Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

37. Соөж Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әңгімелесе аласыз ба?

(Кәсіби жағдаяттарға қарай)

Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» -деп тұжырымдайды. Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті - кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшеліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады».

201-тапсырма. Өз мамандығыңызға байланысты жағдаяттар құрастырып, әңгімелесу үлгісін құрыңыз.

38. Л/т. «Сіз» және «сен»

Г/т. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ат немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Тәрбиеге күш-жігер салып көп,

Сыйластықты ата дәстүр қалып деп,

Сол ата-ана ұялатар санаға,

Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп.

202-тапсырма. Берілген мәтінді пайдалана отырып «Сіз»және «Сен», сыйластық, ата-ананы, сыйлау, өзіңді сылау мазмұнында шығарма жазыңыз.

Мұқағали Мақатаев

Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің… Досым-ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып! Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып… Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан, Достардың барып, ауласында өлген мың артық.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Сөйлем мүшелері

Члены предложения

Сұрақтары

Вопросы

Жасалуы

Образуется

Айтылады

Выражается

Толықтауыш

(Дополнение)

Атау мен іліктен басқа бес септіктің сұрақтарына жауап береді.

Отвечает на вопросы пяти падежей кроме им. и род.

Тура толықтауыш табыс септіктен жасалады. Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа жанама септіктерден жасалады.

Прямое дополнение выражается винительным падежом. Косвенное дополнение выражается косвенными падежами кроме винительного падежа

Дәуренді кеше театрдан көрдім.

Сен айтқан кітапты оқыдым.

Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Туған елдің тау, қырын аралаймыз, шарлаймыз

Анықтауыш

Определение

Қандай? (Какой?)

Неше? Қанша? (Сколько?)

Нешінші? Қаншасыншы?

(Который?) Кімнің?(Чей?

Кого?) Ненің? (Чего?)

Сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен, зат есімнен, есімшеден жасалады Прилагательными, числительными, местоимениями, существительными, причастями

Мен жетінші қабатта тұрамын.

Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

Олар жаңа үйге кірді

Пысықтауыш

Обстоятельство

Қайда? (Где?) Қашан? (Когда?) Қалай? (Как?)

Қанша? (сколько?)

Не мақсатпен?

(С какой целю?)

Көбінесе үстеуден жасалады.

Чаще всего выражается наречиями

Халқымыз наурыз мейрамын қуанышпен қарсы алды.

Бала ұзақ уақыт ұйықтай алмады.

Аздан соң екеуі де сыртқа шықты.

155-жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

Ерлік – табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Халықта: туа батыр болмайсың, жүре батыр боласың деген нақыл бар. Ерлік деген әр түрлі болады. Ерлік дегеніміз үлкен мақсаттар жолында жасалған ерекше қадам, ол осындай қоғамдық маңызды қадам болғандықтан, мұндай қадам қоғам тарапынан өзіне құрмет те табады. (Б.Момышұлы.)

156-жаттығу. Өлеңнің тақырыбын анықтап, сөйлем мүшелеріне талдаңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің құрбысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

157-жаттығу. Баяндауыштары зат есімнен жасалған сөйлемдер құрыңыздар.

Үлгі: Заман жастардікі (кімдікі?) –нікі қосымшасы жалғанып, баяндауыш болып тұр.

158-жаттығу. «Досыңды сыйлай біл» деген тақырыпқа қысқа әңгіме құрыңыздар.

159-жаттығу. Абайдың өлең шумақтарынан тура және жанама толықтауыштарды ажыратыңыздар.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегіңде болсын көз.

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

Ұғар көңіл шын беріп,

Дертті ішіне ем көріп

Неге алтынды десін жез.

160-жаттығу. «Менің өмірдегі мақсатым» деген тақырыпқа қысқа шығарма жазыңыздар. Ιшінде мақсат пысықтауыш болсын.

161-жаттығу. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне синтаксистік талдау жасаңыз.

Жабайы торы атын бір күн тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді. Талма түс кезінде тобылғы түбінен қоян ыршып шықты. Секіріп, атқылап, қалай қарай қашарын біле алмай, азғана бөгеліп те қалды. Әйелінің – бүгін бір-екі қоян әкелмесең, кешке қазанның астына от жағылмайтын шығар дегені де есіне түсті. Дағдылы қолмен томағасын сыпырып алды да, Ержан бүркітін қоянға қарай сермеп қалды. Қыран қоянға қараған жоқ. Қанаттарын кере серпіп жоғарылай берді, жоғарылай берді.

162-жаттығу. Қазақтың өзіңізге белгілі көрнекті ақын, жазушысы не өнер, ғылым қайраткері туралы қысқа баяндама жазыңыз. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз.

