Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдикаримов.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Басқару жұмыстарын автоматтандыру – халық шаруашылығының әр түрлі өндірістік салаларын басқаруда математикалық әдістерді, автоматтық құрылғылар мен есептеу техникасы құралдарын пайдалану. Қазіргі заманда технология­лық үдерістер өте жылдам қар­қын­мен дамуда. Өндірісті комплексті түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі халық шаруашылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. [1]

Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электрондық есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды өңдеудің оптимальдық технологиясын есептеу, участок, цех және тұтас кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы материалдар мен бұйымдардың есебін оперативті түрде жүргізу , қажетті материалдарға сұрама беру, өзіндік құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т.б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.

Менің жұмысым автоматтандырылған басқару құралы ретінде бағдарламасын құру, соның ішінде емхананың ішінде тіркеу бөлімінің автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау. Қазіргі таңда емханаларда ескірген әдіспен қызмет етіп тұр. Мысалы айта кетсек, кез-келген азамат емханаға келгенде ең алдымен тіркеу бөліміне жолығады. Бұл бөлімде әр азаматтың мәліметтері сақталады. Мәліметтерінің ішіне толық аты-жөні, тұратын мекен-жайы, білімі, ауырғандары туралы ақпарат және емдейтін дәрігерінің мәліметтері сақталады. Осы мәліметтер бір жиынға жиналып медициналық немесе амбулаторлық картаға сақталады.

Жұмыстың мақсатықазіргі таңдағы емханалардағы тіркеу бөлімдерінің қызмет көрсету жағын автоматтандыра отырып, олардың жұмысына жеңіл, әрі қолдануға оңтайлы бағдарламалық құрал еңгізу.

Жұмыстың өзектілігіемхананың тіркеу бөліміне бұл бағдарламалық құрал немесе автоматтандырылған басқару құралы тіркеу бөліміне азаматтарға қызмет көрсетуге мобильділік береді, азаматтар туралы ақпарат іздеу жылдамдығын арттырады, дәрігерді үйге шақыру және дәрілік рецепт жазып беру анықтамаларды жылдам алу.

  1. Аналитикалық бөлім

    1. Емхананың тіркеу бөліміне арналған автоматтандырылған басқару жүйесінің құру деңгейлері

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер, есептеуіш техникалар және автоматтандырылған басқару жүйелері көптеген кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде және тұрмыстық жағдайларда кең қолданылуда. Электрондық есептеуіш машинасын қолдану адамның жұмыс уақытын үнемді пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар. Тәжірибе жүзінде ЭЕМ және түрлі ақпараттық тех­нологиялар қолданылмайтын бірде-бір аймақ жоқ. Есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі артықшылығы – ол уақыт шығынын қысқарту, қате жіберу мүмкіндігін азайту және еңбек процесінің жалпы өнімділігін арттыру.

Қазіргі заманғы ақпарат технологиялар әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен араласуға, кез-келген қажетті ақпаратты тез әрі қолайлы түрде іздеп табуға, оларды өңдеуге мүмкіндік беретін ба­рын­ша күрделі әрі жоғары технологиялық жүйе болып табылады.[5] Автоматтандырылған басқару жүйесі кез-келген адамға өзі туралы, басқа адам туралы немесе қандай да бір нәрсе, тауар, мекеме, кәсіпорындар туралы мобильді түрде әрі жылдам мәлімет алу және қандай да бір мәліметтерге байланысты жүріп жатқан процесстермен басқару болып табылады.

    1. Қазіргі таңдағы басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі. Автоматтандырудың негізгі құралдары.

Өндірісті комплексті түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі халық шаруашылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізігі 3 жүйесі бар:

  • басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын (Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Орталық статистика басқармасы, сауда, ауыл шаруашылық, әкімшілік органдары) қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;

  • өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;

  • бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өңдейтін және олардың жұмысын жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.[2]

Мысалы, АҚШ-та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90%-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық процестерді оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, процестерді тек оптимальды технологиялық режимде ғана емес, оптимальды экономикалық режимде де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа типі – автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.

Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан басқа сан алуан арнаулы жабдықтар қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:

  1. Мәлімет тіркегіш машиналар – перфораторлар, жазу машинасы, тіркеуіштер, өнімнің саны мен сапасын есепке алатын автоматты санауыштар басқарылатын процестердің өтуі туралы мәлімет беретін сигналдық аппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, стенографиялық машинкалар, документті көшіру әрі көбейту аппаратуралары т.б.;

  2. Мәліметтерді өңдейтін машиналар-клавишті есептеуіш машиналар, фактур жинақатуыш табулятор т.б. аналитикалық есептеуіш машиналар;

  3. Mәлімет түрлендіретін жабдықтар – конверторлар, оптикалық және басқадай оқу, кодтау құрылғылар, перфокартадан перфолентаға және керісінше көшіріп жазатын құрылғылар, фикрофильмдеу және микрокарта оқу аппаратуралары т.б.;

  4. Mәлімет шығару жабдықтары – декодтауыш құрылғымен біріктірілген автоматтық перфорациялауыш машиналар, автоматты басу машиналары т.б.;

  5. Mәлімет іздейтін және оны сақтайтын жабдықтар – картотека сұраптағыштар, документ іздеу машиналары, көп таңбалы сандарды жинақтай алатын және сыйымдылығы көп еске сақтау құрылғылары бар арнаулы мәліметтік электрондық машиналар;

  6. Байланыс жабдықтары – телеграф, телефон, радио аппаратуралары, ішкі байланыс және сигнализация құралдары – директорлық және диспетчерлік телефон коммутаторлары, ішкі АТС, селекторлар, электрлік, механикалық және пневматикалық тәсілдермен документ беру құралдары т.б.[3]