Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

29. Л/т. Қазақстанның бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің шеберлері

Г/т. Кәсіби сөздер мен терминдер.

Қазақ халқының тұңғыш суретшісі Шоқан Уәлиханов болып есептеледі. Оның суреттері «Шоқан және өнер» кітабына енген. Ал Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі- Әбілхан Қастеев. Оның шығармашылығы сан қырлылығымен ерекшеленеді. Ол тарихи тақырыпта да, кескіндеменің әр түрлі жанрында да портреттер мен пейзаждар жасады.

Жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдары ағайынды Құлахмет, Қожахмет Қожықовтардың шығармашылық өрлеуі басталды. Бұл кезеңде олар бірнеше белгілі графикалық жұмыстарын жазды.

Қазақстанның басқа да атақты суретшілері мен графиктерінің ішінен Қ.Қисамбетов, И.Исабаев, А.Гурьев, А.Рахманов, Г, Исмаилова, А.Ғалымбаева сияқты суретшілер де өзіндік өрнектерімен ерекше дараланады.

150-тапсырма. Оқып шығыңыз және көшіріп жазыңыз.

151-тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңыз:

Қазақ халқының тұңғыш суретшісі.

Әбілхан Қастеев – қазақ сурет өнерінің атасы

Әбілхан Қастеев - қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі.

Әбілхан Қастеев - қазақ мәдениетіндегі үлкен құбылыс. Ол республикамызда тұңғыш рет «Қазақ ССР-інің халық суретшісі» деген құрметті атаққа ие болды. Кәсіби суретші атанған кезде ол 40жаста еді.

Әбілхан Қастеев 1904 жылы қаңтарда Талдықорған облысы, Панфилов ауданындағы Шежін аулында туған.

Арғы ата-бабалары, өзінің әке-шешесі диқандықты кәсіп еткен жарлылар. Әкесінен тым ерте айрылды. Жасынан сиыр бағып, табиғат ортасында жүргенде, оны күн сәулесіне шағылысқан құз-қиасы, таудағы сыңсыған самырсындар түрлі түсті бояуларымен таңдандыратын. Әбілхан табиғаттың сан түрлі бояуын санап, түрлі ағаш атаулы, жан-жануардың, өсімдікті топырақтың түр-түсін саралап өсті. Болашақ суретшінің тума таланты осыдан туындайды. Сурет - Әбілхан Қастеевтің сүйген ісі, сондықтан ол суретшіні бақытқа жетеледі.

Әбілхан Қастеев - біздің республикамыздың өнеріндегі өте сирек кездесетін дара тұлға. Оның шығармалары халықтың рухын, сезімі мен ойын білдіреді. Ол туған республикамыздың өнерінің асыл қазынасына баға жеткізгісіз үлес қосты. Осы еңбегі бағаланып, Ә.Қастеев еңбектері орналасқан мұражай Алматыда ашылды.

152-тапсырма. 1.Жаңа сөздерді аударыңыз.

2.Жаңа сөздерді оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыз.

3.Жаңа сөздердің аудармасын есте сақтаңыз.

4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазыңыз.

153-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығыңыз.

  1. Мәтінді аударыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнын түсініңіз.

  3. Мәтінді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

  4. Ә.Қастеев туралы өз мәліметіңізді қосып, мәтінді толықтырып әңгімелеңіз.

154-тапсырма.. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

1)Әбілхан Қастеев - ... тұңғыш ... суретшісі.

2)Ол республикамызда ... рет Қазақ ССР –інің халық .... деген құрметті ... ие болды.

3)Әбілхан Қастеев ... жылы қаңтарда ... облысы ... ауданындағы Шежін ... туған.

4)Әкесінен ... ерте айрылды.

5)Болашақ ... тума ... осыдан туындайды.

6)Оның ... халықтың рухын, ...мен ... білдіреді.

7)Осы ... бағаланып, Ә.Қастеев еңбектері орналасқан мұражай ... ашылды.

8)Жасынан ... бағып, ...ортасында жүргенде, оны... сәулесіне шағылысқан... , таудағы сыңсыған... түрлі түсті... таңдандыратын.

155-тапсырма.. Түрлі тілдік жағдаятта сөйлеу

1. Шетелден келген қонағыңыз Әбілхан Қастеев мұражайы бар ма? - деп сұрады, жауап беріңіз.

2. Қонағыңыз Әбілхан Қастеев мұражайы сізге ұнай ма?-деп сұрады, жауап беріңіз.

3. Қонағыңыз мұражайға ертіп баруды сұрады, жауап беріңіз.

4. Қонағыңыз мұражаймен танысып, мұражайдан қазақ өмірімен, табиғатымен таныстым, сурет-өмір шындығы деген осы екен деп ризалығын білдірді, рақмет айтыңыз.

156-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз:

  1. Әбілхан Қастеев - қазақ мәдениетіндегі ...

  2. Кәсіби суретші атанған кезде ...

  3. Арғы ата-бабалары, өзінің әке-шешесі ...

  4. Әбілхан табиғаттың сан түрлі бояуын санап, түрлі ағаш атаулы, жан- жануардың,өсімдік,тіпті топырақтың ...

  5. Әбілхан Қастеев – біздің республикамыздың өнеріндегі ...

  6. Ол туған республикамыздың өнерінің асыл қазынасына ...

157-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ә.Қастеев табиғи талантымен суретші болған ба?

  2. Ә.Қастеев қай жерде туып-өскен?

  3. Қазақстанда Ә.Қастеевке дейін Қазақ ССР-нің халық суретшісі атағын алған суретші болды ма?

  4. Ә.Қастеевке табиғаттың сан алуан түрлерінің әсері болды ма?

  5. Ә.Қастеевтің суреттері халықтың тарихын, өмірін, табиғатын суреттеді ме?

  6. Сіз сурет өнерін жақсы көресіз бе?

Қазақ тілі – ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең бай тілдердің бірі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны шексіз. Қазақ тілінің сөздік құрамы өзінің даму барысында басқа тілдерден енген сөздер, байырғы сөздермен толысып, дамып отырады. Қазақша сөйлеуге және жазуға қатысатын барлық сөздердің жалпы жиынтығы қазақ тілінің сөздік қоры немесе лексикасы деп аталады.