163-жаттығу. Сөйлем ішінен бастауышты тауып, оны қай сөз табынан болғанын айтыңыздар.

1.Қабілеттілік – табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажап сыйы. 2.Талант дегеніміз не? 3.Ол – бір нәрсеге, мысалы, музыкаға, әдебиетке, сурет өнеріне деген зор қабілет. 4.Әрбір адамның өзіне тән қабілеті болады. 5.Ол еңбек пен әрекет үстінде дамиды. 6.Т.Бигелдинов Ақмола қаласы іргесіндегі Майбалық ауылында 1922 жылы туылған. 7.Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады. 8.Сөздері білімдардың қартаймайды, ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды.

164-жаттығу. Мына сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себептерін түсіндіріңіз.

Азапты көріп жылаған - осалдық, азапты көріп шыдаған - мықтылық. Студенттердің басты мақсаты - оқу. Ел намысы - ер намысы. Абай – ақын, әнші композитор. Көп оқу - білім алудың негізгі шарты. Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. Жақсы - ісімен жақсы. Бұл – Ақбаяннан күтпеген сөзім.

165-жаттығу. Мәтіннен баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз таптарынан болғанын, қандай сұраққа жауап беретінін айтыңыздар.

Бүгін сен бізге таң қалмайсың. Біз бейбітшілік уақытта керемет істес болдық, бізге бүкіл дүние таң қалды. Әбіш биыл жазғы демалысқа елге қайтқан. Көкбайда Абылай жайын сыр етемін деген ой көптен бар-ды. Оның жүзінде қазір анық көтеріңкі шабыт бар.

166-жаттығу. Мына сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себептерін түсіндіріңіз.

Машинада отырғандардың бірі - орта бойлы, толықша келген адам. Білетінің - бір тоғыз, білмейтінің - тоқсан тоғыз. Бес жерде бес-жиырма бес. Алдыңа келген адамдарға қолыңнан келген жақсылығыңды жасау - дәрігерлік міндетің. Бәрінен ақылдысы - үлкеннің сөзін тыңдаған.

167-жаттығу. Мәтіннен баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз таптарынан болғанын, қандай сұраққа жауап беретінін айтыңыздар.

Ажар ағасы екеуі жидек теруге барды. Бізден кейін де келетіндер бар. Бұтаны таптама, -дейді ағасы. Ажар бұрын мұны неге ойламаған. Енді, әр бұтақты абайлап көтереді. Нарттай боп қызарған жидектер көп-ақ екен. Балалар оны теруге ерініп, сабағы мен қоса жұлып алатын. Бұл обал дегенді білмей келіпті ғой. Оларға да айтып қойған артық болмас, - деп ойлайды ол.

168-жаттығу. Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз, тиісті жеріне тыныс белгісін қойыңыз.

Көзге түсетін жан иесі жоқ. Ана әйелдің біреуі келіні, біреуі сол келіннен туған немере қызы. Төр дегені екі-үш кез ғана жерде жайылған ескі құрым киіз. Жартыны жарып жеген- татулықтың белгісі. Ілім бұлақ, білім шырақ. Ата- асқар тау, ана -бауырындағы бұлақ, бала -жағасындағы құрақ. Өлең- сөз қолдаудың ең асыл әдісі. Оның бағасын кетіріп жоқтан өзгеге жұмсау- күнә да, ұят та. Ол араның қысы- қыс, жазы- жаз. Қайғы- қайғы да, өмір- өмір ғой.

169-жаттығу. Сөйлем ішінен бастауышты тауып, оны қай сөз табынан болғанын айтыңыздар.

Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта ежелгі заманнан-ақ мәдени өсімдік болып есептелінген. Оны ең әуелі Үндістанда, Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын матадан жеңіл де жұқа маталар тоқуды үйренді. Ол жылылықты, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Гүлдері ірі, ұрығы қауашақты. Пісіп жетілген кезде, қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді. Мақта әрі мәдени, әрі өте маңызды техникалық дақыл болып саналады.

170-жаттығу. Мына сөйлемдердегі дара баяндауыштар мен күрделі баяндауыштардың айырмашылықтарын түсіндіріңіздер, баяндауыштардың қалай жасалғанын айтыңыздар.

Бүгін сен жаралысың, туған жер бірақ жауға бас имейсің. Біз дүние жүзінің жастарының алдыңғы қатарында болдық. Өмірдің биік шыңына қол созамыз. Мен қазақ өнерімен бірінші рет танысып отырмын. Ай сәулесі терезеден дірілдей түсіп тұр. Жазғы жылы желдің әлсіз ғана ызыңы естіледі. Әнуар бірде осы үнге құлақ түреді. Бірақ бұған да аялдамай, көңілі бөтен жаққа тарта береді. Тағы да Балқияның сөзі есіне түсті.