Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

10. Соөж Ұлттық киім үлгілері

Қазақ халқының қолөнері көне тарихымен бірге дамып келе жатқан бай қазына. Оның бір саласы - киім тігу. Бүгінгі күнге дейін өзінің ерекшелігін сақтаған. Қолөнердің озық үлгісі ретінде танылған бұйымдардың бірі - ұлттық киімдер.

Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері сан алуан. Қазақ киімдері: шапан, камзол, қос етек көйлек, бешпент, құндыз бөрік, сәукеле, тақия, кимешек, жаулық.

Сәукеле - баскиімдердің ішіндегі ең әшекейлісі. Сәукелені ұзатылған қыздар киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Қос етек көйлек - қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі. Ол әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігілген. Қос етекті көйлектер қыз баланың киюіне арналған сәнді киім болып саналады.

Камзол көбіне барқыттан тігіледі. Ол бөксеге жетер-жетпес етіп пішіледі. Белі қыналы болып тігіледі. Шалғайы, жеңі әшекейленеді.

Тақия – барқыттан, зерлі жібек матадан тігіледі. Тақия інжу-маржанмен, зергерлік заттармен әдеміленіп, үкі тағылатын бас киім.

Қазақ халқы киім үлгілерін тігуде салт-дәстүрді сабақтастырып отырған. Әрбір ұлттық киім үлгілері өз ерекшелігімен, әшекейлілігімен қатар мазмұны мен мәнін жоғалтпаған.

Сөздік:

Қолөнер – прикладное искусство

Бай қазына – богатое достояние

Сала – отрасль

Ерекшелігі – особенность

Киім тігу – пошив одежды

Озық үлгісі – передовые образцы

Сан алуан – многообразный

Ұлттық киім – национальная одежда

Шапан – халат

Камзол – камзол

Құндыз бөрік – бобровая шапка

Тақия – тюбетейка

Сәукеле - свадебный головной убор невесты

Кимешек – национальный, женский головной убор

Қос етек көйлек – воланчатое платье

Сәнді киім – нарядная одежда

Ақ түсті – белый цвет

Қымбат жібектен – из дорогого шелка

Барқыт – бархат

Белі қыналы – приталенная

40-тапсырма. Мәтінді бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ халқының қолөнері қандай?

2. Ұлттық киімдердің алатын орны қандай?

3. Қазақ киімдеріне қандай киімдер жатады?

4. Сәукеле қандай киім?

5. Сәукелені кімдер киген?

6. Қосетек киім қандай киім?

7. Ол қандай матадан тігілген?

8. Қосетек киім кімге арналған?

9. Камзол қандай матадан тігіледі?

10. Ол қалай пішіледі?

11. Тақия қандай бас киім?

41-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдерін табыңыз.

Көне, бұйым, әшекейлі, сан алуан, қалыңдық, қымбат.

42-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Қазына, үлгі, киім, сәнді, мата, зергерлік, зерлі, салт-дәстүр, қыналы, ұлттық.

Есте сақтаңыз.

Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, көлемін, салмағын білдіретін сөз табы сын есімдер деп аталады. Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: бай, сәнді, ұлттық,қымбат, асыл, ақ түсті, қосетекті, әшекейлі,зерлі, жібек мата, т.б.

43-тапсырма. Мәтіндегі қандай деген сұраққа жауап беретін сөзерді табыңыз. Жазбаша.

44-тапсырма. Тақырыптар бойынша жағдаяттар құрастырыңыздар.

Жағдаяттар тақырыптары. «Мұражайда» (Айталық, сіз орталық мұражайдағы қазақ халқының ұлттық киімдері қойылған секциясына бардыңыз. Сіздің досыңыз мұражайдағы гид рөлінде болсын делік. Сіз өзіңізді қызықтырған киім үлгілерінің атауларын сұраңыз, гид рөліндегі досыңыз жауап берсін).

«Сымбат сән орталығында» (Айталық, сіз сән үлгілерін көрсетуші моделсіз. Бүгін ұлттық киім үлгілерін көрсеттіңіз. Көрсету аяқталғаннан кейін бір телеарнаның тілшісі сізді сұхбатқа тартты. Сізден көрсеткен киімдеріңіз жайлы сұрақтар қойды. Сіздің жауабыңыз.

11. Л/т. Бүгінгі киім үлгілері

Г/т. Зат есім.

Адам әр уақытта өз дәуіріндегі сәнге сәйкес киінуге тырысады. Ал сән дегеніміз адамның әдемілік жөніндегі түсінігі мен сол кездегі қоғамдық жағдайды бейнелейтін киіну үлгісі. Қоғамның дамуына байланысты киімнің сәні де өзгеріп отырады. Адамның өз тұсындағы сәнге сәйкес және өз бойына жарасымды киіне білу оның эстетикалық талғамына байланысты.

