Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

48. Соөж Мамандық түрлері

Мамандықтың түрі өте көп. Біреу – мұғалім, біреу – дәрігер, енді біреуі – заңгер т.б.

Өмірдегі, қоғамдағы жағдай адамның өз кәсібімен айналысуына үнемі мүмкіндік бере бермейді. Бұған қоғамда пайда болған жұмыссыздық дәлел.

Қазақстанда 1994 жылдан бастап, жұмыссыздар алғаш рет ресми түрде тіркеле бастады. Жұмыс істей алатын, жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс орны жоқ адамды жұмыссыз деп атаймыз. Қоғамдық пікір бойынша, жұмыссыздық алдындағы үрей қылмыстан кейін екінші орынға шықты.

Кімнің өнімі сұранысқа ие болса, соның кәсіпорнында жұмыс орны бар. Мысалы, қару – жарақ зауытының өнімдері қажет болмай қалды, өйткені әлемдік саяси жағдай өзгерді. Осыған байланысты кәсіби деңгейі жоғары мамандар жұмыссыз қалды.

Жұмыссыздыққа байланысты қылмыстың түрлері: нашақорлық, ұрлық, тонау, қоқан–лоққы жасау, т.б. тәртіпсіздіктер көбейді. Сондықтан жұмыссыздық мәселесін экономика, қаржы, еңбек, білім министрліктері, еңбек биржасы жұмылып шешеді.

Сөздік минимум

мамандық – профессия, специальность еңбек ету – трудиться

жұмыссыз – безработный түр – вид

маман – специалист тәртіпсіздік – беспорядок

243-тапсырма. 1. Мәтінге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Адамға мамандық не үшін керек?

Кәсіптің өзіңіз білетін түрін атаңыз.

Еңбек келісімі не үшін қажет?

Жұмыссыздықтың пайда болу себептері қандай?

Адамдар тек ақша үшін жұмыс істей ме? Өз ойыңызды дәлелдеңіз?

Қосымша табыс туралы не айта аласыз?

2. Көп нүкте қойылған сөйлемдерді қатыстыра отырып, мамандыққа қатысты шағын әңгіме жазыңыздар.

Мамандық

Біздің елімізде мамандықтың қай түрі болмасын жоғары бағаланады. Өйткені мамандық иесінің қайсысын алсаңыз, олар халқына еліне, жұртына қызмет етеді.

Мәселен, мұғалімді алыңызшы ….

  • Мұғалімді?

  • Иә, мұғалімді айтамын…

49. Л/т. Қазақ музыкасы - өмір айнасы

Г/т. Жақты сөйлем

Қазақтың ұлттық музыкасы – халық өмірінің айнасы. Ол ғасырлар бойы қалыптасты. Әбу Насыр әл Фараби «Музыканың ұлы кітабы» - деген трактат жазды. Одан бұрынғы Қорқыт, одан кейінгі Қазтуған мен Асан Қайғы – қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері.

Қазақтың 25-тен астам музыка аспабы болған. Оның ішінде шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, көпішек, даңғыра, асатаяқ бар, ең көп тарағаны домбыра, қылқобыз, үрлеп ойнайтын сыбызғы, соғып ойнайтын дауылпаз, сырнай аспаптары.

Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері дамыды. Қазақтың опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, Қазақтың хор капелласы, Қазақ республикасы ән-би ансамблі, симфония оркестрі, Қазақтың классикалық балеті, Қазақ теледидары мен радио камералық және эстрадалық оркестрлері, «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Отырар сазы», «Жетіген» ансамбльдері жұмыс істейді. Ақтөбеде «Әлия гүлі» ансамблі бар.

244-тапсырма.

  1. Мәтінді тыңдаңыз. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз, сөздікпен жұмыс жасаңыз.

  2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

  3. Мәтіндегі есімше, көсемше формалы етістіктерді теріп жазып, талдау жасаңыз.

245-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлесімде қолданыңыз.

Қазақ халқы _________________ .

Қазақ халқының өнері - ____________________ .

«Еңлік-Кебек» пьесасы _____________________

«Амангелді» фильмі _______________________ .

246-тапсырма. Сөйлесіңіз. Сөйлесім үлгісі.

  • Қазақ халқының қандай суретшілерін білесің?

  • Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Гульфайруз Исмаилова ... ... ...

  • «Музыканың ұлы кітабы» еңбегін кім жазды?

  • Әбу Насыр әл Фараби

  • Қазақта «вальстің королі» деп кімді айтады?

  • ... ... ... ..............................................................

  • Ол автордың қандай әндерін білесің?

  • ..........................................................................

  • Жастарды эстрада жұлдыздары несімен қызықтырады?

  • Киімімен

  • Жүрісімен

  • Музыкалық талантымен

  • Шашының сәнділігімен

  • Әзілқойлығымен.................................................

247-тапсырма. Сұхбаттың түрлі нұсқасын құрастырыңыздар.

248-тапсырма. Сіздің үйіңізде қандай әндер бар?

Бейнетаспа, үнтаспа, күйтабақ, әнбаян, халық әні, күй

249-тапсырма. Ән тыңдаңыз. Сізге қандай ән ұнайды?

Жақты сөйлем (Личное предложение) – бастауышы бар сөйлем. Мысалы: Мен ауылға бардым. Кітап білім бұлағы.

213-жаттығу Мәтін ішінен жақты сөйлемдердің бастауышы бар және бастауышы жоқ түрлерін ажыратыңыздар.

Құнанбай үндеген жоқ. Таңшолпан әр шешенің бірі еді. Сыбағаны Күнкеге әкеліп отырғанымыз жоқ. Саған әкеліп отырмыз. Ертең қыстау – қыстауға кетеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып аламыз.

Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Адамға құрметпен қарасаң, оның бойындағы қасиетті жайшылықтағыдан әлдеқайда көп аңғарасың. Ұлпан, сен менің туған анам емеспісің, осы? Еһ, ақын болып суреттер ме еді мына бір кереметті! Осы таза ауаны кеудеңді толтыра жұта бергің келеді. Жүйрікті кекіл қарғысынан байқайды.

Абай өз әкесінің жауабын ғана білмек еді. Ырыс алды тірлік дейді, ол қай тірлік? Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Оның бірде – бірін көзбен көруге болмайды. Көңіліңмен көресің. Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз.