Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать
  1. Мамандыққа және ғылым мен техниканың әр түрлі салаларына ғана қатысты сөздерді терминдер дейді. Мысалы: сюжет, бейне, теңеу, композиция, идея, шумақ, азимут, компас, глобус, метосфера, астрономия, медицина, этнография.

  2. Кірме сөздер

а) ескі грек, рим мәдениетінен: республика, милиция, грамматика.

ә) латын тілінен: геометрия, физика, экономика.

б) ағылшын тілінен: чемпион, клуб, вокзал.

3. Қазақ тілінің кейбір сөздері халық тұрмысының дамуына байланысты ескіріп, қолданудан шығып қалады.

Мысалы: шоқпар – дубина с утолщенным концом, оружие

найза – копье

айбалта – секира

болыс – волостной управитель

пері –волшебное (сказочное) существо в образе прекрасной женщины, фея, русалка

Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Оларды көнерген сөздер деп атайды.

4. Тілімізде көнерген сөздердің екі түрі бар: историзмдер және архаизмдер.

Кейбір сөздер көнеріп, тілде қолданбайды. Мұндай сөздерді историзмдер дейді.

Мысалы: сұлтан, ояз, атшабар.

5.Бұрынғы атаулары ескіріп, қазірде басқа атаулармен беріліп жүрген сөздерді архаизмдер дейді. Мысалы: жасақ - әскер, жатақ - отырықшы, бірлесу - серіктік.

6. Қоғамның дамуына, халықтың санасының өсуіне байланысты жаңа сөздер пайда болады. Мұндай сөздерді неологизмдер дейді.

7. Белгілі бір мамандық пен кәсіп түріне байланысты қолданылатын сөздерді кәсіби сөздер деп атайды. Мысалы: таутан - (ерш), атыз – (грядка, поливное поле), күнбағыс – (подсолнух)

Сұрақ – жауап.

а) Қазақ тілінде қандай тілдерден енген сөздер бар?

ә) Кәсіби сөздерге мысал келтір.

б) Неологизм деген не?

124-жаттығу. Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.

1.Асабасы жоқ асқа жарымас. 2. Қараша үйден ханша шығар. 3.Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат – отарба. 4.Ер-азамат белгісі – түзде мырза, үйде құл. 5.Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық – тамаша сауық. 6.Бақа – көлінде патша, балық - суында патша, жігіт – елінде патша.

125-жаттығу. Алғырлық, қабілет, дарын сөздерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

126-жаттығу. Мына кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып көріңіздер: пұл, шайыр, сарбаз, ғибрат, ғұлама, пешене.

127-жаттығу. Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңыздар: білім, адам, құн, талап, сабақ, самауыр, телефон.

128-жаттығу. Математика, география, биология, тарих пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді жазыңыздар.

129-жаттығу. Мәтіннен терминдерді тауып, мағынасын анықтаңыздар.

Балет – музыкалы театр өнерінің күрделі бір түрі. Сценарий, музыка және хореография, яғни би балеттің басты құрамдық бөліктеріне жатады.

Би - балеттің негізгі көркем-мәнерлі құралы. Бишілер өз биімен кейіпкерлердің мінез-болмысын, ой-сезімін, көңіл күйі мен іс-әрекетін ашып бейнелейді, сонымен балет мазмұны би арқылы әңгімеленеді.

Балетте өтетін оқиғаның орны мен мезгілін меңзеуде декорация, костюмдер мен жарық-сәуле аса маңызды рөл атқарады.

Аса көрнекті биші Галина Уланованың: «Біз билеп қана қоймаймыз, би тілімен сырласамыз» деген сөзін А.С.Пушкиннің «жан-тәнімен самғау» деп балетті бағалаған пікірі толықтыра түседі.

130-жаттығу. Өздерің білетін өнер түрлерін, олардың әрқайсысына қатысты термин сөздерді топтап жазыңыздар.

131-жаттығу. Әр сөйлемдегі ойды өз сөздеріңмен таратып айтып беріңіздер.

Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К.Маркс) Музыканы сүю үшін, ең алдымен, оны тыңдай білу керек. (Д.Шостакович) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалыпымызды тәрбиелейді. (М.Әуезов)

132-жаттығу. Компьютерге қатысты термин сөздерге түсінік беріңіздер және сөздік жасаңыздар.

133-жаттығу. Өзіңіздің болашақ мамандығыңызға қатысты кәсіби сөздерді теріп жазыңыздар.