Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

38. Соөж Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі

“Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”, - деп анықтама берген А.С. Макаренко. Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімділерін қажетке жарату – жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады. Қазақта “үйлену- оңай, үй болу- қиын” дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін – салт-дәстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі “ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде” деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиет балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінбейтін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз. Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: “қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Құда болудың бірнеше жолдары бар. Кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де “бел құда”; екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып “бесік құда” атанады. Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру – жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды. Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру – бәріміздің де борышымыз. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. Ата-бабаларымыздың, даналарымыздың, ақын жырауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесін жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тыйылуға және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсіл. САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

  1. Діни әдет ғұрыптар а) Ырымдар мен нанымдар (оң және теріс бата, күн жайлату, отқа май құю, алғыс-қарғыс, ауруды емдеу т.б.) ә) Діни рәсімдер мен мейрамдар (намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажыға бару т.б.) 2. Отбасылық той-томалақтар мен жиындар а) Үйлену тойы ә) Бала тәрбиелеу дәстүрлері б) Жерлеу салты 3. Маусымдық халықтық мерекелер а) Жалпы халықтық тойлар (Наурыз мейрамы. Қымызмұрындық. Сабантой. Соғым басы.) ә) Кәсіптік мейрамдар (бие байлау, жүн қырқар, тулақ шашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ т.б.)

203-тапсырма. Мәтінді оқып өз пікіріңізді айтыңыз.

204-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Тәрбиелі отбасы қандай болу керек? Сіздің отбасыңызда мұндай дәстүрлер сақталған ба?