Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Кино өнері туралы

Кино өнері - өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино өнері - өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады.

Кино өнері төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми-көпшілік кинематография. Көркем фильм жазушының өмір шындығын алып жазылған сценарийі бойынша актерлердің қатысуымен жасалатын шығарма. Деректі фильмге мәні зор оқиғаларды деректі түрде бейнелейтін фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып, фильм жасауды көздейді. Ғылыми-көпшілік кинематография - жаратылыс пен қоғам құбылыстарын ұғындыратын және ғылыми жаңалықтармен өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы.

Кино өнерінің даму жолы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңі - тұңғыш киноның шығу жылы мен 1914-1918 жылдар арасын қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ кинематография дүние жүзінің көп елдеріне тарады.

Кино өнерінің дамуының екінші кезеңі - 20-шы жылдар. Бұл дыбыссыз “мылқау” киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезеңі.

Үшінші кезеңі 30-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде кинопленкаға дыбыс жазу техникасы меңгерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлердің шығармашылығына кең жол ашты. Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнерінде жаңа кезең басталды. Түрлі-түсті фильм түсіру жүзеге асырылды.

Қазақ жерінде алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. 1929 жылы Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. 1934 жылдардан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. “Ленфильм” студиясы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен тұңғыш көркем “Аманкелді” фильмін жасады. Қазақтың көркем фильмінің туу тарихы осы фильмнен басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында “Ленфильм” киностудиясы, “Мосфильм” киностудиясының Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.

79-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кино өнері қандай өнер?

  1. Кино өнерінің қандай салалары бар?

  2. Кино өнерінің дамуы неше кезеңге бөлінеді?

  3. Қазақ жеріндегі алғашқы фильм туралы не айтасың?

80апсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем ойлаңдар.

Кино өнері, тұңғыш кино, дара өнер, өмір шындығы, шығармашылық дәстүрлері, творчество қызметкерлері.

81-тапсырма. Бір-біріңізбен пікір алысыңыздар.

  1. Сүйікті фильміңіз туралы әңгімелеңіз.

  2. Сүйікті актерлеріңіздің өнері туралы айтыңыз.

).

82-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

83-тапсырма. “Актер, театр” деген сөздермен сөз тіркестерін атаңыздар.

84-тапсырма. Асанәлі Әшімов ойнаған бір фильм туралы өз пікіріңізді айтыңыз.

85-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Приз фестиваля, режиссерское творчество, первая роль, человек года, обладатель приза, глубокое чувство, сыграть роль.

86-тапсырма. Сахна, сахнагер, қойылым сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

Есімдік

Есімдік - есім сөздердің орнына жүретін (зат есім, сан есім, сын есім) сөз табы.

Есімдік – сөйлем мүшелері (бастауыш, толықтауыш, анықтауыш) ретінде де қолданысқа түседі.

Мыс: Біз саған келдік.

Бұл кітапты оқығанмын.

Оны мен оқыған жоқпын

Қазақ тілінде мағынасына қарай есімдіктің 7 түрі бар.

1.Жіктеу есімдіктері. 2.Сілтеу есімдіктері. 3. Өздік есімдіктер. 4. Жалпылау есімдіктері. 5. Сұрау есімдіктері. 6. Белгісіздік есімдіктері. 7. Болымсыздық есімдіктері.

1.Жіктеу есімдіктері – негізінен заттық мағынаны білдіреді, соның қызметін атқарады. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?

Мыс: мен, сен, сіз, ол – көпше, жекеше түрі.

2.Сілтеу есімдіктері – бұл, мынау, мына, осы , сол, ол, анау, ана, әні, міне, сонау, әнеки

қай? қайсы? – сұрақтары

3.Өздік есімдіктері - өз-сөзі

Өздік есімдігі мынадай жұрнақтардан тұрады.

а) –нікі, - дікі, -өзімдікі

ә) –ше, -нше, өзімше

4.Жалпылау есімдіктері. –бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, күллі, бар, бүтін,

түгел. Мысалы: Бәріміз театрға бардық.

5.Сұрау есімдіктері –кім? не? неше? нешінші? қанша? нешеу? қандай? қай? қайсы? қайдан? қашан? қалай? қайтіп? немене? қайда?

6. Белгіздік есімдіктері: - біреу, бірдеме, бірнеше, әлдеқайда, , кейбір кейбіреу, қайсыбіреу, әрқалай-әрбір, әркім, әрне, әрқайсысы, әлдене, әлдекім, әлдеқандай,әлдеқашан, әлдеқалай, әлденеше, әлдебір, кейбіреулер.

Мысалы: Біреу есік қағады.

7.Болымсыздық есімдіктері – ешкім ,ешнәрсе, ештеме, ешқандай,

ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқалай,

ешбір, ешқайсы, ешбіреуі, ештеңе.

Мысалы: Ешкіммен сөйлеспейді, ешкімнің қасына бармады. Ол ештеңе білмейді.

98-жаттығу. Есімдіктерді мағыналарына қарай, топ-топқа ажыратып, бөліп жазыңдар.

