Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

14.Соөж. Қазіргі заман көліктері. Қоғамдық көліктер

Алғашқы дәуірлерде адамдар жүк тасу үшін жануарларды пайдаланған. XVIII ғасырда адамдар мініп жүру және жүк тасу үшін машиналар ойлап табады. 1885 жылы Карл Бенс үш дөңгелекті машина жасап шығарады. Джеймс Уотт бумен жүретін машина ойлап тапты. Мотормен жүретін көліктер ат арбалардың орнын алмастырды. Бүгінгі таңда көліктің қаншама түрлері пайда болды.

Халқымыз күнделікті өмірде барлық көліктің түрлерін кеңінен пайдаланады. Қазіргі кезде ең көп тараған көлік түрлеріне жеңіл автокөліктерді жатқызуға болады. Ал қоғамдық көліктерге автобус, троллейбус, трамвай, пойыз, ұшақ, кеме жатады. Қарапайым қоғамдық көлік ретінде троллейбус пен автобусты еліміз кеңінен қолданады. Пойыз бен ұшақ қала мен қаланы, мемлекет пен мемлекетті байланыстыратын қоғамдық көліктер қатарына жатады.

Сөздік

жүк тасу – грузовая перевозка

жануарлар – животные

міну үшін – прокатать

қоғамдық – общественный

қарапайым –простой

56-тапсырма. Төмендегі үстеулерді кірістіріп төрт сөйлем ойлап, сөйлем мүшесіне талда.

(Жаз. Күз. Қыс. Осы. Басқа. Түлкі. Қасқыр. )

57-тапсырма. «Ұшақпен саяхат жасау» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

58-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адамдар алғашқы дәуірлерде қандай көліктерді пайдаланған?

2. Үш дөңгелекті машинаны қай жылы кім ойлап шығарды?

3. Қоғамдық көліктерді атаңыз.

4. Ең көп тараған көлік түрін атаңыз.

5. Бүгінгі күнгі жасөспірімдердің жиі пайдаланатын көлігін атаңыз.

59-тапсырма. Қазіргі заманғы көліктері туралы әңгімелеңіз.

15. Л/т. Қазақстан темір жолы.

Г/т. Көмекші сөздер

Пойызбен саяхат жасау

Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина академиясының екінші курсында оқып жүрмін. Қызмет бабымен ел ішінде немесе шетелге сапар шекпеймін, өйткені студентпін. Жазғы демалыста ата-анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады. Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң, ұшаққа отырмаймын. Билеті арзан болғандықтан, пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға отырдым.

– Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?

– Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.

Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға теміржол бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр емес. Перрон басы ығы-жығы халық: жүк көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмыз.

  • Мынау алтыншы вагон ба?

  • Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім?

  • Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде ме?

Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек-орын алып, төменгі орынға орналастым.

Жолсеріктен газет, жорнал алып, оларды оқуға кірістім. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті. Жолаушылар бір-біріне сәтті сапар тіледі.

Сөздік минимум

жол – путь анық – ясно, четко

пойыз – поезд қол жүгі – ручная кладь

қызмет бабымен – по службе жүк көтеруші – носильщик

ел ішінде – по стране жолаушы – пассажир

сапар шегу – путешествовать жолсерік – проводник

ұшақ – самолет төсек – орын – постельное белье

анықтама бюросы – справочное бюро әлде – или

жүрдек пойыз – скорый поезд тоқтау – останавливаться

кесте – расписание Сәтті сапар! – Счастливого пути!

60-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Ксения қай жерден? Ол қайда оқып жүр? Ксения қайда жол жүреді? Семейге дейін не барады? Ксения Семейге дейін ұшақпен неге бармайды? өткен жолы Ксения теміржол бекетінде ең алдымен қайда барды? Ол анықтама бюросынан не сұрады? Семейге дейін қандай пойыз бар екен? Билетті қай жерден алуға болады? Купелі вагонға билет бар ма екен? Пойыз қай платформаға тоқтайды, қай платформадан жүреді? Билетті кім алды, Ксенияны кім шығарып салды? Нешінші вагонға билет алды? Ксенияның орны жоғарыда ма, төменде ме? Ксения жолсеріктен не алды?

