Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Т

ұ

р л

а

у

л

ы

г

л

а

в

н

ы

е

Сөйлем мүшелері

(Члены предложения)

Сұрақтары

(Вопросы)

Айтылады

(Выражается)

Мысалдар

(Примеры)

Бастауыш

(Подлежащее)

Кім? Не?

Кімдер?

Нелер?

(Кто? Что?)

Сөз таптарының барлығынан

(Всеми частями речи)

Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Жақсы ісімен жақсы.

Жүз елу екі үшке бөлінбейді.

Баяндауыш

(Сказуемое)

Не істеді? Не қылды? Қайтті? Не етеді? Қайтеді?

(Что делал? Что сделал? Что делает? Что сделает?)

Әр түрлі сөз таптарымен

(Раличными частями речи)

Өнер, білім бәріде оқумен табылған.

Мен осындамын.

Ол – заңгер.

Ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі мен қалағандарыңды ала біл.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі.

218-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін сұрағына, тұлғасына байланыс түрлеріне, құрылысына, тұрған орнына қарай жан-жақты талдаңыз.

Екі айдай ауру едім, қазір лазаретке түсемін. Мағашты үйге қайтардым. Тезінен Мағаш мұнда келсін. Мағаш, сен бар, қамыңды бүгін жасап ал. Семейден Алматыға жүресің. Кәкітай, Дәрмен сендер де қалмаңдар. Шошынған ата көңілі тынымсыз. Малы бар да, малы жоғы да мая-мая шөпті үйіп-үйіп тастады.

219-жаттығу. Есімшеден, тұйық етістіктен болған бастауыштарды тауып талдаңыздар.

Бәйгені озған алады. Шешінген судан тайынбас. Білгенің - бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз. (Мақал.) Біздің ауылдан мұнда оқитындар көп. Оқитын – мен, тыңдайтын – ол. Принцип үшін күресу – арыз қуу емес. (З.Ш.) Барамын дегенің тағы қорлаймын дегенің емес пе? Қорлану жетті, қарағым! Мал саны үш жүзге жету шарт көрінеді. (Ғ.Мұст) Солардың бәрінен азамат өсіріп шығару – ең қиын өнер. Машинист болу да қиын, ә? (М.И.) Әй, шырақтарым –ай, ойында озған, шында да озады. (М.Ә).

54. Соөж Жақсы өмір сүргіңіз келсе...

Ешнәрсе адамға оңайлықпен келмейді, егер жақсы өмір сүргіңіз келсе, жетістікке жету үшін тек қана алға ұмтылыңыз.

Өмірдегі ең қажетті – ақша, қымбат көлік немесе банкідегі есепшотыңыздағы миллион долларыңыз емес, ең бастысы – ол алаңсыз, жақсы өмір сүру, соған ұмтылу. Өмір - демалыс емес. Адамдар тек күш жинап, қайтадан еңбекке араласу үшін ғана демалу керек. Өмірдің мәні не? Өмірдің мәні – еңбегіңнің жемісін көру, жақсы жолдас таба білу. Достық – ол әлемдегі ең үлкен сыйлық. Сол себепті достарыңызбен араласуға уақыт табыңыз. Өйткені олардың орнын сізге ешкім толтыра алмайды. Дос дегеніміз – сіз туралы барлық жайды білетін, сізді жақсы көретін ең бір керемет адам, сіздің шеңберіңізде жақында, аралас құрбы-құрдас та болуы керек. Өмір сүрудің келесі сатысы – мәдениет, тіл, ән-әуендер, салт-дәстүр, киім-кешек. Бұлардың бәрі – адам өмірінде маңызы бар құндылықтар. Былайша айтқанда, мұндағы қабілеттілік, қуат, билік, ықпал, адалдық – бәрі жақсы өмір үшін қажет. Одан кейінгі – дін мен руханилық. Бұл екеуі білдей бір ұлт тарайтын отбасын құру үшін маңызды. Өзіңіздің мінезіңіздің рухани тұстарына немқұрайлы қарамаңыз, біздің қандай екеніміз содан-ақ аңғарылады. Сонысымен де біздің жануарлардан айырмамыз бөлек. Егер жақсы өмір сүрсеңіз, оның барлығы сіздің бет әлпетіңізден-ақ байқалады, тіпті дауысыңыздан да сезіледі. Ол сіздің жеке өміріңізге де, қызметіңізге де әсер етеді. Ол сізге басқа еш нәрсе бере алмайтын өмірге деген талпыныс, қабілеттілік сыйлайды. Одан кейінгі орын алатын – отбасыңыз бен ішкі жан-дүниеңіз. Өзіңіздің туғандарыңызды жақсы көріңіз, дәл солай олардан қайтарымын көресіз. Әрбір ұсақ-түйекті қалт жібермеңіз, өйткені біздің өміріміз сол ұсақ-түйектен тұрады. Кез келген әке үйден шығар алдында ұл-қызы еркелеп, мойнына асылып, бетінен сүйсе, ол оған күні бойы күш қуат береді. Егер ері үйден шығарда әйелінің өзіне деген ықыласын сезінсе, көңілді жүреді. Бұл екі күш адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады. Сондықтан осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұл – басты құндылық. Бір данышпан айтқан екен: «Өмірде құндылықтар көп, бірақ ең басты құндылық – бір адам екінші адамға қамқорлық көрсеткен жағдай болып есептеледі». Махаббат пен сүйіспеншіліктен үлкен құндылық жоқ.

276-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Ешнәрсе адамға оңайлықпен келмейді, егер жақсы өмір сүргіңіз келсе, жетістікке жету

А) үшін тек қана армандау керек.

В) үшін тек қана ұжымның алдында жеңіс бермеу керек.

С) үшін тек қана алға ұмтылыңыз

Д) үшін тек қана лауазымы жоғары адамдармен дос болу керек.

2.Тапсырма

1.Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

2.Жақсы өмір сүргіңіз келсе... ойыңызды жалғастырыңыз.

3. Мәтіннен зат есімнің,сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.