз сеуіп ыдысқа салады да үстіне қаймақ құяды.

Қуырдақ. Жас етті жіңішкелеп турап, пиязбен сұйық майға қуырады.Тұз салып, үстіне аздап су құяды. Дайын болған етке көк пияз сеуіп, дастарқанға әкелуге боладыалқының тағамдарын даярлайды

00000000000000000000000000000000

Тамақтанайық

- Мынау – асхана. Асхана екі қабатты. Бірінші қабатта ұлттық тағамдар әзірлейді. Екінші қабатта орыс халқының тағамдарын даярлайды.

- Ұлттық тағам жеуге қалай қарайсыз?

- Әрине, маған өте қызық. Не бар екен? Кіріп көрейік.

- Қай мезгіл болып қалды?

- Тал түс . Тамақтанайық.

- Әрине, тамақтануға болады.

- Кеттік.

Ас дәмді болсын!

- Не алайық?

- Кәне, дастарқан мәзірін кәрейік.

- Мен дүнген кеспесін аламын . Сен ше?

- Маған қуырылған балық ұнайды.

- Екіншіге не аласың?

- Ыстатылған жаяны жеуге болады. Өзің ше?

- Маған да жылқы еті ұнайды. Мен қазы жеймін.

- Тәбетің ашылсын!

- Рақмет. Ас тәтті болсын!

Өте дәмді екен!

- Бақыт, маған бәліштен үзіп берші. Дәмді ме?

- Өте дәмді. Айша пісірген тағамдар әрқашан дәмді болады.

- Шынында да, тіл үйіргендей екен. Өте дәмді . Рақмет.

Таңертеңгі асты іштің бе?

- Сәлеметсің бе, Әлия? Сені көптен көрмедім.

- Сәлем, Болат! Қандай жаңалық бар?

- Ешқандай жаңалық жоқ. Емтихандарымды тапсырдым. Қазір бос уақытым көп.

- Жақсы болған екен. Мен емтихандарымды тапсырып бітпедім. Бос уақытым аз.

- Сен таңертеңгі асты іштің бе?

- Жоқ. Қазір сағат неше болды?

- Сағат сегіз жарым. Мүмкін, бірге тамақ ішерміз.

- Табылған ақыл.