Жарасымды киіну дегеніміз, ең алдымен, киім-кешектің түрі мен түсі жағынан бір-біріне үйлесімді келуі, яғни үстінде киген киімінің бас киім, аяқ киім, қолға ұстайтын сөмкең және қолғабыңмен үйлесімді болуы. Әйелдер көйлегін безендіріп, ажарлау мақсатымен кейде оған басқа түсті матадан жаға мен жеңұш салып, жазда киетін жұқа матадан тігілетін көйлекке басқа түсті матамен бұлықтап желбіршек салып киеді. Мұндай жағдайда көйлектің матасы мен оны ажарлау үшін қолданылатын болуы керек. Мысалы қалампыр түсті көйлекке ақшыл сары түсті жаға, қара және көк көйлекке ақ жаға мен жеңұш салса ажары ашыла түседі.

Киімнің сәнді де жарасымды болуымен қатар киіп барған жеріндегі жағдайға, отырған ортаңа, істейтін қызметіңе сәйкес келуін де ескеру қажет. Мысалы, тойға шақырған жерге бастан аяқ қара киініп бару қандай ерсі болса, бата оқырға, яғни адамды өлген үйге қызылды-жасалды киініп, елден ерек жарқырап барған да сондай оғаш көрінеді.

Сөздік жұмысы

Мода – сән

Красота - әдемілік

Тонкий – жұқа

Зат есім мағынасына қарай жалпы және жалқы есім болып екіге бөлінеді.

Бір түрлі көп заттың жалпылама атын жалпы есім деп атаймыз.

Мысалы: қала, тау, жер, су, адам, кісі т.б.

Бір түрлі көп заттың ішінен біреуінің арнаулы атын жалқы есім дейміз.

Мысалы: Алматы, Сәуле, Балқаш, Атырау, Алатау, Есіл т.б.

Жалқы есімдерге мыналар жатады:

1. Кісі аттары мен фамилиясы: Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов т.б.

2. Жер-су аттары: Атырау, Каспий теңізі, Алатау, Астана, Іле, Зайсан т.б.

3. Газет, журнал, кітап, ән, күй аттары: «Қазақ әдебиеті», «Парасат», «Абай жолы», «Сарыжайлау», «Балбырауын» т.б.

4. Мекеме, ұйым, кәсіпорын аттары: Қарағанды көмір зауыты, Атырау мұнай зауыты т.б.

5. Мал мен хайуанаттарға қойылған аттар: Тайбурыл, Ақтөс, Бөрібасар т.б.

49-жаттығу. Мәтін ішіндегі жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жазыңыздар.

Еліміздегі қазақтар басым тұратын аймақтар атырау, қызылорда, маңғыстау, жамбыл оңтүстік қазақстан облыстарында тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тіл мәселесі мейлінше өткір қойылып жүрген балтық жағалауындағы латыш, литва, эстон мемлекеттерінің өзінде тіл тағдыры ел басшысы мен үкіметтің күштеп зорлауымен емес, халық сайлаған биліктегі ұлт өкілдерінің ұлтжандылық танытуы арқылы шешілуде.

50-жаттығу. Зат есімнің жалпы, жалқы есім түрлерін қатыстырып 5 сөйлем құрау.

11. СОӨЖ

«Ұлттық киім» (Айталық, сізге қазақ халқының ұлттық киімін тіктіру керек болды. Сіз тігін цехына келдіңіз. Тігіншіге қазақша көйлектің, камзолдың үлгісін қалай айтып түсіндіресіз?

45-тапсырма. Мәтінді қолдана отырып, екі қатардағы сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз. (Спомощью текста из данных слов в столбцах образуйте словосочитание).

киім тігу

қымбат жібектен

асыл матадан

белі

шалғайы,жеңі

үкі тағылатын

салт-дәстүрдім

мәнін

жоғалтпаған

қыналы

бас киім

сабақтастырып отырған

саласы

тігілген

әшекейленген

46-тапсырма. «Ққ», «Өө» дыбыстарының дұрыс айтылуына мән беріңіздер. Қайталаңыздар.

Қос етек, қыналы, тақия, қымбат, құндыз, барқыт, қолөнері, көне, көйлек, өз ерекшелігі.

47-тапсырма. Өлеңдегі зат есімдерді тауып, жалқы есімнің астын сызыңыздар.

Домбыра

Дүние астан-кестен – ойран бәрі:

Әлі де шабақтаймыз қайраңдағы.

Намысқа жеке шауып Домбыра жүр

Қазақтың көзі тірі – Пайғамбары.

Шешердей дүниенің сан сұрағын,

Тыңдайсың таусылғандай жан шыдамың.

Теңіз боп тебіренесің, төгілгенде,

Күйлері құйын саусақ Қаршығаның!

Жүргенде көкірегіме мұңым қатып,

Найзасын озбырлыққа сұғуға тік.

Япыр-ай келе жатқан секілді ме,

Самсатып сарбаздарын Сырым Датов?

Барады сәуле қалмай жырымда түк,

Болды ма дәл бүгіндей бұрын уақыт -

Домбыра Тәттімбет боп сұңқылдайды,

Суырып жүрегіңді шымырлатып.

Бұл заман ойлыларға жаңа сабақ,

Жатқа бас шұлғудамыз, дана санап,

Домбыра! Өмір нәрін шаш мәңгіге,

Қазақты өлім – жұттан арашалап! (Ф.Оңғарсынова)

48-тапсырма. Өлеңді оқып, түсінгендеріңді өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер.