Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Үргеніш шешен мен Сырым

Үргеніштің ханы Сырымды қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты. Үргеніш шешен мынадай үш сауал қояды: - Сөз анасы не? - Су анасы не? - Жол анасы не? Сырым батыр сонда былай деп жауап беріпті: - Сөз анасы құлақ. - Су анасы бұлақ. - Жол анасы тұяқ. Үргеніш шешен тағы да: - Дау мұраты не? - Сауда мұраты не? - Қыз мұраты не? - Жол мұраты не? –– деп төрт сұрақ қояды. Сырым батыр: - Дау мұраты біту. - Сауда мұраты ұту - Қыз мұраты кету. - Жол мұраты жету деп жауап береді. Сонда Үргеніш шешен: - Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? - деп сұрайды - Сіз жан-жағыңызға қарамасаңыз, менің, қарағанымды қалай көрдіңіз? - депті Сырым.

125-тапсырма. Шешендік өнер, әдет-ғұрыптары тақырыбындағы мәтіндерді оқып, баяндап беріңіз.

Септік жалғау( падежн.формы)

Қазақ тілінде 7 септік бар.

Септіктер Сұрақтар Мысалдар (примеры)

Атау септік кім? (кто?) бала (ребенок)

(именительный падеж) не? (что?) үй (дом)

Ілік септік кімнің? (кого?) баланың (ребенка)

(родительный падеж) ненің? (чего?) үйдің (дома)

Барыс септік кімге? (кому?) балаға (ребенку)

(дательно-направительный неге? (чему?) үйге (домой)

падеж) қайда? (куда?)

Табыс септік кімді? (кого?) баланы (ребенка)

(винительный падеж) нені? (чего?) үйді (дом)

Жатыс септік кімде? (у кого?) балада (у ребенке)

(местный падеж) неде? қайда? үйде (дома)

(у чего? в чем? где?)

Шығыс септік кімнен? (от кого?) баладан (от ребенка)

(исходный падеж) неден? (от чег? из чего?) үйден (от дома, из дома)

қайдан? (откуда?)

қашаннан? (с каких пор?)

Көмектес септік кіммен? (с кем?) баламен (с ребенком)

(соединительный падеж) немен? (с чем?) үймен (с домом)

113-жаттығу. Мына сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын қосып жазыңыз.

Тәрбие, бақша, мұнай, жұмыс, егін, етік.

114-жаттығу. Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңыздар.

Аң, тіс, ат, үй, оқушы, дәрігер, газ, аудан, өнеркәсіп.

115-жаттығу. Төмендегі сөздерді тәуелдеңдер.

Мысалы: Менің ата-м. Біздің ата-мыз.

Сенің ата-ң. Сендердің аталар-ың.

Сіздің ата-ңыз. Сіздердің аталарыңыз

Оның ата-сы. Олардың аталар-ы.

Іні, бас, дәптер, ана, қыз.

116-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңіз.

Мектеп, гүл, өмір, үй, айла