Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать
  1. Соөж Емдеу және сауықтыру орындары. Бурабайда.

Біз былтыр Бурабайда демалдық. Орманда қыдырдық. Балалар гүл терді, саңырауқұлақ терді, бүлдірген терді, шомылды, қайықпен жүзді. Бурабай көлінің суы таза, әрі суық. Бурабай әйгілі жер. Оның табиғаты сұлу. Біз табиғатты тамашаладық. Енді Бурабайға жиі келіп тұрамыз.

49-тапсырма. Мәтінді қайталап оқыңыздар. Мәтінде қай сөз тіркестері кездеседі?

Алма теру, бассейнге шомылу, көлде шомылу, өзенде шомылу, суда жүзу, қайықпен жүзу, кемемен жүзу, су таза, су лас, су мөлдір, су жылы, су суық, көлді тамашалау, жерді тамашалау, әнді тамашалау.

50-тапсырма. Көкшетаудың табиғаты туралы әңгімелеңіздер. “Көкшетау” өлеңін жатқа оқыңыздар.

13. Л/т. Дәрігер - денсаулық қорғаны

Г/т. Етістік

Денсаулық зор – байлық

“Денсаулық зор – байлық” - дейді дана халқымыз. Ойлап қарасаңыз, денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ! Мордова халқының: “Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін” деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам ағзасының қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада дұрысталуы мүмкін емес.

Сөздік минимум

Денсаулық – здоровье шайқау – качать

байлық – богатство жоғалту – потерять

сыйлық – подарок қиын – трудно

өкінішті – досадно қызмет – работа

мақал – пословица қадір – уважение

55-жаттығу . Төмендегі денсаулыққа байланысты берілген нақыл сөздерді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріп, орыс тіліне аударыңыз.

А) Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі (Т.Карлейль)

Ә) Денсаулық – байлықтан да қымбат (Д.Рей)

Б) Әдемілік – азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі (Л.Шеффер)

В) Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ (А.А.Семашко)

56-жаттығу. Дәрігер мен емделуші арасындағы сұхбатты жалғастырыңыз

– Сәлеметсіз бе?

– Сәлеметсіз!

– Кіруге рұқсат па?

– ......

Етістік

Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш болады, не істеді? не қылды? не істелінді? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Етістік істің белгілі бір уақытта болатынын білдіреді. Мысалы мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын,мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ).

Тұлғасына қарай (По способу образования):

1.Негізгі (непроизводные) --- оқы (читай), жаз (пиши), бар (иди), кел (приходи), бер (дай)

2.Туынды (производные) ---- тұзда (соли), гүлде (цвети), ойна (играй),ойла (думай)

Мағынасына қарай (По значению):

1.Негізгі (Основные)----ал (бери), қал (останься), көр (смотри), әкел (принеси)

2.Көмекші ( Вспомагательные)---бол (быстрей), әкет (унеси), тұр (вставай), шық (выйди)

Құрамына қарай (По составу):

  1. Дара (Простое)---жаз (пиши), оқы (читай), ойна (играй), гүлде (цвети)

2. Күрделі (Сложные)—барып кел (сходи), кіріп шық (зайди), келіп кет (приходи), алып бар (отнеси), алып қайт (принеси на обратном пути).

Етістік іс әрекеттің жүру барысына орай болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Болымды етістік (положительные глаголы) іс - әрекеттің жүзеге асатындығын білдірсе, болымсыз етістік (отрицательные формы глагола) іс-әрекеттің жүзеге аспайтындығын білдіреді. Болымсыз етістік түбірге ма-ме,па-пе,ба-бе жұрнақтары жалғану арқылы және жоқ, емес көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады.

Отрицательная форма глагола образуется путем присоединения к исходной форме суффиксов ма-ме, ба-бе, па-пе и присоединением служебных слов емес, жоқ.

Отрицательные суффиксы ма-ме , ба-бе, па-пе пишутся вместе со словами, а служебные слова пишутся отдельно.

Оқыған жоқ (не читал)

Сөйлеген жоқ (не говарил)

Келген емес (не приходил)

Айтқан емес (не сказал)

Оқы (читай) Оқыма (не читай)

Сөйле (говари) Сөйлеме (не разговаривай)

Айт (скажи) Айтпа (не говари)

Көш (переезжай) Көшпе (не переезжай)

Сен (верь) Сенбе (не верь)

Көн (повинуйся) Көнбе (не повинуйся)

57-жаттығу. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістік жасаңыз.

1)-ла, -ле, -да, -де, -та, -те

Бас, аяқ, ой, іс, су, тіс, таза, шеге, баға, әңгіме, із, көзде.

