Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

7. Л/т. Досынды бағалай білесің бе?

Г/т. Омоним. Антоним. Синоним.

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс кағысысқан дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыңнан кимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: “Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады“, - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

31-тапсырма. Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді оқыңыз.

2.Мәтінді аударыңыз.

3.Мәтінге сұрақ қойыңыз.

4.Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

5.Мәтіннің мазмұнын баяндаңыз.

Омоним. Антоним. Синоним.

Омонимдер – жазылуы бір, мағынасы басқа сөздер.

Мысалы: Ай – луна, Ай – месяц

Синоним – жазылуы әртүрлі, мағынасы ұқсас сөздер.

Мысалы: Әдемі киім, Сұлу қыз.

Антоним – мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Мысалы: Алыс – жақын, ұзын – қысқа.

26-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Мұнай кеніштерін ата?

  2. Атыраудағы шетелдік компанияларды ата ?

  3. Облысымыздағы мұнай-газ өндіру зауыттарын ата?

27-жаттығу. Сөздердің қандай мағынада қолданып тұрғанын айтыңыз?

1. Солтүстіктен соққан суық жел күшейе түсті.

2. Суық хабарды естіп, оның көңілі бұзыла бастады.

3. Қисық біткен ағаш.

4. Сөзге түсінбейтін қисық шал екенсің.

28-жаттығу. Мәтіндерді аударып, синоним сөздерді табыңыз.

Атам Сембай биік, мығым денелі, сұлу жүзді, әдемі бурыл сақалды адам. Ол қандай қиыншылық кездессе де қайыспайды, мойымайды, қайғырмайды. Өмірде не қилы жақсы адамдар толып жатыр ғой. Біреу мейірбан, біреу жомарт, біреу адал, біреу турашыл болады.

29-жаттығу. Антоним сөздерді табыңыз.

Ауыр киім, ыстық жел, ұзақ жол, алыс жер, биік өкше, қысқа жіп, ерте ояну, қалың қар, жас жылқы.

7. Соөж Менің досым

Менің досымның аты - Болат. Болат 1980 жылы 29-наурызда Алматы қаласында туған. Оның жасы 19-да. Болаттың бойы орташа, бірақ денелі.Ол арық емес, қараторы, көзі әдемі, үлкен, қара, қыр мұрынды жігіт. Оның шашы қара, қысқа.

Болат өте адал, шыншыл, іскер, ақылды, нағыз, жолдас. Ол достарына көмектеседі. Ол зерек, дарынды және көңілді адам. Болат жақсы киінеді. Біз досымыз екеуміз бірге шаңғы тебеміз, кітап оқимыз, бірге дем аламыз. Болаттың мекен жайы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 95үй, 4-ші пәтер.

32-тапсырма.

1.Мәтінді оқы.

2.Орыс тіліне аударыңыз.

а)бойы орташа

ә)қыр мұрынды

б)өте шыншыл адам

в)нағыз жолдас

г)бірге дем аламыз

3.Қазақшаға аудар

а)друга зовут

ә)крепкого телосложения

б)катаемся на лыжах

в)помогает

г)одевается чисто

4.Сұраққа жауап бер.

а)досының аты кім?

ә)Болаттың жасы нешеде?

б)Болат қандай адам?

в)оның бойы қандай?

г)Болат не істейді?