Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

2. Соөж Адам өміріне не қажет? Өзіңді өзің таны.

Адам, біріншіден, қолайлы жағдайларды тиімді пайдалана білуі керек.

Екіншіден, уақытты дұрыс пайдалана білу. Уақытты босқа жоғалтқан адам өз мүмкіндігі мен дәрежесін де жоғалтады.

Үшіншіден, еркі мықты болу керек. Мақсатқа жету.

Төртіншіден, өз ісіңді таба алу қабілеті. Әр адамның қабілеті мен біліктілігі әр түрлі, сондықтан қолыңнан не келетінін өзің анықтағаның маңызды.

Бесіншіден, нақтылық және ұқыптылық.

Алтыншыдан, өзін-өзі ұстай білу. Бұл салмақты, лайықты мінез-құлық, шешімді, кесімді көзқарас, өз ортасын сыйлау, өз-өзіне сенімділік.

Жетіншіден, істі соңына дейін беріле істей алу – маманның маңызды қасиеті.

Сегізіншіден, нәтижені ойлау.

Тоғызыншыдан, қызметте жетістікке жетем десең, өз уақытың мен үйреншікті тұрмыс жағдайларын, ұйқыңды жиі қиюға тура келеді.

13-тапсырма

1. Сөздерді оқыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз: біліктілік, кәсіби, қолайлы, дәреже, нақтылық, ұқыптылық, сенімділік, сезімталдылық, әдісқойлық, тәжірибелілік.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.

3. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыздар.

4. Адамдық, жақсы қасиеттер туралы пікірталас жасаңыздар.

5. Абайдың зиялылық, адамгершілік қасиеттер туралы айтқан сөздерін дәптерге жазып алыңыз. Оларды сөйлесімде қолданыңыз.

  • Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

  • ... кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.

  • Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы...

  • Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - зұлымдық.

  • Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.

6. Мәтіндегі зат есімдерге талдау жасаңыз.

7. Мәтіндегі бірнеше зат есімді жіктеңіз.

8. Мәтін бойынша қысқаша әңгімелеп беріңіз.

  1. Л/т. Отбасы

Г/т. Жалғаулар. Тәуелдік жалғауы

Менің отбасым – үлкен отбасы, туыстарым да көп. Оған мен қуанамын. Менің атам мен әжем өте еңбекқор адамдар. Олар Қарқаралы ауданы Томар ауылында тұрады. Зейнеткер болса да, жеке шаруашылықпен айналысады. Ол кісілерден көп үйренуге болады.

Ата-анам Астана қаласында тұрады. Екеуінің де мамандығы экономист, фирмада жұмыс істейді. Әкем Әсет - фирманың бас маманы. Шешем Сәмиға – бөлім меңгерушісі. Үлкен ағам Айдын Қарағанды қаласындағы «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, өзінің отбасы бар. Екінші ағам Атырауда тұрады, үйленген. Қарындасым Айдана медицина колледжінің студенті. Мен Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде химик мамандығында оқимын.

Немере-шөберелері барғанда, атам мен әжемнің қуанышында шек болмайды. Немере-шөберелері жазғы демалыста ата-әжелерімен бірге демалады. Атырау қаласында немере апайымыз тұрады. Ол кісі Астанаға, Қарағандыға келіп тұрады. Біз де Атырауға, ағама жиі барамыз. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп дұрыс айтылған, біз бір-бірімізге көмектесеміз, көрмесек, сағынамыз. Біздің туысқандар өте тату.

14-тапсырма. 1. Мәтінді бөлімге бөліп оқыңыздар.

2. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз. Сөздікпен аударыңыз.

3.Жаңа сөздерді қайталап оқыңыз, жазыңыз, айтып жаттығыңыз:

Зейнеткер, қарт, қария, ағайын, нағашы, туыс, жекжат, қайын аға, ата-ене, қайын сіңілі, құда, құдағи, күйеу бала, келін, жиен немере, шөбере, шөпшек, немене.

  1. Мәтінге қарап отырып өзіңіздің жекжат, туыстарыңыз туралы жазыңыз.

  2. Туысқандар және отбасы туралы досыңызбен әңгімелесіңіз.

  3. Бос орындарғы тиісті сөздерді тауып қойыңыз:

Менің отбасым ----- . Олар ----- тұрады. Әкем Әсет – фирманың бас ----- . Шешем Сәмиға – бөлім ----- . Екінші ағам Атырауда тұрады, ----- .

  1. Берілген сөздерді жіктеңіз:

Менің сіңілім бауырым жиенім

Сенің --------- ------------ ---------

Сіздің --------- ----------- ---------

Оның --------- ----------- ---------

Біздің --------- ----------- ---------

Сендердің --------- ----------- ---------

Сіздердің --------- ----------- ---------

Олардың --------- ----------- ---------

8. Сұхбатты толықтырып, жалғастырыңыз.

  • Әсем, сенің отбасың шағын ба?

  • Жоқ, ------- отбасым ------ емес, -------.

  • Әсем, ------- атаң бар ма?

  • Иә, менің ------ бар. ------- зейнеткер.

  • Сенің ----- бар ма?

  • Жоқ, менің ----- жоқ.

9. Көп нүктенің орнына өз туыстарыңыздың есімдерін жазыңыз:

... - әпкемнің үлкен ұлы. ..., ... - әпкемнің қыздары. ... – ағамның кіші қызы. ... – ағамның ұлы. ... – інімнің қызы. ... – інімнің ұлы.

10. Жауап беріңіз, сұхбаттасыңыз.

С1:- Әже, бұл кімнің отбасы?

С2: ----------------------------------

С1: -Әже, ол кісі кім?

С2: ----------------------------------

С1: -Оның қандай туыстары бар?

С2: ------------------------------------

С1: - Ұлы қайда жұмыс істейді?

С2: --------------------------------------

С1: - Қарындасы кім?

С2: --------------------------------------

11. Отбасы туралы сұхбаттасыңыз.

12. Мына сөздердің қандай баламасы бар? Жазыңыз

Ана – Ата-ана – Тұрмысқа шығу –

Әпке - Туысқан – Жұмыс істеу –

Бөбек – Үй иесі – Туылды -