61-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Біз былтыр Шымкентке (совершили поездку). Билетті (заранее) кассадан (на скорый поезд) алдық. Оныншы (пассажирский поезд) қай (путь) келіп тоқтайды? Сендер (в купейный вагон) отырдыңдар ма, (в плацкартный вагон) отырдыңдар ма? Пойыз (по расписанию) келеді. Мен пойызға (опоздал). (В справочном бюро) кісі көп. Сіз қай вагонды (ишете). Менің орным (наверху). Сіздің орныңыз (внизу). (Постель) (у проводника) алу керек. Теміржол бекетінде (пассажиры, носильщики, проводники, встречающие, провожающие) көп.

Көмекші сөздер (служебные имена)

Көмекші есімдер - мағынасы есім сөзге жақын. Зат есімнің мекендік, мезгілдік, мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздер.

Мыс: алды, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, арқасы, арасы, ортасы, іші, маңы, бойы, беті.

Шылау – толық мағыналы сөзге тіркесіп, грамматикалық мағына қосу үшін сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын көмекші сөздер.

Жалғаулық шылау - сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылау.

а) Ыңғайластық жалғаулықтар (соединительные союзы) – және, мен, бен, пен, тағы, әрі, да, де, та, те.

б) Қарсылықты жалғаулықтар (противительные союзы) - бірақ, бірақ та, алайда, сонда да, әйткенмен, өйткенмен, онда да, әйтсе де, сөйтсе де.

в) Талғаулықты жалғаулықтар (разделительные союзы) - я, не, немесе, әлде, не болмаса, біресе, кейде.

г) Себеп жалғаулықтар (причинные союзы) - өйткені, себебі.

д) Салдарлық жалғаулықтар (союзы следствия) – сондықтан, соның үшін, сол себепті, соның нәтижесінде.

е) Шарттылық жалғаулықтар (условные союзы) – егер, егер де.

Септеулік шылау – толық мағыналы сөзге тіркесіп, оның мағынасын толықтырады.

Олар: үшін, дейін, шейін, бұрын, әрі, бері, таман, соң, қарсы, жуық, шамалы, шақты, туралы, тыс, бөтен, астам, гөрі, былай, бетер, т.б.

Демеулік шылау сөздің мағынасын түрлендіріп, әр түрлі мағына үстейді.

а) Сұрау демеуліктері (вопросительные частицы) - ма, ме, ба, бе, па, пе.

б) тежеу демеуліктері (выделительно-ограничительные частицы) -ғана, қана

в) Күшейткіш демеуліктер (усилительные частицы) ақ, да, де, ды, ді, ты, ті. г) Көңіл-күйін білдіретін демеуліктері (эмоционально-экспрессивные частицы) – ай, ау.

69-жаттығу. а) Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойыңыз (үшін, соң, туралы, шейін, қарай, басқа, сайын).

Сания қалам сатып алу ... дүкенге барды. Мен дүкенге ... Саниямен бірге бардым. Кеше сабақтан ... біз клубқа жиналдық. Клубта жолдас Нұрқанов бізге Ұлы Отан соғысы ... лекция оқыды. Лекциядан ... бізге үйге қайттық. Менің жолдасым Тұрсын төмен ... кетті. Менің Тұрсыннан ... тағы екі жолдасым бар, олар – Сәрсен мен Ораз. Тұрсын, Сәрсен, Ораз төртеуіміз күн ... мектептен бірге қайтамыз, сабақты бірге дайындаймыз.

ә)Жақшаны ашып, көшіріп жаз. Жақша ішіндігілер жатыс септік жалғауы болса, алдыңғы сөзге қосып, шылау болса, бөлек жаз.

Еліміз (де) төскейден ақтылы қой өргізген шопан (да) дарқан дала (да), дән дариясын тасытқан диқан (да), мартен пешінен болат селін ағызған металлург (те), ақ алтыннан тау тұрғызған мақташы (да) – бәрінен бұрын Отанға жақсылық тілер жайсаң жүрегімен еңбек етеді. Өйткені біздің қай-қайсымыз (да) ортақ іске төгілген әрбір тамаша тердің ырыс, молшылық болып елімізге қайта ораларын анық білеміз.

Мұндай абзал адамдар бүкіл Қазақстан (да), кең-байтақ еліміз (де) қаншама десеңізші («С. Қ.»).

62-тапсырма. Жолаушы және анықтама бюросының қызметкері, жолаушы және жолсерік, екі жолаушы арсында сөйлесу құраңыз.