Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Жаман жолдас

Екі дос кісі жолда келе жатып, бір аюға кездесіпті. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң, манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағаныңа не сыбырлап кетті?

Ауру айтты дейді:

- Аю құлағыма ақыл айтып сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді, - дейді.

33-тапсырма. Түрлі жағдаяттарда сөйлесіңіз

1. Үйіңізге мектепте бірге оқыған досыңыз келді, үй ішіңізбен таныстырыңыз.

2. Сіз жұмысқа жаңа қызметкер алдыңыз, ұжым мүшелерімен оны таныстырыңыз.

3. Шет елден сіздің фирмаңызбен танысуға маман келді, оны таныстырыңыз.

4. Сіз жұмысқа орналасу үшін мекемеге келдіңіз, өзіңізді таныстырыңыз

8. Л/т. Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Г/т. Тұйық етістік

Ас - адамның арқауы

Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Мәселен, Қытайдың оңтүстігіндегілер күріш, ал солтүстігіндегілер кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, ал теңізден қашық жатқан Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.

Тамақты қалай, немен жеу де әр елде әр түрлі. Мысалы, Солтүстік Америкада, Австралия мен Еуропада пышақ пен шанышқыны пайдаланса, Қытай, Жапон елдері қол таяқшамен, ал Үндістен және Таяу Шығыс елдеріндегі адамдар тамақты қолмен жейді. Қазіргі кезде азық-түлікті жер шарының бір түкпірінен екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе, жыл мезгілінің қай уақытында пайдаланғың келсе, мүмкіндігің бар. Дегенмен, кедей елдерде адамдар ашығуда, ал бай елдерде адамдар тамақты көп жейді.

Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпайды. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералды заттар, түрлі витаминдар қамтамасыз етіледі.

Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғылымда белокты протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі екен. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде айран, қаймақ, ақ ірімшік, құрт, жент, бие сүтінен - қымыз, түйе сүтінен - шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады. Сондықтан, «Ағы бардың бағы бар» деп сүті бар үй бақытты үй болып саналады.

Ал енді майға келсек, мұның түрі де өте көп. Сары май, жылқының, сиырдың қойдың, шошқанаң майы. Орта Азия халықтарының көпшілігі, сонымен бірге қазақ халқы күнбағыс, мақта майын азық-түлікке көп пайдаланады.

Тамақтың үшінші бір бөлігі - көмірсулар. Олар қанттың, крахмалдың, картоптың, нанның, жеміс-жидектің, көкөністің құрамында көп болады. Тамақтың қай түрінде болмасын, минералдық заттар (натрий, калий, кальций, фосфор) бар.

Біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су керек, өйткені адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі судан тұрады. Адамға күніне 100г белок, 85г май, 400г көмірсу қажет екен.

Сөздік

Байланысты - связаный

Қашық - далекий

Қос таяқша - палочки

Түкпір - отдаленная часть

Тасымалдау - перевозить

Дегенмен - однако

Ашығуда - голодают

Бие - кобыла

Зығыр - лен

Кем дегенде - как минимум

Шамамен - около

34-тапсырма.

  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінге сұрақтар дайындаңыз.

  3. Аударыңыз.

Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістіктің тұлғаларына -у жұрнағы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз-у, ойна-у, барғыз-у, т.б. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.

Инфинитив не указывает на время, на лицо, а указывает на характер процесса. Инфинитив образуется путем прибавления к глагольной основе суффикса – у. Например: жаз-у – писать, кел-у – приходить, жүр-у – идти, поехать и т.д. Инфинитив изменяется по падежам и числам, принимает притяжательные окончания, но не спрягается.

Мысалы: Менің бар-у-ым, біздің кел-у-іміз-ді, олардың айт-у-лар-ы.

30-жаттығу. Төмендегі етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыздар.

Айт, көмектес, жүр, отыр, жат, құй, шап, тап, тынық, сүңгі.

31-жаттығу. Тұйық етістіктің жұрнағын жазыңыздар.

Сөйле… - тек адамға біткен қасиет. Ғарышқа ұш… – теңдесі жоқ ерлік. Үлкенді құрметте…, борышын орында…, арын таза сақта…, қоғамдық тәртіпті сақта…, заңға бағын… - жас адамға қажет ізгілік. Жақсы сөйле.. – жай ғана естіртіп жақсы ойла… деген сөз. Көпіріп сөйле.. – құламай күйре….

32-жаттығу. Мақал-мәтелдерден және нақыл сөздерден тұйық етістікті тауып, мағынасын түсіндіріңіздер.

1. Білім алуға жұмсалған ақша – сақталған ақша.

2. Аузына келгенін сөйлеу -

Ақымақтың ісі,

Алдына келгенін жеу –

Айуанның ісі.

3. Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса солай қарау, немкетті ойлау деген сөз. (Л. Толстой)

4. Тіл әрқашан қырланып, мінеліп, өңделіп отыруға тиіс. (В.Гумбольдт)

5. Адамның сөйлеу өнерін дамытуда жазба сөйлеу ерекше маңызды. Өйткені мұнда сөзді санамен өңдеуге мүмкіндік көбірек болады. (Б.М.Теплов)

6.Өзара әңгімені әркім одан көп пайда көріп, көп білім алатындай етіп жүргізуі

керек. (Гераклит)

7. Әдептің басы – байқап сөйлеу. (Ахмет Иүгінекі)

8. Халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. (Ғабит Мүсірепов)

9. Тіл - халық тарихы. Тіл - өркениет пен мәдениеттің даму жолы. (А.И.Куприн)

10. Халыққа қарсы жүру – ағысқа қарсы жүзу. (Мақал)

33-жаттығу. Тұйық етістікке айналдырыңыз.

Жарыс, көндір, түсір, қарат, мөлдіре, ескір, тарық, азсын, жуындыр, қойылды, менменсі, барып кел, оқы, көріп еді, көңілден, жағалас, шық, жүгірт, сөйлес, көзде, айта сал, оралды, байқа, шарла, жарыс, барды, анықта, алыспа, жаздыр, ұйықтап қалды.

34-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Біз бірінші курста ........ Бос уақытымызда түрлі үйірмелерге ......... Бірінші семестірді тобымыз жақсы....... Бір жылдың ішінде бір-бірімізді жақсы......, тіпті достасып та ......

Керекті етістіктер: танып, қатысамыз, аяқтады, үлгердік, оқимыз

35-жаттығу. Жақшадағы тұйық етістікті осы шақ етістікке айналдырыңыз.

Мен саған (бару) жатырмын. Самат маған (айту) отыр. Ләззат хат (жазу) отыр. Сені (көрмеу) көп болды. Бала кереуетте (ұйықтау) жатыр. Мен мына кітапты (оқу) отырмын. Студенттер емтиханды (тапсыру) жатыр. Меруерт әжесіне көйлек (алу) жатыр. Бала (ояну) қалды. Мұғалім бізбен (сөйлесу) келді.