Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

21. Л/т. Адамның табиғаттағы орны

Г/т. Демеуліктер.

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстандағы ең ірі өзендер - Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады. Оның биіктігі - 6996 метр.

Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әр түрлі болып келеді. Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан алуан, әрі бай. Бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректі, 485 түрлі құс, 15-ке жуық балық пен көптеген жануар-эндемиктер (тышқан, сайғақ т.б.) кездеседі.

Қазақстанда 6 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкімет қамқорлығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар.

Жаңа сөздер:

сарқырамалар – водопады

сайлар – ущелья

көгалдар – луга

қыраттар – мелкие сопки

бұғаз - полуостров

ойпаң - впадина

қорық - запаведник

қамқорлық - забота

қозғалыс - движение

100-тапсырма

1. Мәтінді оқып, бірнеше сұрақ дайындаңыз.

2. Қорықтарды атаңыз.

3. Сөйлемді жазып, сын есімдерді көрсетіңіздер:

Орталық Қазақстанның ең биік нүктесі – Қызыларай таулары. Қарқаралы туралы әдемі аңыздар бар. Көкшетау туралы ең атақты шығарманы С.Сейфуллин жазған. Балқаш көлінің суы екі түрлі: бір жағы ащы, бір жағы тұщы. Маңғышлақ бұғазында атақты украин ақыны Т.Шевченко айдауда болған. Поляк саяхатшысы А.Янушкевичтің сөзі бойынша «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді».

4. Мәтін мен жаттығуды пайдаланып кестені толтырыңыз.

Антропоним

Топоним

Қандай қосымша дерек білесіз?

5. Мына сөз тіркестерінің баламасын жазыңыздар: встречается редко, сосновые леса, обилие ягод, всемирное движение, ниже уровня моря, обитают редкие птицы.

6. Сирек кездесетін жануарлар туралы ақпарат дайындаңыз.

Демеулік шылау

Демеулік шылау сөздің мағынасын түрлендіріп, әр түрлі мағына үстейді.

а) Сұрау демеуліктері - ма, ме, ба, бе, па, пе.

б) Тежеу демеуліктері - ғана, қана

в) Күшейткіш демеуліктер - ақ, да, де, ды, ді, ты, ті.

г) Көңіл-күйін білдіретін демеуліктері – ай, ау.

106-жаттығу. Жақшаны ашып жақша ішіндегілер жатыс септік жалғауы болса, алдыңғы сөзге қосып, шылау болса, бөлек жазыңыз.

Еліміз (де) төскейден ақтылы қой өргізген шопан (да) дарқан дала (да), дән дариясын тасытқан диқан (да), мартен пешінен болат селін ағызған металлург (те), ақ алтыннан тау тұрғызған мақташы (да) – бәрінен бұрын Отанға жақсылық тілер жайсаң жүрегімен еңбек етеді. Өйткені біздің қай-қайсымыз (да) ортақ іске төгілген әрбір тамаша тердің ырыс, молшылық болып елімізге қайта ораларын анық білеміз. Мұндай абзал адамдар бүкіл Қазақстан (да), кең-байтақ еліміз (де) қаншама десеңізші (С.Қ.).

107-жаттығу. Көп нүктенің орнына шылауларды қойып, көшіріп жазыңыздар.

Ірілігі ұстаса, кісіге айналып қарамайтын мінезі бар... . Бұл адам ақыл... , қу..., айлакер... кісі. – Дәметкен..., мынау қазақ сықылды..., осыдан сұрасаң, қайтеді? – деген... . Қардың еруін көрдің ..., жақсы еріп жатыр... өзі. Есігі ашық тұрған бөлмеге... бұрылып қарамады.

- Аш – жалаңаш болмайсың, өзің би, өзің төре боласың, - деп, Абзал оны қызықтырыпты...

- Сол..., пәле болды... шақыртпай... келсе қайтеді екен?! – деп, Бәкен азырақ кейістік білдірді. Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ....

Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін... қақтырмайды. Осы сөзді манадан бері сен айтсаң ..., абыройын аласың... кетесің.

Шылаулар: -ды, -ді, -ғой, -де, -да, -та, -ау, -ақ, -мыс, -ты,