Ешкім, бәрі, әлдеқашан, әркім, қайда, кейбір, қашан, барша, ешбір, қайсы, күллі, қалай, анау, біреу, ешқашан, қандай, бар, қай тіл, неше, әлденеше, қайсыбір, барлық, ешқандай, ешкім, ештеңе, бүкіл, өз, мына, әлдеқалай, әлдекім, әлденешеу, әрбір, қай , қанша, бірнеше, қайбір, нешеу, біреу.

99-жаттығу. Мәтін ішінен жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып, астын сызыңыздар.

Оны айтармыз, менің бір түсім бар еді. Әлде сен оқып ер жеткен соң менің «ертегімді» бұрынғыдай тыңдамайсың ба? – деді. Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, бақыт дегеніміз өзі біздің өмір екен! –деді. Е, мұның өзі онша қиын емес екен. Осы ойлармен тұрғанда, қолым қабырғадағы ойыншықтың қай жеріне тиіп кеткенін білмеймін, лып етіп, шам сөніп қалды. Бұл түнді мен бөлек бір бөлмеде өткіздім. Әлде мені ынтасыз қарсы алған әйел, енді мені момын екендігіме, анау–мынау бұраң жолым болмағандығына көзі жеткен соң, жылы тарта, шүйіркелесе сөйлесіп, балалар үйінің жайын таныстырып отыр. Сізде көп болса он бала бар шығар, ал менде елу бала бар. Шешесіз балалардың маған қарап, көздері мөлтілдей бастағанында менің де жұмысым жоқ.

100-жаттығу. Жаңылмай жауап беріңіз. Сұрау есімдіктерінің астын сызыңыздар

а) Ердің атағын кім сақтар?

Кім бұрын жұдырықтар?

Кім мыңды жығар?

Кім өкінбес?

Кім аңдамайды, кім тыңдамайды?

Керекті сөздер: ел, қорыққан, білімі толық, өзі істеген, аңқау, әңгүдік.

ә) Ырыс алды неде?

Жаманның ойыны қандай?

Еріншектің ісі неше?

Ердің сыншысы кім?

Үлкен не істер?

Кіші не істер?

Керекті сөздер: ынтымақ, екі, бастар, қостар, елі, жаман.

б) Қандай бала сүйкімді?

Ата кімге сыншы?

Кімге қанша өнер де аз?

Қандай адам тауып айтады?

Қандай адам қауып айтады?

Кімнен үйрен?

Кімнен жирен?

Керекті сөздер: өнерлі, жігітке, балаға, білген, білмеген, жақсыдан, жаманнан.

101-жаттығу. Өлең жолдарынан жіктеу, өздік есімдіктерін тауып, талдаңыз.

Мұғалім

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің, мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерде,

Үмітің гүлдер, мұғалім.

Білеміз ертең бізден де,

Өмірдің талап сұрарын.

Сонда, ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрармын!

Қиынға берік шыдармын,

Қияға талай шығармын! (Қ.Ыдырысов)

102-жаттығу. Мына сөздердің қайсысы бірге, қайсысы бөлек жазылады?

Әр(қашан), әр(кезде), әр(адам), әр(кім), әлде(неше), әлде(кім), әлде(біреу), кей(адам), әр(не), бір(адам), бір(деме), әлде(қашан), қайсы(бір), қай(бір), еш(қашан), еш(адам), еш(кім), еш(бір), еш(нәрсе), еш(теңе), бір(келкі), бір(түсті), бір(түрлі).

103-жаттығу. Көп нүктенің орнына жалпылау есімдіктерінің тиістісін қойып, жаттығуды жазыңыздар.

Қазір солардың ... балалар толып отыр. ... пішендігіміздің нақ жарымын тартып алып орғызғалы жатыр. Өлеңдерін қайталап айтысып, ... де жасы үлкен аға, Ерболдың төрелігін тілесті. Қалған топтың ... да сар желіп отырып, Абайларды қуып жетті.

... топ енді ... шапқан күйінде, құстардың соңынан кетті. «Ромео–Джульетта» трагедиясының ... сахналарын жатқа айтатын. Ол төбенің басына шыққанда, ... аттылар сәл ғана томпайып жатқан ескі моланы көрді. ... жұртты жинап, ұлан асыр той жасамақшы. Қалай да, Кәкітай ... қирата жеңіп отыр.

Керекті сөздер: барлық, бәрінде, барлығы, бәрі, барлық, бүкіл, түгел, бүтін, бәріңді, барша.

104-жаттығу. Есімдікті қайталауға арналған тапсырма.

Мысалдар

Жіктеу

есімдігі

Сілтеу

есімдігі

Сұрау

есімдігі

Өздік

есімдігі

Белгісіз.

есімдігі

Болымс.

есімдігі

Жалпыл.

есімдігі

өзіңіз

Ешқандай

Әлдеқалай

Бірнеше

Қашан

Менің

Бүтін

Дәнеңе

Әрқалай

Қайсы

Мынауың

Сіздердің

Осылар

Барша

Ешқашан

Бірдеме

Өздерің

Оларға

Барлық

Қайсыбір

Ешқайда

Бізге

Аналар

Қашан