Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Ел межесі – елулікке ену

Президент Н.Ә. Назарбаев елімізді әлемдегі ең мықты 50 елдің қатарына қосу туралы нақты міндеттерді алға қойып, Қазақстандағы әлеуметтік көмек жүйесін нарық жағдайына сәйкес келтіру мәселесіне айрықша тоқтала, еліміздегі әлеуметтік саясатқа да баса назар аударған болатын. Егер елбасы белгілеген елулікке ену стратегиясына зер сала қарасақ, аса зор міндеттердің қойылып, оның шешілуі халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруымен қатар жүретінін көре аламыз. Мемлекет басшысының үшінші басымдық ретінде әлсіздерді қорғайтын, экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты атап айтып, қоғамның ең «әлжуаз» топтарын – мүгедектерді, аналарды, қарттарды қорғауды қолға алып, қазақстандықтардың қалыпты өмір деңгейін қамтамасыз етуді алға қойғаны баршаға аян. Халықтың тұрмыс жағдайы мемлекетіміздің өсіп келе жатқан қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін адамның игілігіне пайдалану деңгейіне байланысты болатындықтан, Қазақстан Республикасының Үкіметі Елбасының тапсырмасын ойдағыдай орындай отырып, әлеуметтік саланы дамытуға және халқымыздық мұқтаждық көріп отырған топтарына қолдау көрсетуге ден қойған еді.

136-тапсырма.

1. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.

2.Жаңа сөздердің аудармасын есте сақтаңыз.

3.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.

27. Л/т. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы,

Елтаңбасы, Әнұраны.

Г/т. Біріккен сөздер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Мемлекеттік тудың түсі – көгілдір. Көгілдір түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ол мемлекеттіктұтастық идеясын білдіреді. Мемлекеттік ту - мемлекетке тән ресми белгілердің бірі. Тудағы ұлттық өрнек қазақ халқының мәдениетін, өнерін білдіреді. Мемлекеттік ту – мекеме үйлерінде, шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда, кемелерде, т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі. Мемлекеттік тудың барлық белгілері бар жалаушалар да болады. Олар келіссөз үстелдеріне қойылады, ресми қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде машиналарға қадалады.

Сөздік: адалдық-честность, тазалық-чистота, тұтастық-целостность, бейне-изображение, білдіреді-обозначает, елшілік-посольство, келіссөз-переговоры, қарсы алу-встречать, шығарып салу-провожать.

Елтаңба

Біздің Елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі - шаңырақ. Шаңырақ бар елтаңба тарихта болған жоқ.. Елтаңба композициясында ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен тығыз байланысты. Ат, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі. Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.

Сөздік: мағына-значение, тіршілік-существование, тұрмыс-быт, өрнек-орнамент, шексіз-безграничный.

137-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңыздар.

  1. Тудың түсі туралы әңгімелеңіз.

  2. Тудағы күн бейнесі туралы әңгімелеңіз.

  3. Тудағы қыран нені білдіретінін түсіндіріңіз.

  4. Тудағы ұлттық өрнек нені білдіретінін айтыңыз.

138-тапсырма. Мына көп нүктенің орнына сұрақ қойыңыз.

  1. Қазақ елінің Туының түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.

1) ...............?

2) Зеңгір көк түс - табиғаттағы жеті түстің бірі.

2) ...............?

3) Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.

3) ...............?

4) Көк түс – аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі.

4) ...............?

5) Тудың бір түстілігі мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

5) ...............?

6) Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі.

6) ...............?

7) Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі.

7) ...............?

8) Тудағы ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетінің поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

8) ...............?

9) Сауд Арабиясы елінің туында «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның пайғамбары» деген жазу бар.

9) ...............?

10) Абылайдың туы ақ болған.

10) ...............?

11) Әмір Темірдің туының түсі – аспан көк.

11) .............?..

139-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Мемлекеттік елтаңбаның түсі қандай?

2.Шеңбер мағынасы нені білдіреді?

3.Елтаңбаның ең негізгі белгісі қандай?

4.Елтаңбада тағы қандай белгілер бар, олар қандай ұғымдарды білдіреді?

140-тапсырма. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

  1. Біздің ... – шеңбер ішінде.

  2. Елтаңбадағы ең негізгі ... – шаңырақ.

  3. Қазақ халқындағы «...отбасынан...» деген ... бар.

  4. Шаңырақ – қазақ...белгісі, ... .

  5. Шаңырағы бар... тарихта болған емес.

141-тапсырма. Өлең жаттаймыз.

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Қара шаңырақ – ел күні,

Асқақтатып тұр мұңы.

Елтаңбасы – елдігім,

Елдің тыныш тірлігі. (Тұманбай Молдағалиев).

Біріккен сөз деп екі немесе одан да көп түбірлердің бірігіп, бір мағына, бір ұғым, бір атау, мезгіл, қимылды білдіруін айтамыз. Біріккен сөздер біріккен сөз және кіріккен сөз болып екіге бөлінеді. Екі я онан да көп сөз бірігіп, жаңа лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын біріккен сөз дейміз. Мысалы: Ақтөбе, тасбақа, итмұрын т.б.