Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгілері:

188-жаттығу. Сөздікпен жұмыс істеңіздер.

Қай сөз тіркесі дұрыс аударылмаған.

Қайта құру – реорганизация

Мәжбүр ету – принуждать

Қол жеткізу – утверждать

189-жаттығу. Берілген сөздердің қазақша баламаларын орындарына қойыңыздар.

Кеңістік, кепілдік, қоғамдастық, үстемдік, сенімсіздік, қайшылық, бітім, қадам, құрылым, дағдарыс, біртұтас, болмыс, ымыра, жанжал, мүлтіксіз, көмір, болат.

Шаг – Компромисс –

Конфликт – Структура –

Недоверие – Пространство –

Единый – Господство –

Сообщество – Гарантия –

Кризис – Противоречие –

Сталь – Уголь –

Консенсус – Беспрекословна -

231-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан мемлекеті БҰҰ-ға қай жылы мүшелікке қабылданды?

2. БҰҰ-ға қанша мемлекет мүше болып отыр?

232-тапсырма.

1.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз.

3. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

4. БҰҰ, ЮНЕСКО-дан басқа қандай халықаралық ұйымдарды білесіз, сол туралы

әңгімелеп беріңіз.

5. Жаңа сөздерді аударыңыз.

6. Жаңа сөздерді сөздік дәптеріңізге жазыңыз.

7. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығып, емлесін есте сақтаңыз.

Қысқарған сөздер. Сөздердің бірқатары қысқартылып, ықшамдалып та жасалады.

Күрделі сөздердің қысқартылу жолдары:

1. Күрделі сөз құрамындағы бас әріптер алынады. Мысалы: ЕҰЫҚ, ДСҰ (ОБСЕ, Дүниежүзілік сауда ұйымы) т.б.

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ).

3. Күрделі атаулардың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындары қысқарады.

Мысалы: педстаж (педагогикалық өтілі), педсовет (педагогикалық кеңес) т.б.

4.Күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бастапқы буыны және соңғы сөз толығымен жазылады. Мысалы: медколледж, пединститут т.б.

5.Түрлі техника белгілерін көрсету үшін алынған атаулар қысқартылып беріледі: Боинг- 737, ТУ- 151, т.б.

190-жаттығу. Мына сөздерді қысқартып жазыңыздар.

Біріккен Араб Әмірліктері, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Бұқаралық Ақпарат Құралдары, Атырау Мемлекеттік Университеті, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

44. Соөж Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір-біріне қарама–қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады. Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірибелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын (бағытын) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты. Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік саяси құрылымы бойынша, бір–бірінен ерекшеленеді. Әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді. Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін тереңдете түседі. Бірақ бұл формула түгел емес: бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет. Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе-теңдікте дами алмайды. Себебі өзара тең түсетін базасы жоқ. Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылылығы аспектіде көрінеді.

233-тапсырма.

  1. Жоғары деңгейдегі халықаралық қатынастарды жүргізудегі дипломаттардың атқаратын қызметтері туралы ақпарат құралдарын пайдалана отырып, түйін жасаңыз.

  2. «Мен білетін елші» тақырыбына шығарма жазыңыз.

  3. Мәтіннен қысқаша түсінік айтып беріңіз.

  4. Дипломатиялық құжаттарды ресми, жеке, құттықтау ноталарын пайдаланып, елшілер атынан нота жазуды үйреніңіз.

  5. Мәтін мазмұны бойынша Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі туралы сөзжұмбақ құрастырыңыз.