2)-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес:

Ақыл, қате, тіл, ұйым, үн, шарт, ым, сот, серт , сәлем.

3)-а, -е:

Ат, түн, тең, бос.

4)-қар, -кер,- ғар, -гер,:

Бас, ес.

5)-ар, -ер-р:

Ақ, көк, қысқа, жас.

58-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Біз бірінші курста ........ Бос уақытымызда түрлі үйірмелерге ......... Бірінші семестірді тобымыз жақсы....... Бір жылдың ішінде бір-бірімізді жақсы......, тіпті достасып та ......

Керекті етістіктер: танып, қатысамыз, аяқтады, үлгердік, оқимыз

59-жаттығу. Мына сөйлемдерге мағынасына қарай етістік жазып, сөйлемді аяқтаңыз.

Ертең қонақ ... . Олар қонақтарды жақсы ... . Біз қонақтарға дастарқан ... . Қонақтарға ең жақсы тағамдарды ... . Үй иесі қонақтарды шығарып ... . Мен саған сыйлыққа қол сағат ... . Қонақтар риза ... .

Керекті сөздер: болды, қарсы алды, салды, келеді, жасадық, сыйлаймын, ұсынды.

60-жаттығу. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына етістіктің жұрнағын жазыңыз.

1. Көптен көрмеген достар құшақ... , аман... .

  1. Балалар қонақтарға қызмет көрсет... .

  2. Студенттер әзіл…іп, көңілді би...ді.

  3. Жер қардан таз...ып, шөп кө...ді.

  4. Жәмила жазғанын жо…тып алыпты.

61-жаттығу. Етістіктерді тауып мағынасын айырыңыз.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? (Абай).

62-жаттығу. Берілген мақалдарға етістік тауып жазып аяқтаңыз.

1. Жақсы жүрген жерін … … ,

Жаман жүрген жерін … … .

2. Жақсы сөз … ,

Жаман сөз … .

3. Әншейінде ауыз … ,

Той дегенде өлең … .

4. Жазылған сөз …,

Айтылған сөз … .

Керекті сөздер: күйіндіреді, ұмытылады, даттап жүреді, сүйіндіреді, мақтап жүреді, сақталады, жаппас, таппас.

63-жаттығу. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, ондағы табыс септіктегі сөздің қандай етістікпен тіркесіп тұрғанын айтып, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

1. Ашу жүйкені бұзады,

Жүйке ұйқыны бұзады.

2.Аяз, әліңді біл,

Құмырысқа жолыңды біл.

3.Шешен кісі сөз бастар,

Адал кісі ел бастар.

4.Алтыннан қымбат сөз айтсаң,

Ақымақ құлақ салмайды.

5.Біреудің ала жібін аттамайды.

6.Өтірікшіні үйіне қуып тық.

7.Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.

64-жаттығу. Төменде қатар берілген сөз тіркестерінің етістіктерін ауыстыруға болатын, болмайтынын анықтап, себебін түсіндіріңіздер.

Егін ору – егінге бару, қол созу – жіпті созу, ыдыс жуу – моншада жуыну, кітап оқыды – жорнал оқылды, әңгіме айтылды – сөз тыңдау, жақсылық жасау – жақсылыққа келу, өнер үйрету - өнерге бейімделу, қонаққа келу – досты сыйлау, қуанышты жариялау – қуанышпен құттықтау, қонаққа бару – бала тәрбиелеу.

65-жаттығу. Мына сөйлемдерді аударыңыз, етістіктерді болымсыздық түрге айналдырыңыз.

1. Ты сегодня приходи. 2. Рассказывай сказку. 3. Напиши товарищу письмо. 4. Ахмет, ты сегодня рисуй. 5. Закрой дверь. 6. Ты сейчас уходи. 7. Открывай окна. 8. Книгу сдай в библиотеку. 9. Поезд приедет вечером. 10. Сарсенов придет завтра. 11. Сегодня будет собрание. 12. Мы пойдем в кино. 13. Он живет здесь.

65-жаттығу. Төмендегі етістіктерді болымсыз түрге айналдырып, сөйлем ойлаңыздар.

Кір, шық, алыңыз, беріңіз, берші, тыңдаңыз, айтшы, оқыңыз, жүріңізші, жап, тұршы, отырыңыз, апарыңыз, әперші, әкеліңізші, сөйлеші, келіңіз, кетші, танысыңыз, қайтыңыз, жұмыс істеші, жаз, қара, біл, ұйықта.

51-тапсырма. Дара және күрделі етістіктерді қатыстырып 6 сөйлем жазып келу. “Денсаулық” тақырыбына үш мақал жазып, мағынасын түсіндіріңіз.